Зияткерлік меншік негіздері: Оқушыларға арналған сұрақтар мен жауаптар


  Формалды талаптарға және мәні бойыншасәйкестік мәніне



Pdf көрінісі
бет58/72
Дата01.03.2023
өлшемі1,43 Mb.
#70608
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72
101. 
Формалды талаптарға және мәні бойыншасәйкестік мәніне 
тауар таңбасына сараптама дегеніміз не? 
Тауар таңбалары жөніндегі ұлттық ведомстволар тауар таңбаларын 
тіркеуге арналған өтінімдерді сараптауға екі тәсілді қолданады: мәні 
бойынша сараптама және формальды сараптама.
Мәні бойынша сараптама 
қолданылатын елдерде тауар таңбалары жөніндегі ведомство өтінімді 
формальды да, маңызды да талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізеді.
Егер 
өтінім тіркеу талаптарына сәйкес келсе, ол тіркеуге мақұлданады; олай 
болмаған жағдайда өтінім қабылданбайды.
Формальды сараптама 
қолданылатын елдерде тауар таңбалары жөніндегі ведомство өтінім 
материалдарының формальды аспектілеріне және рәсімдік мәселелерге басты 
назар аударады.
Егер өтініш беруші формальды талаптарды орындаған болса, 
тіркеу жүргізіледі.
Тіпті мәні бойынша сараптама пайдаланылатын 
юрисдикцияларда да ол әртүрлі көлемде жүргізіледі. Қытай, Жапония және 
АҚШ сияқты кейбір елдерде тауар таңбалары жөніндегі органдар өтінімнің 
қандай да бір тыйым салу ережелерін бұзбайтынын және тіркелген тауар 
таңбасына қандай да бір ерте құқыққа қайшы келмейтінін анықтау үшін 
тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімнің барлық аспектілеріне сараптама 
жүргізеді. ЕО және оның мүше мемлекеттері сияқты әлемнің басқа 
бөліктерінде ведомстволар тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімнің 
тыйым салу ережелеріне сәйкестігін ғана тексереді.


102. 
Тауар таңбасын тіркеуге қарсы және тіркеуді жарамсыз деп 
тануға қарсылықтар жүйесі қандай? 
Көптеген елдерде тауар таңбасын тіркеуге арналған өтінімнің ресми 
сараптамасы аяқталғаннан кейін және тіркеу алдында өтінімнің жариялануы 
жүргізіледі.
Егер біреу өтінімнің тауар таңбалары туралы заңнаманың қандай 
да бір тыйым салу ережелеріне не оның өз құқықтары мен мүдделеріне 
қайшы келетінін байқаса, мұндай тұлға тауар таңбасын тіркеуге кедергі 
жасау үшін қарсылық білдіре алады.
Егер мүдделі тұлға қарсылықтарды беру 
мерзімін өткізіп алса және тауар таңбасы сәтті тіркелсе, ол тіркеуді жарамсыз 
деп тануға өтінім бере алады. Тауар таңбасына құқықтарды қорғау 
тұрғысынан тіркеуге қарсылық беру тіркеуді жарамсыз деп тану туралы 
талап-арызға қарағанда әлдеқайда тиімді. Қарсылықтар беру рәсімі 
шеңберінде қарсылас тарап неғұрлым тиімді жағдайда болады, өйткені тауар 
таңбасын тіркеуге өтінім әлі қанағаттандырылмаған.
Тіркеуді жарамсыз деп 
тану туралы талап тіркелгеннен кейін тауар таңбасына құқықтарды даулауды 
білдіреді.
Мұндай талап қанағаттандырылғанға дейін тиісті тауар таңбасы 
жарамды деп есептеледі.
Сонымен қатар, тіркеуді жарамсыз деп тану сот 
қадағалауы тәртібімен тексеруге жатады, соның нәтижесінде процесс ұзаққа 
созылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет