157
аманжан ара түспеуші ме еді... Иә, сөйтетін... Құдай-ау, тіпті
айтқысы келіп, тілі қышығанның өзінде мынау қиын-қыстау
сәтте, ұлы сапарда шыдай тұруы, аузын буа тұруы керек еді
ғой.
– Тапқан екенсің мені таптырған адамды!– деп
соншалық бір көз ілеспес шапшаңдықпен аманжанға тұра
ұмтылды. Бірақ істің насырға шабарын сезген Нұржан,
аяғынан қағып шалып жықты да, жібермей ұстап қалды. ал
ашуға булыққан аманжанның шүріппені басып қалуы әбден
мүмкін еді...
– Жетет! – деп жекіді Нұржан.– ауылдан аттанарда, мон-
шаның ішінде отырып берген ант қайда. «Өлсек те бір-
бірімізді тастамайық», – деп қол алыстық. Енді міне... балапан
қораздай қоқиланып шыға келеміз... Өттерің жарылып кетсе
де айтайын, үшеуімізде де шикілік бар. Бұл шикілік соғыс
жылы, соғыстан кейін туғандардың бірсыпырасында бар.
Шал әлі жоқ. Әлде сыртта бітпей қалған шаруасы болды
ма, әлде қайтер екен деп, жігіттерді сынағаны ма, көпке дейін
үйге кірмей далада жүріп алды. май шамның білтесі
жанажана, еріп көлкілдеп тұрған майға жетіп, лапылдай
бастаған. Әлгі сөзден кейін үшеуі де қабақтарын түйе
ойланып, үнсіз отырып қалып еді. май шамның лапылдай
бастағанын көрген Нұржан орнынан тұрып барды да, майға
малтып шуатылған шүберек білтені суырып, шыны
тарелканың шетіне шығарып қойды. Содан соң өзі орнына
қайта отыра беріп:
– айтыңдаршы,– деді ана екеуіне кезек қарап. –
айтыңдар- шы, әкеміз соғысқа қай жылы кетті?
Екеуі бірдей жарыса: – 1942 жылдың күзінде – деді.
Достарыңызбен бөлісу: