Оралхан б 3-том indd



Pdf көрінісі
бет8/23
Дата20.02.2023
өлшемі2,47 Mb.
#69521
түріБағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23
Байланысты:
Сайтан көпір. Оралхан Бөкей

Бақытжан: – Сендердің қалғыларың келмей отырғаны. 
Әттең, қарындарынды шермитіп бір тойғызса; сүйресе де 
шықпас едіңдер бұл үйден. ақсақал, – деді төсегіне тас 
бүркеніп жатып қалған шалды мазалап. – айтыңызшы, біз 
осында мүлдем қалып, паштый балаңыз болсақ, қалай қарар 
едіңіз? 
Шал: – алла сақтасын. Осыдан үш жыл бұрын қасқырдың 
үш бөлтірігін асыраймын деп, жалғыз сиырымды жарып 
кеткен. 
Бақытжан: – Бөлтірік жарып кетсе, біз жеп кетер едік. 
ақсақал, айтыңызшы, жетпіс жасаған сіз, осыншалық мол 
қуат, тепсе темір үзер қайратты қайдан алдыңыз? 
– Шал: – Табиғаттан... 
Бақытжан: – ал біз турникке асыламыз келіп, тыртыңдап 
жүгіреміз келіп, гимнастика жасаймыз. ақыр аяғы міне 
төрінен көрі жуық сізден таяқ жейміз. 
Шал күлді. Күлді де айтты: – марал корень, золотой 
корень, жень-шень, бұғының еті мен мүйізінің қаны, аюдың 


165
еті – таза ауа, бастығы жоқ өмір – міне осылар менің 
гимнастикаларым. 
Ей, шал, – деп керілді аманжан. – Сол кормыңнан бізді 
де кормиттасаң қайтеді. Сағатымды сыйлайын. 
Бақытжан білгішсінді: – Корым емес, ақымақ, – к-о-р-
ень... қазақшасы тамыр. ал сен жем жегің келеді. 
Аманжан: – Какая разница. Жейтін нәрсенің төркіні – бір. 
Бақытжан: – Ендеше, бүгіннен бастап шөп же. 
Аманжан: – Совхоздың малына жетпейді, әйтпесе жер 
едім. 
адамдар мінезіне мен де қайранмын, шырақ. Солардан, 
ұлардай шулаған адамдардан қанша жан ұшыра қашсаң, да, 
қыр соңына түсіп тауып алады. Тып-тыныш оңаша өмірінің 
айдынына тас лақтырады. мен – өзіммін, басқа емеспін, 
ендеше, өзімше өмір сүріп, өз мекенімді, яғни өз мемлекетімді 
құрғым келеді. мынау қараша үй – менің кішкентай ғана, 
қарлығаштың ұясындай мемлекетім, қара басымның жалғыз 
еркіндігі. Бұл – Кіші Қоңқай мемлекеті, түсіндіңдер ме! – Шал 
шаптыға айғайлап, басын қақшаң еткізіп көтеріп алды. Қысық 
көзінің шарасы үлкейіп, біреу қолқасын суыра бастағандай 
ақиып кеткен. Қорқынышты, аса қорқынышты түрі бұзылып, 
бақсылығы қозғандай сақылдады-ай. Бірақ әр ойын, сөзін 
шегелеп, зердеңе ұрғылап әкеліп қондырғандай түсінікті жет- 
кізді. – Сол қарлығаштың ұясындай мекенімнің қауіпсіздігін 
көзімнің қарашығындай күзетіп, суверенитетін сақтау үшін 
елу жыл алысқанмен – алыстым, атысқанмен – атыстым. Бұл – 
менің жанымның (кеудесін ұрды), рухымның, жүрегімнің, 
тіпті бүкіл бостандығымның Отаны. ал сол титімдей 
мемлекет, от жаққан отанымның, шекара – табалдырығын 
бұзғандарды 
қасық 
қаным 
қалғанша 
аямаймын, 
майдандасамын. ал был- шылдамай ұйықтаңдар. Таңертең 
айыртаудан асатын төте жолды нұсқап жіберемін.– Тас 
бүркеніп жатып қалды. Жатып қалса да қол-аяғы дірілдеп, 
күбірлеп сөйлейді: «мені де сағынатын күн туар... Қоңқайлар 
ұрпағы өлмек емес, мәңгі жасайды. Өйткені Қоңқайлар 
адамзаттың өздері үшін керек...» 
Шал тақыр басын бөстектің шетінен қылтитты: – темір 
пешке оттық салып май шамды сөндіріңдер, – деп бұйырды 


166
да, қайтадан жоқ болды. Бүркеніп, бір уыс болып ұйқтайтын 
кісі екен. 
ана екеуі – аманжан мен Бақытжан жатып қалды да, 
Нұржан далаға шықты. Үркер төбеден ауып кеткен екен. 
аспан ашық. Түн суық. ақ сүттенген ай аспаннан мөлие қарап, 
жерге секіріп түскісі келетіндей. алғашында «иш-ай» деп 
қалған Нұржан үйдің іргесінде қалқайып тұрған трактордың 
жанына барғысы келді де, қар омбылаудан қорынды. Жым-
жырт. Дүниенің барлығы үсіп өліп, жарықтық ай құран 
оқыған ақ сәлделі молда, ал сонау жұлдыздар жаназаға 
жиналған мұсылмандар іспетті еді. ауылда басқаша болатын: 
сиыры мөңіреп, әтеші шақырып, иті ұлып – өзінше ұлар-шу 
болып жататын. Ішсе де мас, ішпесе де мас Хамиттың жаман 
гармошкасын құлаштай тартып, ауылды басына көтере 
шырқар айғай әні – мынау жер бетінде адам атты – екі аяқты, 
жұмыр басты ақыл иесі барын еске салғандай, жанына жақын 
естілуші еді. ал қаладағы ызың-шу, қым-қуыт өмір өз 
алдына... мұнда ше? мұнда – кісіні ес-ақылдан айырып, керең 
ғылып тастар тыныштық. Дүние жүзіндегі ең таза, ең тыныш 
жер – осы айыртау сынды. Осындай құлақкесті тыныштықтан, 
елсіздіктен құсаланбай жалғыздан жалғыз жарты ғасыр, тіпті 
одан да көп уақыт ғұмыр кешкен Қоңқай шалдың ұрлық 
тірлігіне қайран қалуға болушы еді. Шекспирді, Толстой мен 
Хэмингуэйді білмей жетпіс жыл өмір сүру деген не сұмдық?.. 
Данышпандық деген ұғымның шартты екенін осы Қоңқай шал 
сайқымазақтау үшін жер басып жүрген секілді. Иә, адам 
баласы барған сайын, төрт құбыласы теңелген сайын ескі 
өмірді, баяғы арбамен қоян қуған заманын сағынар. Бәлкім, 
табиғатқа қайтадан жақындау дегеніміз осы шығар... Осы 
шығар... 
Есік ашылып, сыртқа қақырынып-түкірініп шал шықты. 
Нұржан далада көбірек айналып қалған соң, жасаған сақтығы 
болар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет