15
Пандемия мен пандемиядан кейінгі кезеңнің сақталып отырған сын-
қатерлерін ескере отырып, өз қаражаты есебінен онлайн академиялық ұтқырлық
және Эразмус, Mevlana, Orhun, IAESTE, Flagman сияқты халықаралық
бағдарламалар шеңберінде студенттік ынтымақтастық белсенді дамитын
болады.
Болжау және сценарийлік жоспарлау саласында ұлттық әлеуетті дамытуға
үлес қосу елдің стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын әзірлеуге
Университеттің қатысуы арқылы қамтамасыз етіледі.
Көрсетілген шараларды іске асыру елдің адами капиталының сапасын
арттыруға және Университетті ұлттық және халықаралық рейтингтерде одан әрі
ілгерілетуге ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: