Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет175/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

-мақ/-мек жұрнақты етістіктерді өлең тіліне жиі қатыстыруы 
дәлел бола алады. Алдыңғы тұлға көбінесе көлгірсу реңкі бар 
модальдық құрал ретінде жұмсалса, соңғы -мақ/-мек жұрнақты 
сөздер өлеңге динамикалық сипат беру мақсатымен неме-
се дерексіз ұғым атауларын молынан сөз ететін өлеңдерінің 
философиялық мазмұнын таныту мақсатымен жұмсалған. 
Сұраулық шылауымен келген сөйлемдерді қолдануда Абайда 
жай сұрай салу мақсатында емес, белгілі бір стильдік мақсатта 
поэтикалық жүк арқалай қолданылған. Мысалы, «Сұм дүние 
тонап жатыр, ісің бар ма? Баяғы күш, баяғы түсің бар ма? Алды 
– үміт, арты – өкініш, алдамшы өмір Желігін жерге тықпас 
кісің бар ма?», «Балалық өлді, білдің бе? Жігіттікке келдің бе? 
Жігіттік өтті, көрдің бе?» сияқты жолдардағы сұраулық шы-
лауымен келген сөздер алдыңғы айтылған идеяны (сұм дүние 
тонап жатыр... балалық өлді) күшейте түсіп, өзіне назар ау-
дартады, яғни бұлар – шындықтың баяндалуы ғана емес, сол 
шындық арқылы өмірі баянсыз, мақсатсыз, күйбеңмен өткен 
адамбысың, әлде керісінше ме деген идеяны білдіреді. Абай 
поэзиясында кейбір нактылы ұғыматауларын поэтизмге ай-
налдыру көзге түседі. Мысалы, ақын өлеңдерінде бейтарап 
мағыналы жүрек, сөз деген сөздер әрі өте жиі қолданылып 
(жүрек – 156 рет, сөз – 376 рет) әрі өздерінің тура мағынасынан 
гөрі ауыспалы мағынада (жүрек – «адамның өзі, ішкі дүниесі, 
қасиеті», сөз – «поэзия, ой-пікір») келген. Абайда объектіні әр 
тұрғыдан сипаттау басым, сондықтан ол теңеудің дәстүрлісін 
де, өзі қолданған жаңаларын да пайдаланды. Абай поэзиясы 
теңеулердің молдығымен ғана әсерлі емес, соны түрлерімен де 
құнды. Ақын теңеулері оның дүниетанымының, философиялық 
тұжырымдарының айнасы, сол айнаны тіл құралымен көрсетуде 
теңеулерді пайдаланған және бұл қолданыстың бір ерекшелігі 
– теңеудің әдеттегі тілдік амалы -дай/-дей жұрнақты тұлғаны 
немесе секілді (сияқты, тәрізді) сөздерін көп қолданбауы, ол 
теңеуді көбінесе тұжырым, констатация арқылы беретіндігі. 
Мысалы, «Төңкеріліп құбылған жұрт – бір сағым», Жүрек – 
теңіз, қызықтың бәрі – асыл тас», «Өткір тіл – бір ұялшақ қыз 
болмай ма?» т.б.
Абай өзіне дейінгі сан ғасыр «эстетикалық таңбалардың» 
шоғырын жинап келген қазақ поэзиясы мектебінің барша 


373
көркемдеуіш-бейнелеуіш құрал-тәсілдерін дұрыс танып, 
жақсы қабылдап қана қоймай, оның көп тетігін қайта бұрап, 
көп кетігін жаңадан қалады, яғни поэтикалық құралдарды 
пайдалану принциптеріне, әдіс-тәсілдеріне өзгерістер енгізді, 
кейбіреулерін жүйеге айналдырды, жаңаларын қосты, барла- 
рының аясын кеңейтті. Абай поэтикасы қазақ өлеңінің бұрынғы 
көркемдік дүниесінің синтезі ғана емес, жаңа кезеңінің, 
классикалық жазба түрінің бастамасы, кейінге жол салған 
үлгісі болды.
Ұйқас 
Өлең тармақтарындағы аяққы сөздердің дыбыстас естілуі, 
үндестігі. Жалпы ұйқас ырғақты күшейтеді, тармақ жіктерін 
ажыратады. Ұйқас өлең жолдарын бір-біріне көгендейді, 
өлеңнің шумақ, тирада сияқты бөліктерінің әрқайсысын бір 
бүтін етіп тұтастырады, сондықтан әр шумақтың немесе әр 
тираданың ұйқасы, суреті өз алдына бөлек-бөлек болып келеді. 
Қазақ өлеңі, оның ішінде Абай өлеңдері де аяққы ұйқасқа 
құрылған. Абай өлеңдерінде ұйқастың қазақ әдебиеті теория-
сында айтылатын түрлерінің (қара өлең ұйқасы, шұбыртпалы, 
ерікті, кезекті, шалыс, егіз, аралас ұйқастар) бәрі бар. Абайдың 
өрен ақындық шеберлігі мен жаңашылдығының көрінісі – 
өлеңнің шумақты-шумақсыз құрылымына, сондай-ақ шумақты 
өлеңдерінің неше тармақтан тұратындығына қарай ұйқас 
суретін құбылту. Ақынның 4 тармақты, 7-8 аралас буын-
ды өлеңдерінің көпшілігі -а, -б, -а, -б суретті шалыс ұйқасқа 
құрылған. Мысалы:
Желсіз түнде жарық ай,а 
Сәулесі суда дірілдеп. 
- б 
Ауылдың жаны терең сай, - а
Тасыған өзен күрілдеп.
 - б
Абайдың 4 тармақты бірөңкей 7 буынды немесе бірөңкей 8 
буынды өлеңдері -а, -б, -а, -б және -а, -а, -б, -а суретті ұйқаспен 
жазылған. 6 тармақты, шумақты кейбір ұйқас өлеңдері -а, -б, 
-а, -б, -в, -в түрінде келеді, бұл да Абай шығармаларынан ба-
сталатын ұйқастың түрі:
Ғашықтық іздеп тантыма - а 
Аз күн әуре несі іс
- б 


374
Өзіңнің қара артыңа,
- а
Өткен өмір бейне түс.
- б 
Өлгенше болар бар ма дос, - в
Қуаныш, қайғы – бәрі бос. - в
6 тармақты, шумақты өлеңдерінің кебі -а, -а, -б, -в, -в, -б 
ұйқасымен келеді:
Бойы бұлғаң,
а
Сөзі жылмаң, 
 
- а
Кімді көрсем, мен сонан, - б
Бетті бастым,
- в
Қатты састым,
в
Тұра қаштым жалма-жан. - б
6 тармақты 11 буынды, шумақты «Мен жазбаймын өлеңді 
ермек үшін» деген өлеңі әдеттегі қара өлең ұйқасымен (-а, -а, 
- б, -а) басталады да, қалған 2 тармағы -в, -а болып жалғасады. 
Мұндай өлендердің буын өлшемдері де, ұйқас суреті де, тіпті, 
шумаққа топталуы да – Абай енгізген жаңалықтар, Абайдың 
дара қолтаңбасы болып табылады. Ақынның өлең құрылымы 
буын саны, ұйқас жағынан бір өзіне тән қолтумасы 14 
тармақты, шумақты өлеңдері болса, олардың ұйқасы – мүлде 
басқаша, бұрынғы қазақ өлеңдерінде (тіпті, Абайдан кейін 
де) кездеспеген сурет. 14 тармақтан тұратын «Сен мені не 
етесің?..» өлеңінің 1-шумағы синтаксистік құрылымы жағынан 
өз ішінен 2-ге бөлінеді де -а, -б, -б, -в, -г, -г, -а, -а, -д, -д, -г, -г, 
 ұйқасымен келеді:
Сен мені не етесің?
а
Мені тастап,
 
- б
Өнер бастап
 
- б
Жайыңа
- в
Және алдап,
 
- г
Арбап
- г
Өз бетіңмен кетесің
- а
Неге әуре етесің?
- а
Қарсылыспай, 
- д 
Басылыспай,
- д 
М.Байыңа,
- в 
Жәнежаттан
- г 
Бай тап
г
Өмір бойы қор етесің. а


375
Синтаксистік құрылымы мен композициялық құрылысы, 
ырғағы мен ұйқас суреті жағынан қазақ поэзиясына Абай 
әкелген соны дүниелер – оның сегізаяқтары, яғни, 8 тармақты, 
шумақты 3 өлеңі. Бұлардың ұйқас суреті – -а, -а, -б, -в, -в, -б, 
-г, -г. Мұндағы -а, -а, -в, -в, -г, -г ұйқасымен берілген тармақтар 
өзара бір-бірімен синтаксистік әрі мағыналық жұптар 
түзеді. Абай поэзиясындағы ұйқасқа қатыстырылған сөздер 
өлеңнің мазмұнына, ойына, стиліне тікелей қатысты болып 
келеді. Оның сатиралық өлеңдерінде адамның мінез-құлқын 
жағымсыз жақтан көрсететін сөздердің бір тобы – еліктеуіш, 
бейнелеуіш сөздер. Сондықтан ақын «Қалың елім, қазағым, 
қайран жұртым» деген өлеңін бастан-аяқ қыртың, мұртың, 
тырқың, жырқың сияқты жағымсыз бейнелі сөздердің 
ұйқасына құрады, жұртым, ұртың, кұлқың деген мәнді, «боя-
усыз» сөздерді соларға ұйқастырады: далпылдап, жалпылдап, 
бартылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарқылдап. «Болыс бол-
дым, мінеки» деген өлеңінде, бос салақтап, бұтып-шатып, 
Құдай атып деген сияқты бейнелі сөздер жағымсыз бейне жа-
сау үшін ұйқасқа алынады. Тек жағымсыз бейнелерді жасауға 
ұйқасатын сөздерді таңдап алу – Абай шеберлігінің бір қыры. 
Мысалы ; «Единица – жақсысы, Ерген елі – бейне нөл.., Еди-
ница кеткенде, Не болады өңкей нөл» деген ойды бір өлеңнің 
өзегі еткен Абай орыстың «ноль» сөзін бейне етіп қазақ поэзи-
ясына енгізеді де оған ой екпінін түсіру үшін өлеңді бастан-аяқ 
осы сөздің ұйқасына құрады. Абай портрет жасауда да, пей-
заж беруде де ұйқасты шебер пайдаланады. -ып/-іп жұрнақты 
өткен шақ көсемше тұлғасымен келген етістік ұйқастардың 
барлығы дерлік – бейнелі қолданыстар, олар жазды күнгі ауыл 
суретін беруге (Ат, айғырлар, биелер Бүйірі шығып ыңқылдап, 
Суда тұрып шыбындап...), көбінесе, адамдардың қимыл-әрекеті 
арқылы олардың портретін жасауға қолданылады. Абайдың 
жалпы етістік тұлғаларын өлең ұйқасына алып, бейне жасауға 
қатыстыруы – бұрыннан келе жатқан поэтикалық амалды 
нығайтып, одан әрі дамытуы болса, екінші жағынан, оның өзіне 
тән қолтаңбасы. Өйткені Абай пайдаланған етістік ұйқастар 
– байырғы қазақ поэзиясындағы ашық райдағы тиянақты ба-
яндауыштар емес (барады, алады, қалады сияқты), -ып/-іп 
жұрнақты тиянақты да, тиянақсыз да болып қызмет атқаратын 


376
көсемшелер, да шылауымен келген шартты рай тұлғасы (Жарқ 
етпес кара көңлім не қылса да, Аспанда ай менен күн шағылса 
да...), барыс септіктегі -ыу/-іу жұрнақты тұлғасы («Интернат-
та оқып жүр» деп басталатын өлеңінің ұйқастарын қараңыз), 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет