32
Топыраққа ауадан түсетін ылғалдармен қатар оның
бетіне жақын жатқан жерасты ыза суларының химиялық
құрамдарының да тигізер әсері мол. Бірақ әлемде ондай жерлер
аса
көп
емес,
олар
өзендер,
теңіздер
мен
мұхит
жағалауларында, жерасты ағысы нашар өзен бойларының
төменгі атырауларында, суармалы егіншілік көптен өріс алған,
жерасты ағымы аз жазиралы алқаптарда орын алады.
Жерасты ыза суларының топырақтың механикалық
құрамдарына қарай оған әсерлері әртүрлі. Топырақ құрамы
неғұрлым жеңіл құмды, құмдақ болса, жерасты ыза суының
соғұрлым қылтүтіктер арқылы көтерілуі 0,5 -1 м-ге жетеді. Ал
жер балшықты, саз балшықты болса, жерасты ыза сулары 3 -4 м-
ге көтеріледі. Топырақтағы құбылыстарды жерас ты ыза
суларының тек көтерілу деңгейімен ғана емес, олар тұздану
мөлшерімен және химиялық құрамдарымен сипатталады.
Әдетте, тұщы сулар құрамында гидрокарбонат, ал ашы суларда
сульфатты-хлорлы, хлорлы-натрийлі құрамды тұз мөлшері өте
көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: