Р. Сыздык 1-том indd



Pdf көрінісі
бет5/180
Дата19.02.2023
өлшемі1,9 Mb.
#69286
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
Абай Р Сыздықова

Бекхожин Қ. Қазақ баспасөзінің даму жолдары. - Алматы, 1964. - 25-б.


13
әрпімен қазақ тілінде шыққан кітаптардың бірсыпырасы ис-
лам дінін уағыздайтын әдебиет болса, бірқатары азаматтық 
тақырыптағы әдебиет еді. Әсіресе, бұл кезде қазақтың ертеден 
келе жатқан бай ауыз әдебиеті үлгілерінің кітап болып баспа 
бетін көруі – қазақ халқының сол тұстағы мәдени дүниесіндегі 
мәнді оқиға еді. «Қамбар», «Алпамыс», «ҚызЖібек», «Қозы 
Көрпеш - Баян сұлу», «Ер Тарғын» тәрізді көлемді эпостардың, 
жеке ертегі, мақал-мәтелдердің баспа бетін көруіне Радлов, 
Березин, Ильминский, Алекторов, Васильев тәрізді орыс 
ғалымдары мен ағартушыларының еңбегі ерекше. Бұның 
қазақ тілі, оның ішінде әдеби тілі тағдырына тікелей әсері 
мен қатысы болды. Әрқайсысы қазақтың кең даласының әр 
бұрышында пайда болып, ауыздан ауызға көшіп сақталып 
келген бұл бай мұра қазақтың әдеби тілдік нормаларын тегіс 
таратуда, жалпыхалықтық нормаларға айналдыруда бұрыннан 
қандай қызмет атқарып келсе, енді кітап арқылы бұл маңызын 
күшейте түсті. Бұл кезеңде кейбір (Дулат, Шортанбай, Мұрат 
т.б.) қазақ ақындарының шығармалары жеке кітап болып шыға 
бастады.
Қазақ халқының мәдени өмірінде бұрын болмаған оқиға 
– ана тілінде баспасөздің, яғни газеттердің шығуы да осы 
дәуірде жүзеге асты. Қазақтың тұңғыш баспасөз органдары
– «Түркістан уалаятының газеті» мен «Дала уалаятының газе- 
тінің» маңызы, орны, әсері айрықша. Сондай-ақ Орынборда 
шыққан «Тургайская газетаның», Омскідегі «Степной край», 
«Сельско-хозяйственный листок» дегендердің қазақша аудар-
малары да қазақ мәдениеті, әдебиеті, тілі тарихында орын ала-
тын дүниелерден саналады. Алғашқы қазақ баспасөзінің патша 
үкіметінің ресми органдары болғанына қарамастан, бұларда 
бұйрық, жарлықтардан басқа көркем әдебиет пен ауыз әдебиеті 
үлгілері, орыс, шығыс әдебиеттерінен аудармалар басылып 
тұрды. Сондай-ақ қазақ корреспонденттерінің жергілікті 
жердегі халықтың қоғамдық, мәдени өміріне қатысты хабарла-
ры жарияланып тұрды. Және бір жақсы нәрсе – тарихи-ғылыми 
еңбектерден үзінді аудармалар да басылды. Қысқасы, мысалы, 
«Дала уалаяты газеті» материалдары ресми және ресми емес 
екі топқа (рубрикаға) бөлінді де, алғашқысы – қазақ тіліндегі 


14
сол кездегі рссми-кеңсе стилін, соңғысы – көркем әдебиет, ғы- 
лыми әдебиет және публицистикалық әдебиет стильдерін көр- 
сетуде, жоқтарын жасап, қалыптастыруда айрықша рөл ат- 
қарды.
XIX ғасырдағы Қазақстанның мәдениет дүниесінде болған 
игілікті істің бірі – орыс ғалымдарының қазақ тілін зерттеп, 
солар бойынша еңбектер жариялауы. Олардың ішінде 
Н.И.Ильминскийдің 1861 жылы Қазанда шыққан «Материа-
лы к изучению киргизского наречия» деп аталған еңбегі қазақ 
тілінің тұңғыш грамматикасы болып табылады. Бұл кітапта 
берілген қазақша-орысша сөздік те – сол тұстағы қазақ лек-
сикасын регистрациялаған құнды материал. Одан кейінгі 
Радловтың, Мелиоранскийдің, Васильевтің, Алекторовтың 
қазақ тілі грамматикасын талдап жазған еңбектері де – құнды 
мұралар. Бұлар сол кездегі қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу 
тілінің фонетикалық жүйесі мен грамматикалық құрылысын өз 
кезеңіне сай дәрежеде бірқыдыру дұрыс суреттеп берді.
ХІХ ғасырдың ІI жартысында құрастырылып бастырылған 
әр алуан қазақша-орысша, орысша-қазақша сөздіктер мәде- 
ниетіміз бен тіліміздің тарихындағы көңіл аударарлық істер 
болды.
Абай өмір сүрген тұс қазақ даласындағы саяси-әлеуметтік 
күштердің арасындағы идеологиялық қайшылықтардың әрі 
қарай шиеленісе түскен кезеңі болды. Әлеуметтік ой-санада 
негізгі екі түрлі бағыт өмір сүрді: бірі – реакцияшыл-кертарт-
па, екіншісі – ағартушы-демократтық.
Реакцияшыл-кертартпа бағыттағылар бай-феодалдардың 
идеологиясын жақтап, көне феодалдық шаруашылық түрлері 
мен ел билеу системасын сақтауды қоштады. Сондықтан қазақ 
даласына келген күллі әлеуметтік-экономикалық жаңалықтар- 
ға қарсы шықты, бұл әрекеттері орыс мәдениетін жатырқау 
тенденциясын туғызды. Идеологиялық күрестері де ислам 
дініне иек артты. Қазақ арасына ислам дінін күшейтуге атсалы-
сты. Бұл бағыттың өкілдері, негізінен, әдебиет қайраткерлері 
– ақындар болды. Олардың басты-бастылары: Шортанбай 
Қанайұлы (1818-1881), Дулат Бабатайұлы (1802-1874), Мұрат 
Мөңкеұлы (1843-1906).


15
Үстем феодал табы идеологтарының келесі бір тобы жоға- 
рғылардан біраз ерекше тұрды. Олардың кейбіреулері (Әубәкір 
т.б.) қазақ феодалдарының мүддесін көздей тұрса да, заман 
ағымын бағдарлап, Қазақстанның Россия қоластына кіру 
ісіндей жағымды сәттерді теріске шығармады, орысша білім-
ғылым үйренуге де қарсы болмады. Сөйте тұра олар мұсылман 
дінін қазақ арасына жайып, нағыз уағыздаушылар болды. Олар 
халықты оқу-білімге шақырғанда, ең алдымен, дін оқуды еске 
тұтты. Бұл топтың ішінде айтарлықтай талантты ақындар да 
(Әубәкір Кердері) және бір алуан ақынсымақ молдалар да бол-
ды.
Сөз етіп отырған кезеңде сахна төріне шығып айқын 
көрінген демократиялық идеологияны жақтаушылар болды. 
Олар қазақ еңбекшілерінің мүддесін көздеп, азаматтық білім 
беруді, шаруашылықтың прогрессивтік түрлерін қолдануды 
(егіншілік пен отырықшылықты) қолдады. Орыс мәдениетіне 
иек артты. Кертартпа феодалдық идеологияға қарсы шықты. 
Бұл топтың ішінде Абай сияқты ірі ақын да, Шоқан Уәлиханов 
тәрізді ғалым да, Ыбырай Алтынсарин тәрізді ағартушы-
педагог та және қазақ интеллигенциясының өзге де өкілдері 
болды.
Осы екі бағыт бұлкездегі тіл мәдениетіне тікелей ықпалын 
тигізді: тіл практикасында да аралары ажыраған екі тенден-
ция пайда болды. Демократтық-прогрессивтік идеология-
ны жақтаушылар қазақтың жалпыхалықтық сөйлеу тілі мен 
әдеби тілін (ауыз әдебиеті мен көркем әдебиет тілін) негіз етіп 
алды да, соны пайдаланды, әрі қарай дамытты. Феодалдық-
патриархалдық бағыттағылардың да бірқатары (Дулат, Шор-
танбай, Мұрат т.б.) қазақ әдеби тілін қолданды, ал қалғандары 
ислам дініндегі күллі түркі халықтарына ортақ тіл деп тапқан 
«түркі» тілін, қазақ филологиясында «кітаби тіл» деп атанған 
тілді негіз етіп, оның таралуына, орнығуына әрекет жасады.
* * *
Міне, Абай заманындағы бұл айтылған саяси, әлеуметтік, 
экономикалық, мәдени және идеологиялық жайттар бірі 
тікелей, енді біреулері жанамалай қазақ тілінің сол тұстағы 


16
күй-қалпы (статикасы) мен даму-қозғалысына (динамикасына) 
әсер етіп, астарласып жатты. Ол әсер әсіресе, лексика сала-
сында күшті болды. Қоғам өмірінен шығып қалған қатынастар 
мен құбылыстар, әлеуметтік топтар өздерімен коса атауларын 
да ілестіре ала кетіп сахнадан түсіп жатса, жаңалары ондаған, 
тіпті жүздеген жаңа сөздерге дем берді, дүниеге келтірді. Бұл 
әсер мен астарластық жалғыз лексика саласында емес, тілдің 
жалпы даму бағытында, өзге тілдермен қарым-қатынасында
да болды. Мысалы, кітап бастыру ісі кітаби тілдің де, халық 
тіліне негізделген жазба әдеби тілдің де дамуына күшті се-
бепкер болды. Жаңа демократтық идеологияның туып да-
муы халықтық негізді әдеби тілдің күш алуына ат салысты. 
Қазақ даласына келген азаматтық оқу-білім қазақ тілінде 
педагогикалық әдебиеттің пайда болуына, сол арқылы оқу-
педагогикалық стильдің, шағын көркем проза стилінің жа-
сала бастауына себепкер болды. Баспасөз қазақ тілінің пуб- 
лицистикалық стилінің алғашқы нышандарын көрсетті. Демо- 
краттық пікірдегі ойшылдардың прозасы (мысалы, Абайдың 
«Қара сөздері») ғылыми-публицистикалық стильдің пайда бо-
луына әкелді.
Сөйтіп, заман қозғалысы тілді де қозғады. Бір-біріне 
қарама-қарсы екі идеологиялық күрес үстінде қазақтың жаз-
ба әдеби тілінің тағдыры тартысқа түсті. ХІХ ғасырдың ІI 
жартысындағы қоғамның әлеуметтік рухани өмірі «қазақтың 
жазба әдеби тілінің негізі жалпыхалықтық тіл белгілеріне 
сүйенуі керек пе, жоқ, әлденеше ғасыр бойы түркі халықтарына 
дәстүрлі болып келе жатқан кітаби тіл нормаларын алу керек 
пе?» деген өмірлік, саяси және идеологиялық астары бар үлкен 
мәселені күн тәртібіне қойды.
* **
Абай қаламынан шыққан әдебиет дүниелерінің тілін жеке 
алып суреттемес бұрын, сол Абай тұсында, айналасында 
қазақ тілінде тағы да қандай әдебиеттер
10
болды дегенді са-
нап алуға тура келеді. Өйткені Абай шығармаларының тілі – 
10
Әдетте, көбінесс әдебиет деген сөзді «көркем әдебиет» деп ұғатын жайымыз 
бар. Ал, шындығында, бұл термин – күллі жазылған дүниені білдіретін жалпы атау, 
көркем әдебиет – солардың бір түрі ғана. Біз де әдебиет сөзін осындай терминдік 
мәнде қолдандық.


17
автономиялық тіл емес. Оның қаншалықты ерекшелігі, тіпті 
артықшылығы болғанмен, ол өз заманындағы жалпыхалықтық 
тілмен, өзге әдебиеттер тілімен астарласып, тамырласып жа-
тады. Сондықтан Абай лексикасын өз айналасынан оқшау 
жұлып алып талдау мүмкін емес. «Лингвистическое изучение 
литературных произведений немыслимо вне контекста языка 
его времени. Индивидуальные новообразования и своеобразие 
как морфологического и синтаксического, так и лексико-фра-
зеологического характера будут анализираваться, осмыслять-
ся с точки зрения литературной нормы данного времени»
11

Сондықтан Абай тілін әрі қарай талдауларымызда оның 
тұсындағы өзге әдебиеттерден ретіне қарай материалдар алы-
нып, азды-көпті қоса қаралып отырылады.
Сөйтіп, қазақ коғамында Абаймен тұстас, іргелес өмір 
сүрген әдебиет түрлерінің басты-бастылары, біздің топтауы-
мызша, мыналар болды.
1. Халықтың ауыз әдебиеті шығармалары. Бұлардың 
басым көпшілігі бұрыннан келе жатқан «Қозы Көрпеш-Баян 
сұлу», «Ер Тарғын», «Қобыланды» т.б. тәрізді ірі полотнолар 
мен әр алуан тұрмыс-салт өлеңдері, ертегілер т.т. Сонымен 
қатар XIX ғасырдың өзінде, тіпті II жартысында пайда болған 
кейбір тарихи жырлар («Бекет батыр» т.б.) мен лиро-эпостар 
(«Айман-Шолпан» т.б.) да осы топқа кіреді.
2. Қазақтың тарихи көркем әдебиет үлгілерін әрі алып 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет