377
Бұл өлеңнің әр бөлігінде тармақ сандары ғана әркелкі емес,
ұйқас суреттері де әртүрлі: 8, 10, 12 тармақты бөліктер -
а, -а, -б,
-а, -в, -а, -г, -а, -д, -а болып ұйқасса, 4 тармақты 2 бөлік
-а, -б, -в,
-б ұйқасымен келеді. Соңғы ұйқас суреті өте сирек, ол өз алды-
на жеке шумақ не тирада құрастырудан гөрі, тұтастың сынығы
іспетті. Абайдың бірқатар өлеңі тирада құрылымымен келген.
Ұйқасына қарай топтасқанда «Ғылым таппай мақтанба»
деп
басталатын өлеңі 2-ақ бөліктен тұрады: біріншісі – 43 тармақты
бір тирада болса, 2-бөлігі – 34 тармақтан құрылған бір тирада.
Сол сияқты Абайдың «Бөтен елде бар болса...»
деп басталатын
өлеңі 17 бөлікке бөлінген, 17 тирадағы құрылған шығарма деп
тануға болады. Мұндағы әр бөліктің жігін айырып тұрған –
ұйқастырылған сөздер. Әр бөлік тирада болғандықтан, тармақ
сандары әртүрлі: бірінде көп, бірінде өте аз. Тирадаға құрылған
өлеңдердің қатарына «Сап, сап, көңлім, сап, көңлім», «Болыс
болдым, мінекей» т.б. өлеңдері жатады.
Достарыңызбен бөлісу: