102.
Тауар таңбасын тіркеуге қарсы және тіркеуді жарамсыз деп
тануға қарсылықтар жүйесі қандай?
Көптеген елдерде тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімнің ресми
сараптамасы аяқталғаннан кейін және тіркеу алдында өтінімнің жариялануы
жүргізіледі.
Егер біреу өтінімнің тауар таңбалары туралы заңнаманың қандай
да бір тыйым салу ережелеріне не оның өз құқықтары мен мүдделеріне
қайшы келетінін байқаса, мұндай тұлға тауар
таңбасын тіркеуге кедергі
жасау үшін қарсылық білдіре алады.
Егер мүдделі тұлға қарсылықтарды беру
мерзімін өткізіп алса және тауар таңбасы сәтті тіркелсе, ол тіркеуді жарамсыз
деп тануға өтінім бере алады. Тауар таңбасына құқықтарды қорғау
тұрғысынан тіркеуге қарсылық беру тіркеуді жарамсыз деп тану туралы
талап-арызға қарағанда әлдеқайда тиімді.
Қарсылықтар беру рәсімі
шеңберінде қарсылас тарап неғұрлым тиімді жағдайда болады, өйткені тауар
таңбасын тіркеуге өтінім әлі қанағаттандырылмаған.
Тіркеуді жарамсыз деп
тану туралы талап тіркелгеннен кейін тауар таңбасына құқықтарды даулауды
білдіреді.
Мұндай талап қанағаттандырылғанға дейін тиісті тауар таңбасы
жарамды деп есептеледі.
Сонымен қатар, тіркеуді жарамсыз деп тану сот
қадағалауы тәртібімен тексеруге жатады, соның нәтижесінде процесс ұзаққа
созылады.
Достарыңызбен бөлісу: