Рефлексивті есептерді жазу және таныстырылым сөздерін дайындау бойынша әдістемелік ұсыныстар Семей, 2013



Pdf көрінісі
бет5/55
Дата28.02.2023
өлшемі0,49 Mb.
#70432
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55
Байланысты:
rekomendacii po napisaniju refleksivnykh otchetov

мүмкін бе? Қалай?
Ең бастысы рефлексивті есеп ұғымы бойынша мен не түсінетінімді айтып 
кетейін.
Рефлексивті есеп - мұғалімнің сәйкес теориялық материалдарды білуі 
мен практикалық тәжірибе нәтижелерің терең талқылаумен нығайтылған құжат. 
Нақтырақ айтсақ, өзінің тәжірибесіне қатысты сқрақтарға жауап беру: неге болды 
немесе болған жоқ? Өз «минустарын» «плюске» қалай айналдыру керек? келешекте 
өз тәжірибесін қалай жақсаратуға болады?
Австралиялық педагог-психолог Джон Биггс (2003) «оқушы жоғары баға алуы 
үшін, жұмыстың күтілетін нәтижелері туралы білуі қажет және оларға жетуді 
үйрену керек» деген [2]. Осы мақсатта үшінші (базалық) деңгей біліктілік арттыру 
курсы Бағдарламасы бойынша №2 топ тыңдаушылары өздігінен сапалы рефлексивті 
есеп қандай болады деген қорытындыға келіп, «бағалау схемасын» құрды, яғни 
Қазақстанда қабылданғандай-дескриптор, лейбл мен критерийлері бар рубрикатор-
лар.


8
9
ГЛОССаРИЙ
Рубрикатор (ағылш.marking scheme) –критерийлер, лейблдер мен 
дискрипторлардың болуын көздейтін, оқушы жұмысын қалай бағалау керектігін 
түсіндіретін құжат.
Бағалау критериі (ағылш.assessment criterion) – ұсынылған талаптарға сәйкес 
бір нәрсені бағалау бойынша шешім қабылдау ережесі, негіздемесі.
Лейбл (ағылш.label) – тапсырманы орындау деңгейінің сипаттамасы. Қазақстан 
Репсубликасында лейбл ретінде 1-ден (немесе 0-ден) 5-ке дейінгі бағалар ұсынылады. 
Дегенмен лейбл ретінде «үздік», «озық», «жеткілікті», «толықтырылмаған», 
«толықтыруды қажет етеді» деген сипаттамалар да қолданылуы мүмкін.
Дескриптор (ағылш. standard) - оқушының белгілі бір тапсырма бойынша 
орындаған жұмысының деңгейін немесе сапасын сипаттайтын тұжырым.
Сонымен қатар, Кембридж университетінің Емтихан Кеңесі ұсынған лейбл мен 
критерийлерге дескрипторлар мен рубрикаторлар жасалды.
Осы тарауда келесі рефлексивті есептерге арналған дескрипторлармен таныс 
боласыз: «Тізбектелген сабақтар топтамасына Бағдарламаның бір модулін қолдану 
жайлы» рефлексивтік есеп, «Орта мерзімді жоспарлау туралы жазба», «Тізбектелген 
сабақтар топтамасынан алынған сабақ бойынша есеп», сонымен қатар берілген де-
скрипторга тренердің түсіндірмесі бар. Алайда, сіз мынадай есептерге: ««Мектептегі 
тәжірибе» кезеңінде орындауға арналған тапсырмаларға қатысты бірлескен есеп» 
және «Оқу мен оқытуды өз тәжірибесіне енгізгендегі өзгеріс жайлы рефлексивтік 
есеп» «озық байланыс» ала аласыз (ағылш.тілінен feedforward).
Одан басқа сіздер «Мектептегі тәжірибе» кезінде орындауға арналған 
тапсырмаларға қатысты бірлескен таныстырылым және «Оқыту мен оқу тәжірибесіне 
өзгеріс енгізу» туралы рефлексивті есептерге «озық байланыс» (ағылш.тілінен.
feedforward) аласыздар. Рубрикаторға қосымша «озық байланыс» келесі есептерге 
де беріледі: «Тізбектелген сабақтар топтамасына бір модульды қалай қолданғаны 
туралы рефлексия» мен «Топтаманың бір сабағы бойынша есеп».
Қазіргі уақытта өзім және менің тыңдаушыларым рубрикаторлар мен 
ұсыныстарды рефлексивтік есептерді формативті бағалау үшін пайдаланамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   55




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет