8
және органикалық заттардың бірнеше топтарынан тұрып, әр
түрлі химиялық құрамы мен қасиеттерімен ерекшеленетінін
анықтады (Д.С.Орлов, 1974).
Алайда кейінгі зерттеулер гумус қоректік қасиеттерге
ие болғанымен, негізгі мәселе тек қана гумуста емес екенін
көрсетті. Сонымен А.Тэердің өсімдіктердің органикалық
қоректену теориясы енді өсімдіктердің минералдық қоректен у
теориясымен алмасты. Соңғы теорияның авторы неміс
оқымыстысы Ю.Либих болатын. 1840 жылы оның "Химияны
егіншілік пен физиологияда пайдалану" деген еңбегі жарық
көрді. Осыдан кейін бұл теорияны қолдаушылар көбейіп,
агромәденихимия егіншілікке қарай бет бұрды. Көптеген
ауылшаруашылығы
тәжірибе
станцияларында
тыңайтқыштардың өсімдіктерге тигізер пайдасы жөнінде
тәжірибелер өріс алып, оның әсерлері анықталды. Топырақтың
жыртылған қабатындағы азот, фосфор, калий мөлшерлері
анықталды.
Топырақтанудың
алғашқы
бұл
бағытын
негіздеушілер батыстың ірі оқымыстылары А.Тэер, Ю.Либих
(неміс химиктері), М.Бертолло, Ж.Бусенго (француз химиктері)
болды. Бұлар топырақ өсімдіктер тамырлары тарайтын орта, ол
минералдық және органикалық заттардың қосындысынан
тұрады деп пайымдады. Топырақ қабатын олар тек жыртылған
қабатпен шектеді. Топырақтарды олар сапасы жағынан
жақсыға, ортаға, жаманға, бидайға, сұлыға, картопке т.б.
жарамды деп бөлді.
Осы кездерде жоғарыда айтылған бағытқа байланыссыз
агрономия мен топырақтанудың геология бағыты да өріс алды.
Оның негізін қалаушылар немістің геолог оқымыстылары
Ф.Фаллу, Ф.Рихтгофен еді. Олар топырақ деген түсінікке жер
бетінің үгілу қабатын жатқызды. Мұны орманшылар қолдай
кетті. Әсіресе қоштаушылардың бірі неміс оқымыстысы,
профессор
Е.Раманн
болды.
Ол
Алманияда
орман
топырақтануын
дамытты.
Алғашында
топырақты
тек
геологиялық дене деп келген бұлар кейінірек топырақ
құрамындағы
органикалық
заттарды,
топырақтың
агрономиялық қасиеттерін зерттеуді қолға алды. Сонымен
топырақтанудың агрогеологиялық бағыты қалыптасты. Бұл
бағыт тек Батыс Еуропада ғана емес, сонымен қатар терістік
Америка, Австралия, Жаңа Зеландияда т.б. өріс алды.
Достарыңызбен бөлісу: