Сараланады. Сонымен қатар тақырып аясында екі елдің географиялық орналасу аумағына және этноконфессиялық құрамы мен мәдени тарихына да назар аударылады



Pdf көрінісі
бет10/13
Дата01.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#70752
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Особенности отношений государства и религии принципы и тенденции развития

ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№4 (118), 2020
 
ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
 
39 
бақылауымен жасайды. Осы жерден бастап ТР-да дін мен мемлекеттің қатынасы жақындай 
түседі. Нақтырақ айтсақ, Дианеттің қызметі ислам құндылықтары мен мешіт істерін басқару 
және жоғарыда келтірілген бірқатар діни бірлестіктерге тән функцияларды атқарып және 
басқарманың мемлекеттік мекеме секілді президент әкімшілігі тарапынан басқарылуы және 
Дианеттің мектептерде діни құндылықтарды түсіндіру іс-шараларын ұйымдастыруы елдегі 
билік пен исламдық басқарма арасындағы жақындастықты білдіреді. Сонымен қатар де 
зайырлы ел болғанымен діни сабақтардың мектептерде оқытылуы осы пікірді қуаттай түседі.
Географиялық аумағы мен мәдени кеңістігі екі елдің де исламдық тамырын ортаға 
шығарады. Алайда, Иранда көне парсы мәдениеті мен сенімдік жұрнағы, ежелгі саяси 
оқиғалардың әлі күнге дейін елдегі дін мен мемлекет қатынасына әсері бар. Оған мысал 
жоғарыда келтірілген Вавилон дәуірінен бергі еврейлер және моңғол шапқыншылығы 
кезінен бергі армян христиандар, сонымен қатар халдей ассириялық нестариандар және 
Сасанидтерден бергі зороастризм өкілдерінің елдегі танылған діндердің қатарына қосылуы. 
Қазіргі ИИР-дағы мемлекеттік дін Джафариттік исламда бұл мәртебеге кездейсоқтықпен 
жеткен жоқ. Иранның исламдық діни тарихы шииттіктің осы бағытымен байланысты. 
Сондықтан Аятолланың доктринасы осы негізді басшылыққа алып, Иран халқы арасында 
дами түсті. Нәтижеде қазіргі исламдық билік орнады. Ал, ТР алып мұсылман империясы 
Османлы мемлекетінің заңды мұрагері. Сондықтан бұл жерде исламның сүнниттік оның 
ішінде ханафи мазһабы мен түрлі сопылық тариқаттардың ізі бар. Түрлі жамағаттар осы 
іздердің көрінісі. Ел зайырлылығының символы Ататүрік те осы кеңістікке тиесілі. 
Сондықтан ол мемлекет пен дінді қатаң бөлсе де оның басқару жүйесі қазіргі дианеттің 
қызметін белгілеп берген ұстанымға айналып отыр. Яғни, аз да болса, дінге мемлекеттен 
орын қалдырған. ТР-ның христиандық құндылықтар мен батыс мәдениетінің орталығы 
саналатын Еуропада орналасқандығын ескерсек сыртқы факторлардың әсері болары сөзсіз. 
Зерттеуде Түркияның дін және мемлекет қатынасына ЕО ықпалы көрсетілді. Сонымен қатар 
ТР-ның қаншама жылдардан бері аталмыш одаққа мүшелікке өтуге деген талпынысы мен 
сол бағыттағы дін саласында бір қатар өзгерістер жасағандығы мәлім. Алайда, түрік елі ЕО 
комиссиясы ұсынған кейбір өзгертулерді орындаудан бас тартуы елдің ішкі, оның ішінде дін 
және мемлекет қатынасында тәуелсіз болуына аса мән беретіндігін көрсетуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет