24. М. Сәрсекенің “ Қаныш Сәтбаев ” романындағы ғалымның қазақ ғылымын



Pdf көрінісі
Дата01.03.2023
өлшемі95,45 Kb.
#70704
Байланысты:
24 эссе



24. М.Сәрсекенің “ Қаныш Сәтбаев ” романындағы ғалымның қазақ ғылымын 
қалыптастырудағы іс-әрекеттерін нақты дәлелдермен талдап жазыңыз 
ХХ ғасыр қазақ ғылымының алға қадам басып, қарқын алып, дамуында үлкен рөл атқарған 
кезең. Өткен ғасырдың отызыншы жылдары қазақ ғылымымен Ресей, Өзбекстан, Қазақстанға 
Мәскеуден келген немесе ленинградтық ғалымдар ғана айналысқан. Жергілікті кәсіби 
кадрлардың жоқтығына, қаржының жетіспеушілігіне қарамастан, ғылыми-зерттеу жұмыстарын 
Қарсақбай мыс кенішінен бастаған Қаныш Сәтбаевтың елімізге геология мен тарихқа үлестері 
мен мүмкіншіліктерінің алатын орны зор. Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет 
саласында, тарихта із қалдырған еңбектері мол. Тұңғыш ашылған Ғылым Академиясы, тау-кен 
металлургиясы, алғашқы жүйеленген металлогениялық карталарды қолдану арқылы металл 
кендерінің бай кен орындарын ашу туралы іргелі жаңалықтарымен көзге көрінген Қаныштың 
өмір жолын қағаз бетіне түсірген ұлт қаламгері Медеу Сәрсеке жайлы айтпай кетпеу мүмкін 
емес. Медеу Сәрсеке қазақтың біртуар ғалымының өмірін айшықтап, оған өмірінің қырықтан 
астам жылын сарп етіп, оның жарқын бейнесін, ұлы тұлғаның белестері мен жетістіктеріне 
қалам тарьқан еңбегімен қазақ қауымына танылған жазушы.
Медеу Сәрсеке өз романында бас кейіпкер Қаныш Сәтбаевты мақтап қана қоймай, оның 
қателескен, сүрінген, ізденіс кезіндегі бейнесін, жеңіске жеткен кездерін бүкпесіз ашып, оның 
ерлікке толы ыстерін саралап та, даралап та көрсете білді. Автор Сәтбаевтың ізімен жүріп, оның 
болған орындарын өз көзімен көруге айрықша мән берген. Қаныштың туған жерінен бастап, 
оның М. Усовпен кездесіп, білім жолына бет бұруы, технология институтына оқуға түсуі, кен 
орындарын ашып, дала жұмыстарымен айналысқанын автор ерекше жазған. Оның соғыс 
жылдарындағы атқарған еңбегі, ел үшін жасаған істері баға жетпес өлшеусіз. Әсіресе қырғын 
соғыс кезінде ашылған Жезқазған кен орны құрым құю өндірісін сақтауда маңызды рөл атқарды. 
Орталық Қазақстаннан табылған мыс кен орнынан кейін кенді Алтай кен орнын нысанға ала 
отырып, Шығыс Қазақстан үшін түсті металдар кендерін кешенді пайдалану бойынша 
зерттеулерін қорытындылады. 1946 жылы алғашқы Қазақ Ұлттық Академиясының негізін 
салуға оның ұйымдастырушылық қабілеттері мен нақты болжамдары мүмкіндік берді. Осы 
жетістігінен кейін Орталық Азия ғалымдарының арасынан тұңғыш академик атанды. Бұл 
еліміздің сол замандаүы ғылым шыңына жеткендігінің белгісі еді. Оның тікелей басшылығымен 
елімізде ірі мыс және марганец кендерін өндіру қарқынды дамыды. Қазақстанның аграрлы-
ағартушылықтан сапалы индустриалды-ғылыми интеллектуалды елге айналуына ғалымның 
қосқан үлесі айтарлықтай көп. Қаныш Сәтбаевтың қазақ елі мен халқының алдындағы басты 
еңбегі – геологиялық зерттеулері, ғылыми мәдениет пен ғылымда методологиялық әдістерді 
орнатуы. Бұл жерден ғалымның Қазақстанның қазба байлықтарына, экономикасының 
өркендеуіне керемет мүмкіншілік тудырды. Қаныш атамыздың тағы бір қырын ашып, ғылым 
атасының өмір жолын жазуда көптеген мұрағатты керегіне жаратып, ұлы ғалымның жүрек 
жарды әңгімелерін, хаттары мен естеліктерін, құжаттарды пайдалана отырып, ғұмырнама 
жазған М. Сәрсеке осының айқын дәлелі болып отыр.
Ойымды қорытындылай кетсем, ғылымды жаңа сатыға көтерген Қаныш Сәтбаевтың 
образын, еңбектерін жаңаша тұрғыдан өз еңбегінде көрсете білген Медеу Сәрсеке оны халыққа, 
келешек жастарға көрсетуінің өзі оны әдебиеттің жаңа шыңына көтерді десем артық емес. 
Ұлттық құндылықтарды қазақтың жарқын болашағы үшін қалдырған осындай тарихи жәдігер 
шығарманы өскелең ұрпаққа танытып, көзіміздің қарашығындай сақтау қазақ елінің әрбір 
азаматының борышы деп білемін.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет