2022 жылғы 25 шілдедегі №516 қаулысымен



Pdf көрінісі
бет4/16
Дата21.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#69761
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ҚазҰУ Даму бағдарламасы 2022-2026

2-бөлім. Кіріспе 
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі ұлттық даму жоспарында 
"Cапалы білім беру" жалпыұлттық басымдығының негізгі мақсаты "ел 
дамуының жаңа бағытын іске асыру үшін адами капиталды дамыту" болып 
табылады. 
Осы басымдық шеңберінде "ғылым мен өндіріс арасындағы байланыстың 
жеткіліксіздігінен әлемдік ғылыми кеңістікке шыға отырып, отандық ғылымның 
прогрессивті технологиялық шешімдерін өндірістік және өнеркәсіптік секторға 
енгізуге" көшу жүзеге асырылатын болады. "Үздік әлемдік стандарттарға сәйкес 
келетін жабдықтармен жарақтандырылған объектілермен толық қамтамасыз ету" 
және "ғылымға жеке инвестициялардың үлесін ұлғайту" да көзделген. 
Сонымен қатар еліміздің ЖЖООКБҰ алдына "smart-университеттерге 
айналу және білім берудің цифрлық экожүйесін құру" міндеті қойылды. Тұтас 
алғанда, білім беру қызметтері нарығында негізінен сапалы білім беретін және 
халықаралық стандарттарға сәйкес келетін ЖЖООКБҰ қалуға тиіс. 
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға 
арналған тұжырымдамасына сәйкес, сондай-ақ ғылыми әлеуеті неғұрлым 
жоғары Университетті қолдау мақсатында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық 
университетін зерттеу университетіне трансформациялау жолымен Қоғам 
ғылымның, бизнес пен өндірістің интеграциясын қамтамасыз етеді.
Әлемдік деңгейдегі зерттеу университеттері бәсекеге қабілетті мамандарды 
даярлауға ғана емес, сонымен қатар ғылыми зерттеулердің кең ауқымын іске 
асыруға және оны әрі қарай коммерцияландыруға маманданған. Дәл осы зерттеу 
университеттері өсу нүктелеріне, ғылымды қажет ететін экономиканың 
драйверлеріне және ғылыми-инновациялық жүйенің хабтарына айналады. 
Ғылыми-инновациялық жүйенің даму дәрежесі орнықты экономикалық өсудің 
негізін қалыптастырады және елдің әлемдік еңбек бөлінісіне толыққанды 
қатысуы үшін қажетті шарт болып табылады. 
Қоғам білім беру, ғылыми және инновациялық қызметті және ғылыми 
әзірлемелерді коммерцияландыруды тиімді жүзеге асыратын көп бейінді 
университет болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет