Байланысты: rekomendacii po napisaniju refleksivnykh otchetov
Жақсы Рефлексия Тренердің түсініктемесі Есеп аналитикалық си-
патта жазылған
Мұғалім жағдайды талдайды, бірақ оны
сүреттемейді.
А әріптетің есебінде мынадай мысал
кездестіруге болады; Мен келесі сабақта олар-
ды (оқушыларды) жақсы оқитын оқушылармен
жұпта отырғызуды шештім. Ондағы мақсатым:
алдымен жақсы оқитын оқушы теңдеуді шешу жо-
лын түсіндіреді, нашар оқитын тыңдайды, содан
кейін нашар оқитын түсіндіреді, ал жақсы оқитын
тыңдайды. Өзара оқыту үрдісінде нашар оқушы
жетіледі деп ойлаймын, өйткені «Оқушылар
өздерінің құрдастарымен диалог жүргізу бары-
сында тәжірибе жинақтап, ой әрекетінің жоғары
деңгейіне көтеріледі» (Нұсқаулық,155 б).
Менің ойымша, осы мысал мұғалімнің сыныптағы
жағдайды талдап, проблеманы анықтағанын,
оны шешудің жолдарын белгілеп, күтілетін
нәтижелерді болжай білгенін көрсетеді.
Неліктен бір нәрсе бол-
ды/болмады? деген сұ-
рақтарға жауап беріл-
гені байқалады.
Мұғалім берілген сұрақтарға қатысты өз пікірін
білдіреді және пікірін теориялық білімімен,
тәжірибе кезіндегі мысалдармен нығайтады.
Жұмыстың тұжырым-
дамалары мен қорытын-
дысы бар.
Жұмыс соңындағы тұжырым мен қорытындылар
есеп тақырыбымен ара қатынаста жасалған.
Автордың пікірі айқын
көрсетілген.
Есеп мұғалімнің ондағы қозғалған сұраққа
қатысты ұстанымы анық екенін көрсетеді.
Ойланыңыз, келесі мысал С әріптестің дарынды
бала туралы түсінігінің тұспалдауын келтіре ме?
«Менің ойымша, дарынды бала – ол арнайы
мамандырылған мектепте оқып, тәрбиеленіп,
аса корнекті қабілеттерге ғана ие болмай, жалпы
білім беретін мектепте оқып жүріп оқуда жоғары
көрсеткіштерге жету мүмкіндіктеріне ие болатын
дарынды бала».
Мен үшін, берілген тұжырымдама мұғалімнің
өз сыныбындағы оқушыға қатысты позициясы,
яғни, С әріптес оқуда жоғары көрсеткіштерге
жететін әрбір оқушыны дарынды деп санайды.
Жұмыста мұнан былай-
ғы іс-әрекет жолдары
белгіленген.
Автор есепте қозғалған сұраққа қатысты
болашаққа жоспарлар белгілеген.
В әріптестің жоспары жайында ойланайық:
«Менің қателігім оқушыларға орындайтын тап-
сырмаларды жете түсіндірмегенім, сондықтан
екінші топ тапсырманы толық орындамады.
Болашақта міндетті түрде осыны ескеремін, сон-
да сабақ одан да табысты өтеді деп ойлаймын».
Сіздерге болашақта осындай жағдайды болдыр-
мау үшін мұғалім нақты не істейтіні түсінікті ме?
Маған, оқырман ретінде, мұғалім проблема-
ны анықтағаны анық – «жете түсіндірмедім».
Бірақ «Болашақта не істеймін?» деген сұраққа
«Міндетті түрде ескеремін» деп жауап береді.
«Ескеремін» деген сөздің тұспалдауы не? Сабақ
табысты болу үшін нақты не істелінеді?
Осы жерде проблеманы шешу үшін мұғалім
нақтылы стратегияларды көрсету керек деп ой-
лаймын. Мысалы, әрбір оқушыға тапсырманы
орындауға арналған нұсқаулық таратып беремін
немесе тапсырманы бір минут ішінде бірлесіп
талқылауды ұсынамын, т.с.с.