Сараланады. Сонымен қатар тақырып аясында екі елдің географиялық орналасу аумағына және этноконфессиялық құрамы мен мәдени тарихына да назар аударылады



Pdf көрінісі
бет5/13
Дата01.03.2023
өлшемі0,74 Mb.
#70752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Особенности отношений государства и религии принципы и тенденции развития

ISSN-p 2306-7365 
ISSN-e 2664-0686 
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ
№4 (118), 2020
 
34 
бағыттан өзге мазһабтардың мәртебесі 12-баппен белгіленген. Ол бойынша «...Өзге 
исламдық сенімдер, оның ішінде ханафиттік, шафииттік, маликиттік, ханбалиттік және 
заидиттік толық құрмепен ұстанылады. Бұл сенімдерді ұстанушылар діни рәсімдерді 
өздерінің діни нормаларына сәйкес орындауға толық еркін...» делініп, cүнниттік 4 мазһаб пен 
шииттік заидит бағытына джафариттерден кейінгі мәртебе берілген [1].
ИИР халқының саны 84 млн шамасында. Оның 99,5%-ы ислам, 0,2% христиан, ал, 0,2% 
өзге дін өкілдері [4]. Азшылық топты ассириялықтар мен халдейлер, зороастрлікті және 
иудаизм мен христиандар құрайды. Зороастризм діні Иран жерінде біздің жыл санауымызға 
дейінгі қалыптасып, бүгінгі таңға дейін сақталып келуде. Зороастризм Сасанидтер билігі 
тұсында мемлекеттік дәрежедегі дін болғандығын ескерсек, Иранның мәдени тарихында алар 
өзіндік орны бар. Иудаизм дінін ұстанушылар Вавилон мемлекетінің парсы еліне қосылған 
кезеңнен бері өмір сүріп келуде. Елде иудаизм дінінің құлшылық үйі болып саналатын 40 
синагог жұмыс жасайды. ІІІ ғасыр шамасында христиан шіркеулерінің негізі қаланып, осы 
күнге дейін қызмет етіп келеді. Христиандықтың этникалық ерекшелігімен көзге түсетін 
шіркеулер армян ұлтына тиесілі. Армян шіркеуі XI ғасырдағы түрік-моңғол шапқыншылығы 
кезінде парсы еліне қоныс тебуі нәтижесінде көбейе түсті. Ассириялық немесе халдейлер 
«Ескі шығыс Ассириялық Шіркеуінің» өкілдері болып саналады [5]. Оның Қазақстан 
зерттеушілері арасында кең қолданылатын атауы – неостариандық шіркеу.
Жалпы, аталған діндердің барлығы дерлік Иран халқының көнеден сақталып, бүгінгі 
бай мәдениетін құраушы сенімдер болып отыр. Елдің заңнамасы осы конфессиялық құрам 
ерекшелігінің кейбір тұстарын ескерген. Конституцияның 13 бабында «Ирандық 
зороастрийлер, иудейлер мен христиандар заң аясында өздерінің діни салттарын және 
азаматтық істерде және діни тәрбие саласында өз іліміндеріне сәйкес іс-әрекетті еркін 
жүзеге асыра алады» делініп, жоғарыда келтірілгендердің арасындағы христиан, зороастрлік 
және иудаизм діндеріне ел аумағындағы қызметіне рұқсат берілген. Мұндай діни топтар өз 
ұйымдарына байланысты туындаған діни, мәдени, әлеуметтік және қоғамдық мәселелерді 
шешу және зерделеуге құқылы. Ашып айтқанда, оларға діни рәсімдерді өткізу, діни 
мерекелерді және қаралы рәсімдерді өткізу, насихат сөздерді немесе семинарларды өткізу, 
құлшылық үйлерін жөндеу жатады (38-бап). Діни ассоциациялар өздерінің мүшелерінің 
жарналары есебінен қаржыландырылады. Парламенттегі 290 орынның бесеуі азшылық дін 
өкілдеріне, оның ішінде екі орын армян христиандары үшін, бір орын ассирилық және 
халдей христиандарына, еврейлер үшін бір және зороастрийлер үшін бір орын беріледі. 
Алайда, мұсылмандардан өзге дін өкілдері үшін жоғарғы органдар мен билік лауазымына 
тағайындалмайды [6]. 
Иранда діни партиялардың қызметіне заң бойынша рұқсат беріледі. Негізгі заңның 26-
бабында «Партиялар, саяси және кәсіби қоғамдар мен ұйымдар, исламдық қоғамдар және 
танылған азшылықтар діни бірлестіктер еркін» деп берілген. Саяси партиялар мен 
бірлестіктердің қызметі 1981 жылы 29 тамызда қабылданған «Партиялар жайлы Заңмен» 
реттеледі. Аталмыш Заңның алғашқы бабында «ұйымның мақсаттары, бағдарламалары 
және іс-әрекеттері елдің іргелі бағыттарына және Иран Ислам Республикасы жүйесінің 
жалпы бағытына байланысты» [7]. Өз кезегінде бұл елдегі исламдық бағыттағы партиялар 
мен топтардың белсенділігіне жол ашты. Қазіргі кездегі 15-тен астам партиялардың белсенді 
қызметі байқалады. Олардың басым бөлігінің бағдарламасында ислам дінінің элементтері 
бар. «Партиялар жайлы Заңның» 16-бабына сәйкес партиялар қызметі Ислам 
Республикасының құрылымы мен ислам принциптерін бұзуға бағытталмауы және қоғамдағы 
мәдени, діни және нәсілдік алауыздық тудырмауы тиіс.
Мемлекет ұстанымы бойынша исламдық партиялар жақсылықты насихаттап, 
жамандықтан қайтаруды (ислам дініндегі «амр бил ма’руф уа наһи анил мункар» ұстанымы), 
сондай-ақ Ислам революциясын дәріптейтін еріктілерден тұратын исламдық топтар. Елдегі 
оңшыл партияның тамыры шииттік дәстүрден бастау алады. Олардың басты бағдарламалары 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет