Асанов камашке даулетқАНҰлы айтыс өнерінің публицистикалық сипаты Электронды оқулық



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата27.02.2023
өлшемі1,93 Mb.
#70231
түріОқулық
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
d12a00640c0832fa23edce30a75d6d85 (1)

Айтыстағы ауыл тақырыбы. Қазақстанның экономикалық нарықтық 
жүйеге көшуі мемлекетіміздің агросаясатына түбегейлі өзгерістер алып келді. 
Сол уақыт баспасөздерінде «жабайы нарық» деп аталып кеткен экономикалық 
реформаның бағыт-бағдарын толық түсінбеген халық алғашқы жылдары 
көптеген қиындықтарға тап болды. Әсіресе, жекешелендіру науқанын 
жеделдету, ауыл шаруашылығын күйзелтіп-ақ жіберді. Қолында билігі барлар 
«қоныштан басқан» алмағайып уақыт ат төбеліндей адамдарға тиімді 


213 
болғанымен, қарапайым халыққа кері әсерін тигізді. Сол жылдардағы ауыл 
тағдыры айтыс жырларында былайша көрініс тауып жатты:
«...Көңілім содан кейін тынып қалды,
Жоқшылық бірте-бірте сырықталды.
Ақтылы қой өргізген ақсақалдың,
Қолында қамшысы мен құрық қалды. 
...Осынау халқымды кім аяйды,
Күтеді үмітпенен туар айды.
Кешегі ақтылы қой өрген, шіркін,
Құба жон үнсіз мүлгіп, мұңаяды...» [123, 157-158 бб]. 
Ауылшаруашылығының құлдырауы тек экономикалық салаға әсер етіп 
қойған жоқ. Сол жылдары ауылдағы мәдени-ағарту көздері мен әлеуметтік-
тұрмыстық салалар қиыншылыққа тап болды. Ауылдық жерлердегі аурухана, 
балабақша, мәдениет орындары талан-таражыға түсіп, тістегеннің аузында, 
ұстағанның қолында кетіп жатты. Жұмыссыздық белең алып, ауыл жастары 
ұрлық-қарлыққа, ішімдікке, нашақорлыққа үйір бола бастады. Мұның өзі 
ұлттық менталитетін сақтап келген ауыл халқына моральдық, психологиялық 
тұрғыдан ауыр соққы еді. Осы көріністің барлығы айтыс жырларында еш 
боямасыз айтылды.
«...Алаң отыр көңілде, алаң отыр,
Ойланып өткен күнге балаң отыр.
Шепкенін жамап, шіркін, тоқал тамда,
Қамығып қараңғыда анам отыр.
Айналып замананы өте алмаған,
Қиындықтан қазағым кете алмаған.
Қара шал қара жолда қамығады,
Аурухана үйіне жете алмаған.
Өлең сөз көкірегімде тасқындады,
Көп болды осынау дерт асқынғалы.
Қорқауы қорадағы қойды жесе,
Одан бетер адамның қасқырлары...» [123, 157 б.] 
Әрине, мемлекетіміз осындай қиыншылықтарды бастан кеше отырып, 
нарықтық экономикаға батыл қадам жасады. Ауылдық жерлердегі 
жұмыссыздық салдары, халықтың кәсіп іздеп, қалаға көшу науқанына ұласты. 
1991-2001 жылдар аралығы Қазақстан экономикасында түбегейлі өзгерістердің 
орын алуы мен оны қалыптастырудың күрделі кезеңіне арналды. Жоғарыда 
келтірілген жырлардағы көріністер, ақын көріп-сезінген жағдайлардың шынайы 
сипатын танытса, кейбір айтыс ақындары нарықтық жүйеге көшкен қоғам 
ахуалына сын көзбен қарай білді. Тіпті, биліктің дәрменсіздігі мен парламент 
шығарып отырған заңдардың да дұрыс болмай жатқандығын тілге тиек еткен 
айтыс ақындары, экономикалық проблеманың қалай туындап отырғандығын 
індете жырлады. Бекжан Әшірбаевпен арада өткен сөз сайысында ақын 
Мұхамеджан Тазабеков қоғам проблемасын былай деп сын тезіне алады: 
«.... Келгенмен «Нарық» деген саналы шақ, 


214 
Бұрынғыдай жаймады дала құшақ. 
Заңың да, заманың да бұрмаланып,
Көбейді киіз тілген қара пышақ. 
Парламентің жатыр-ау заң туғызып, 
Жылда құрсақ көтерген ана құсап. 
Бірақ сол заң жетілмей қалып жатыр, 
Полигонда туылған бала құсап...» [123, 229 б.]. 
Айтыста көтерілген көптеген проблемалардың ішінде, ақындар үшін ауыл 
тақырыбы етене жақын еді. Бәрі де ауылдық жерде ержетіп, қазақи тәрбие мен 
дәстүрді бойларына сіңіріп өскен айтыс ақындары үшін ауыл екінші анасындай 
болды. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы ауыл тағдырына айтыс 
ақындарының алаң болуы осындай табиғи заңдылықтан туындаса керек. Айтыс 
миссиясының өзі халықтың мұң-мұқтажын, арман-тілегін жоғары жақтағыларға 
жеткізіп, билік назарын аудару болса, ақындар сол міндетін адал орындады. 
Осы тұрғыдан аңдағанымыз, айтыс ақындары көп жағдайда өзінің 
табиғатына жақын тақырыптарды мейлінше үлкен тебіреніспен жырлап, 
тыңдарман сезіміне зор әсер ете білетіндігі.
Айтыс ақындарының осындай қасиет қырын байқаған ғалымдарымыз: 
«Ақындар айтыстарындағы ұлттық сипаттың аса көрнекті көрінісі – 
ақындардың қазақ сөзінің байырғы бейнелілік өрнектерін поэтикалық 
сымбатымен, шеберлікпен қолдануы. Ақындар сөз арқауындағы мәселелерді 
әсерлі жеткізу үшін ажарлау, құбылту, айшықтау өрнектерінің алуан түрлі 
үлгілерін өлең тармақтарындағы ішкі үндестік, ұйқас өрімдерімен жымдастыра 
жырлайды» [161, 103 б.] деп пікір білдіреді. Ақындар айтысының ұлттық 
сипатына баға берген ғалым пікірі, жоғарыда келтірілген ауыл тақырыбына 
қатысты айтыс үлгілерінде айқын көрініс табады.
Айтыстың әлеуметтік мәні мен қоғамдық маңызын айқындау барысында 
біз көбіне сыни көзқарастағы ақын жырларын мысалға алып келдік. Әрине, 
зерттеудің өзектілігін айқындауда бұл тәсіл біз үшін қолайлы. Дегенмен де, 
айтыс жырларының объективтілігін танытатын сөз сайыстарын айналып өту 
арымызға сын. Қоғам келеңсіздігін сын тезіне алған айтыс ақындары, халық 
бастан кешіп отырған жақсылық, шаттықты да көре білді. Мысалды алыстан 
іздемей-ақ ауыл тақырыбына қатысты мына жыр жолдары айтыстың 
объективтілігін танытатын сипаттар. Мәселен, ақын Аманжол Әлтаев пен 
Нәзира Мәдішеваның айтысында ауыл тақырыбының көлеңкелі һәм күнгей 
тұсы бірдей көрініс береді:
Аманжол: «...Мемлекеттің мерейін биіктету,
Ауылды көтеруден басталады. 
Ауыл деген анаңа қарайлай жүр,
Қазақтың ел басқарған қасқалары!» [137, 311 б.]. 
Нәзира:
«Ауыл десе ағаның,
Асыл жыры терілер.
Туған жер десе теңселіп,
Көкейден өлең өрілер.


215 
Қолға алсақ бүкіл ел болып,
Ауылым биік көрінер.
Ауылда жүрген біздерге 
Күннің нұры себілер...» [137, 311 б.]. 
Айтыс табиғатына тән басты ерекшелік – қаншама қасіретті
қиыншылықтарды жырлап отырса да, халыққа жігер, қайрат, сенім сияқты қуат 
көздерін дарыта білуінде. Қоғамға дерт болып жабысқан кеселді танып, соны 
болдырмаудың қам-қарекеті айтыс жырларында айқын көрініс тауып отырды. 
«Ауруды елемеген өледі», – деген халық даналығы, осы сөзді өзінің өмірлік 
қағидасына айналдырған. Белгілі айтыс ақыны, филология ғылымдарының 
кандидаты Балғынбек Имашев «Айтыстағы сатира мен юмор» атты ғылыми 
еңбегінде мынадай пікірлер келтіреді: «Халық қоғамдық өмірдегі озбырлыққа, 
қиянатқа қарсы әділ үкімін, дұрыс сынын көбіне-көп өзінің көкейінен жарып 
шыққан юмор мен сатирасы арқылы білдіріп отырған. Халқымыздың сол әзіл-
қалжыңдарынан қоғамдық өмірдің барлық аспектілеріне жауап табуға болады» 
[162, 4 б.]. 
Айтысқа сатиралық сипат әкелген ақын Шорабек Айдаровтан кейін 
жырларын ащы мысқыл, сарказмге құратын бір шоғыр толқынның айтысқа 
шыққаны белгілі. Солардың ішінде юморист айтыскер атанған Балғынбек 
Имашевтің есімін ерекше атауға болады. Мәселен, ауыл тағдырына қатысты 
айтылған Балғынбек ақынның мына жыр жолдарында көзге ұрып тұрған ащы 
әжуаны бірден аңғармайтын да сияқтысыз. Бірақ көзге көрінбес, көңілмен ғана 
түйсінетін әжуалық сарын қоғам көрінісін шынайы суреттейді:
«Ел жайын сен толғасаң мен де айтайын,
Бастауға бір сұмдықты балаң келді. 
Ауылдағы ағайын көріп отыр, 
Ауыл жылы шаруаға зауал келді. 
Төрт түлік мал иесін «құттықтаймын», 
Ауыл жылы бір тықыр саған келді... 
... Түйеге, сиыр, қой мен жылқыларға, 
«Төл құжат» жасалсын деп хабар келді. 
Халықтың қазынасын тонағандар, 
Тауықтың жұмыртқасын санар ма енді? 
Мысыққа мияулатып сырға салып, 
Итке де ен салатын заман келді...» [138, 121-122 бб]. 
Тәуелсіз Қазақстанның жиырма жылға жуық жаңа тарихында ауыл 
тағдыры үнемі мемлекет назарында болып жүрді. Уақыт туындатқан 
қиыншылықтарға қарамастан еліміз нарықтық экономикаға батыл қадам басты. 
Сол жолда қаншама шешуі қиын проблемаларды бастан өткеруге тура келді. 
Қазір Қазақстанның агросаясаты қалыпты арнаға түсті. Ауылшаруашылығы 
өркендеп, елдің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы көп жағдайда ілгерлеу үстінде. 
Елбасы Н.Ә. Назарбаев белгілеген «Ауыл жылы», «Мәдени мұраны қолдау» 
бағдарламалары халықтың әл-ауқатын ғана жақсартып қойған жоқ, сондай-ақ 
мәдени-рухани түлеуіне тың серпілістер берді. Кешегі қиыншылық, бүгінгі 
ілгерілеу қазақ елінің өсіп-өркендеуіне, дамуына өлшем болса керек. Ең 


216 
бастысы, халықты белгілі бір мақсатқа, мүддеге топтастыра білу осынау 
жылдарда аса қажет еді. Бұл жолда бүкіл халық болып жұмыла іске кірісіп, 
қыруар жұмыстар атқарылғаны белгілі. Әсіресе, ұлттық руханият көздері: 
әдебиет пен өнеріміз, баспасөз бен шығармашылық ұжымдар ел тәуелсіздігінің 
баянды болуына шама-шарқынша өз үлестерін қосты. Қашаннан халықтың көз 
қуанышы, рухани серігіне айналған айтыс өнері де осы істердің басы-қасында 
болды. Қазақтың тілін, дінін жырласа ол елді имандылыққа, ізгілікке 
шақырғаны, қазақ ауылының тағдырына араша түссе. ол ұлттың алтын 
діңгегінің аман болуына алаңдағаны. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет