Р. Сыздык 1-том indd


Абай және қазақ әдеби тілі



Pdf көрінісі
бет8/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Абай және қазақ әдеби тілі
Абайдың қазақ әдеби тілі даму тарихындағы алатын орны 
туралы қазіргі қоғамдық ой-пікірімізде негізгі бір тұжырымы 
бар, ол: «Абай – қазақтың қазіргі жазба әдеби тілінің іргетасын 
қалаушы» деген қағида. Тұжырым біреу болғанмен, оған жа-
нама көптеген мәселеге қатысты көзқарастар мен пікірлер 
әрқилы. Солардың бірқатарын атап көрсетіп, күн тәртібіне 
ұсынамыз, енді бірсыпырасы жөнінде өз топшылауларымыз 
бен тұжырымдарымызды білдіреміз.
Ең алдымен, «әдеби тіл» және «жазба әдеби тіл» туралы 
ұғым- түсініктеріміз анық, айқын және бірдей емес. Бірқатар 
зерттеушілеріміз «Абай – қазақ жазба әдебиетінің атасы» дей 
отырып, оған дейін қазақтың әдеби тілі болған жоқ деген кон-
цепцияны ұсынады. Тіпті «Абайға дейінгі қазақ ақындарының 
ішінде ең шоқтықтары биік Бұқар, Шортанбай, Дулаттардың 
тілі әдеби емес» деген тұжырымдар бар: «В языке Шортанбая, 
Бухар жырау и других мы видим, во-первых, некоторый от-
тенок жаргонной речи, во-вторых, необработанность. На этом 
основании мы не можом считать их произведения образца-
ми подлинно литературного языка»
13
. Керісінше, М. Әуезов, 
С.Мұқанов, Қ. Жұмалиев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев т.б. сияқты 
ғалымдар Абайға дейінгі тарихта әзірге аты белгілі ақын-
жыраулардың қазақ әдеби тіліндегі орнын жоғары бағалайды. 
Демек, қазақтың тілін әдеби дәрежеге көтеріп, әрі қарай дамы-
туда олар, идеологияларының қайшылықтарына қарамастан, 
әрқайсысы белгілі рөл атқарып, үлес қосқандарын айтады. 
Және «сөздері бірі жамау, бірі құрау» деп сынай отырса да, 
бұл ақындар Абайға тіл жағынан, яғни көркемдеу шеберліктері 
жағынан әсер етпей қоймағаны да айтылады. М.Әуезов бұл 
ойды ашық білдіреді: «[Абай] хотя боролся против феодально-
патриархальной идеологии таких поэтов, как Бухар, Шортан-
бай, Дулат, и высказывает о них кое-какие критические сужде-
ния, все же он не мог пройти мимо особенностей их литератур-
ного дарования»
14
. С.Мұқанов та бұларды: «өзінен бұрынғы 
13
 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. - Алма-Ата, 
1959.
14
 Ауэзов М. Вопросы казахского литературного языка // Дружба народов. - 1951. 
- № 6.


23
қазақ фольклорын идея жағынан да, көркемдік жағынан да, тех-
ника жағынан да тереңдете алмады», «мән-мақсаттары жадағай 
болды», – дей отырып, Абайға дейінгі қазақ ақындарының 
«екпіндеген жүйріктері», «талапты ақындар» деп бағалайды
15

Қ. Жұмалиев Шортанбайды қазақ поэзиясына (тілі жағынан) 
пәлендей үлес қосты, байытты деп айта алмайтындығын, бұл 
жағынан Шортанбайдың Дулатқа тең келмейтіндігін айта оты-
рып, Дулаттың қазақ әдеби тіліндегі орнын жоғары көтереді. 
«Дулат – өз кезіндегі әдебиеттің, оның поэтикалық тілінің да-
муына елеулі еңбек сіңірген адам»
16
. «Абайға дейін де қазақ 
әдеби тілінің үлгілері болды» дегенді І.Кеңесбаев та айтады
17
.
Демек, «қазақтың халықтық тілінің әдеби нормалары Абайға 
дейін де болған» деген белгілі бір шамада пікірлер бар. Және 
бұл жердегі «әдеби» деген терминді зерттеушілердің көпшілігі 
қазақтың «жазба әдеби тілі» және «кітаби тіл» деген категория-
лардан бөлек алып пайдаланады. Көпшілік мамандар қазақтың 
жазба әдеби тілін Абай мен Ыбырайдан, тіпті кейбіреулер 
«Дала уалаяты газетінен»
18
бастайды. Ал «кітаби тіл» деген 
мүлде өз алдына бөлек дүние деп қаралады, оны «шағатай 
тілі» деп аталатын ортаазиялық жазба әдеби тіл дәстүрімен 
астарласып жатқан тіл» деп табады. Сонда Абайға, Ыбырайға, 
тұңғыш баспасөзге дейінгі «қазақ әдеби тілі» дегенді қандай 
ұғымда түсінуіміз керек? Ауыз әдеби тілі ме (жазба дегеннің 
антонимі ретінде)? Ол күнде «ауыз әдебиеті тілі» және «ау-
ызша әдеби тілі» деген ұғымдарды қалайша түсініп, қалайша 
атауымыз керек? Бұл мәселелерді ешкім осылайша тікелей 
коймаса да, олар әр тұста, әр зерттеушіге өздері туралы 
білдіріп, еріксіз атау іздеттіріп қояды. Мысалы, әдебиеттану 
саласында Бұқардан бастап Абайға дейінгі 200-ге тарта қалам 
иесінің мұрасын ауыз әдебиетіне де, жазба әдебиетке де ашып 
жатқыза алмағандықтан, «тарихи әдебиет» деп те атап жүр. Ал 
сонда тілдері қай әдеби тіл типіне жатпақ? «Тарихи тіл» де-
ген әдеби тіл категориясын ұсыну керек пе? Кейбір ғалымдар 
15


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет