2022 жылғы 25 шілдедегі №516 қаулысымен


-бөлім. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және оған қол жеткізу



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата21.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#69761
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ҚазҰУ Даму бағдарламасы 2022-2026

4-бөлім. Бағдарламаның мақсаты, міндеттері және оған қол жеткізу 
жолдары 
Мақсаты: Қоғамды әлемдік деңгейдегі университетке трансформациялау. 
Көрсетілген мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай міндеттер шешілетін 
болады. 
1-міндет. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің 
барлық деңгейлерінде ғылыми қызмет пен білім беру процесін 
интеграциялау. 
Ғылымды қажет ететін технологиялардың даму деңгейі қазіргі уақытта елдің 
экономикалық жай-күйі мен ғылыми-өндірістік әлеуетінің негізі болып 
табылады. Білім беруді ғылыммен және өндіріспен интеграциялау – бұл көп 
компонентті серпінді жүйе, ЖЖООКБҰ-ның, ғылым мен өндірістің біртұтас 
білім беру кеңістігі. 
Университет ғылым, білім беру және өндіріс саласындағы интеграциялық 
процестердің орталық буыны ретінде болады. Зерттеу университетінің нысаны – 
бұл білімді, ғылым мен бизнесті интеграциялаудың табысты нысаны. Зерттеу 
бағдарламаларын іске асыру кезінде Университет өндірістік саланың тапсырысы 
бойынша ғылыми-қолданбалы зерттеулер мен әзірлемелерді дамытып, білім 
беру, ғылым және өндіріс арасындағы байланыстырушы буын болып табылатын 
инновациялық инфрақұрылымды дамыту, ғылыми-инновациялық орталықтар, 
технопарктер құру жөніндегі жұмысты жүргізетін болады. 
Бұдан басқа, "Ғылым ордасы" мен ҒЗИ-дың тығыз интеграциясы 
Университеттің ынтымақтастық аясын кеңейтіп, мемлекеттік дамудың бірінші 
кезектегі міндеттерін ғылыми тұрғыдан сүйемелдеу бойынша жаңа зерттеу 
топтарын құру жөніндегі интеграциялық мәселелер аясын біршама ұлғайтады. 
Университетте ғылыми жобалардың инвестициялық тартымдылығын арттыру 
үшін нақты сектордың технологиялық міндеттерін жинақтау тетігі әзірленді. 
Осы мақсатта ғылыми-зерттеу зертханалары мен ұжымдық пайдалану 
орталықтарының базасын кеңейту қажет. Жалпы білім мен ғылымның 


13 
интеграциясы қазақстандық ғылымның елдің әлеуметтік-экономикалық және 
қоғамдық-саяси дамуына қосатын үлесінің артуына әкеледі. 
Білім беруді, ғылымды және инновацияларды интеграциялау мақсатында 
ОПҚ мен білім алушыларды ғылыми-зерттеу қызметіне және ғылыми 
жобаларды іске асыруға жан-жақты тарту қажет. 
Университеттік ғылымның стратегиялық міндеттерін шешу үшін ғылыми 
нәтижелерді коммерцияландыру процесін жандандыру және нақты сектормен 
және бизнеспен өзара іс-қимыл жасау қажет. Ғылыми зерттеулерді экономика 
мен қоғамның өзекті қажеттіліктеріне барынша бағыттау керек. 
Әлемдік ғылыми кеңістікке одан әрі интеграциялану стратегиялық 
инновациялық бағыттар бойынша Университет ғалымдарының әлемдік жетекші 
ғылыми және зертханалық кешендер базасындағы халықаралық ұжымдарға 
қатысуы арқылы жүзеге асырылатын болады. 
Халықаралық коллаборацияны дамыту мақсатында ғалымдардың ғылыми 
тағылымдамаларының саны артады, бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының, шет 
тілдерін меңгерудің деңгейі мен сапасын арттыруға, жарияланымдық 
белсенділігін дамытуға мүмкіндік береді. 
Университет неғұрлым өзекті бағыттар бойынша ғылыми жобаларды 
орындау мақсатында қазақстандық және халықаралық жетекші ЖЖООКБҰ-мен 
және ғылыми-зерттеу ұйымдарымен ынтымақтастықты кеңейтетін болады. 
Аталған шараларды іске асыру ғылыми қызметті интернационалдандыруға 
және 
Университеттің 
халықаралық 
зерттеу 
кеңістігіне 
одан 
әрі 
интеграциялануына ықпал ететін болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет