12
яғни мектептер мен медреселерде және ауыл молдаларында
мұсылманша оқу, екіншісі – үкімет тарапынан ашылған школ-
дар
6
мен училищелерде және орыс мектептерінде азаматтық
білім беру. Бұлардың қай-қайсының да саны аз болды және олар-
да оқығандар да көп болмады, дегенмен жыл сайын ұлғая түсіп
отырды. Мысалы, Ішкі Ордада үкімет школдарында 1891/92 оқу
жылында небары 160 қазақ баласы оқыса, 1898 жылы 573 бала
оқыпты
7
. Азаматтық оқу-білім беру ісі Қазақстанның солтүстік-
батыс аудандарында едәуір жақсы жүргізілді. Мұнда тұңғыш
ағартушы-демократ Ыбырай Алтынсариннің рөлі мен қызметі
айрықша болды. Үкімет школдарының көпшілігінің жанында
интернат болды
(Интернатта оқып жүр Талай қазақ баласы –
Абай). Бір кластық және екі кластық деп бөлінетін бұл школдар
5-6 жылдық программамен қазақша-орысша азаматтық жалпы
білім беруді көздеген. Бұлар мұғалімдерді, хат жүргізушілерді,
тілмаштарды және әкімшілік аппаратының кіші чиновниктерін
даярлап шығаратын болған. Бұл мектептер де сан жағынан көп
емес. Бүкіл Қазақстанда XIX ғасырдың II жартысында небары
100 шақты орыс-қазақ школдары болып, оларда 4000-ға жуық
бала оқыған
8
. Кейбір отаршылдық мақсат көздегенімен, бұл
школдардың маңызы зор еді. Алғашқы қазақ ағартушылары
мен интеллигенциясы осылардан тәрбиеленгендер және
қазақ халқын орыс мәдениетімен, әдебиетімен, тілімен жақын
таныстырған осы мектептер болды.
Қазақ халқының мәдени өмірінде зор маңызы болған
екінші құбылыс – кітап басу ісінің айтарлықтай өсуі. Егер
бүкіл XIX ғасыр бойына қазақ тілінде 70-80 кітап шыққан
болса, олардың дені ғасырдың II жартысында басылды
9
.
Бұл кітаптардың көпшілігі көлемдері шағын, өздері араб
әрпімен басылды. Әрине, бұлардың ішінде орыс шрифтісімен
шығарған Ы.Алтынсариннің «Киргизская хрестоматиясы»
мен орыс оқымыстыларының кітаптары оқшау тұрады. Араб
6
Мұсылманша діни білім беретін сол кездегі
мектеп дегендерден ажырату үшін
өткен ғасырдағы тіл тәжірибесінін үлгісімен біз де әдейі
школ деп атап отырмыз. Ол
туралы толығырақ «Лексика» бөлімінен 220-бетті қараңыз.
7
Тажибаев Т. Просвещение и школы Казахстана во ІІ половине ХІХ в. - Алма-Ата,
1962.
8
Қазақ ССР тарихы. - Алматы, 1957. - 1-бөлім. - 451-б.
9
Достарыңызбен бөлісу: