Байланысты: Особенности отношений государства и религии принципы и тенденции развития
ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №4 (118), 2020 38
оқу бағдарламаларын ашу туралы өтініштері әлі күнге дейін күтілуде. Христиандар мен
еврейлерге қарсы жеккөрушілік сөздер мен жеккөрушілік қылмыстар туралы хабарлау
жалғасуда. Халки (Хейбелиада) грек православиелік семинариясын ашу үшін ешқандай
қадам жасалмады» деп, мемлекеттің христиандық бағыттағы діни бірлестіктерге қатынасын,
«Ұлттық білім министрлігі мен діни бірлестіктер арасында Министрліктің оқу
тапсырмаларын орындау туралы қол қойылған хаттамаларға қатысты алаңдаушылық бар.
Мемлекеттік саясаттың арқасында қоғамдық өмірдің барлық саласында Дін істері жөніндегі
басқарма (Дианет) жұмысы өсті» дей отырып, мемлекет пен дін қатынасында зайырлылық
ұстанымына қатысты сынайды [18]. Түркия билігі осы кезге дейін ЕО комиссиясы тарапынан
айтылған талаптарды орындап келгендігін алға тартуда. Осы тұста, Түркияның дін мен
мемлекет және ЕО-мен қатынасын зерттеуші Ю. Кудряшова Түркияның одаққа
қабылданудың кешеуілдетілуі себебін ел халқының дені мұсылмандардан құралуынан және
мұсылмандық рухтың сақталуынан деп бағалайды [19].
Жалпы, зерттеуге алынған екі елдің дін мен мемлекет қатынастары заңнамаларында
анық көрсетілген. ИИР Конституциясының преамбуласында және 1, 2-баптарында Аятолла
Хоменейдің докринасындағы исламдық басқаруға негізделгендігі жазылса, Түркия
Конституциясының преамбуласында және 2-бабында елдің зайырлылығы айшықталып,
мемлекет және дін қатынасын анықтау барысында мемлекеттік істер мен саясатқа діни
сезімдер ешқандай әсер етпеуі тиіс деп белгілейді. ИИР-да мұсылман дінбасылардың
белсенділігі мемлекеттің саяси, қоғамдық істерінде ашық байқалады. Оның елдегі заңдылық
құқығы діни доктрина арқылы қуатталады. ИИР мен Түркия халқының саны мен діни құрамының пайыздық және сандық үлесі
теңдей. Оның ішінде мұсылмандар 98%, ал, христиандар 1,2%, өзге сенімдегілер 1,2%-ды
құрайды. ИИР-да заң бойынша джафариттік бағыттағы шииттік ислам мемлекеттік дін, ал
ханафиттік, шафииттік, маликиттік, ханбалиттік және заидиттік бірлестіктер қызметіне
рұқсат етіліп, еркін діни рәсімдер мен құлшылық жасауға мүмкіндік берілген. Азшылық
сенімдегілер құрамында Иранда зороастризм, иудаизм, христиандыққа да заңмен рұқсат
етіледі. Бірақ елде қызметіне тыйым салынатын діни ағымдар да бар. Ал, Түркияда
зайырлылыққа негізделген заңнамалар ешқандай дінге басымдылық бермейді. Барлық діннің
теңдігін жариялайды. ИИР-да діни негізде жазалау, тіпті, өлім жазасына кесу үкімі де іс
жүзінде қолданыста [6]. Түркияда толық сенім еркіндігі жарияланып, іс жүзінде
азаматтардың ар-ождан бостандығы сақталады.
Иранда діни партиялардың қызметіне рұқсат етілген. Діни партиялар оның ішінде елдің
негізгі ұстанымына сай келетін исламдық партиялардың белсенділігі жоғары. Сәйкесінше
олардың ел саясаты мен қоғамдық өміріне өзге сенімдегілерден әлдеқайда ықпалы басым.
Азшылық топтар саяси алаңда тек өздерінің діни және әлеуметтік қажеттіліктері аясында
ғана белсенділік танытуға мүмкіндігі бар. Ал, ТР-да ешқандай саяси партияларға діни
элементті өз мүддесіне пайдалануға және аты мен бағдарламасында дінге қатысты сөздерді
қолдануға рұқсат етілмейді. Осы тұстан қарағанда ИИР-дағы мемлекет саясатында азшылық
және басымдылыққа ие діндердің ықпалы ресми ұсыныстық күшке ие, ал, түрік елінде діни
партиялардың жоқтығы діни топтардың әр түрлі діни және қайырымдылық қорлардың
қызметі арқылы саяси әрі қоғамдық өмірге ықпал етуге тырысушылық бар және осындай
тырысушылық өз іздерін анық көрсетуде. Оның анық мысалына Ф. Гүленнің оқиғасы айғақ
бола алады. Осы секілді Түркияның саяси өміріне ықпал етуге деген тырысушы бірқатар
жамағаттар белсенділігі байқалады. Әрине, бұл тақырыпты ашқан жағдайда ТР-дағы дін
және мемлекет қатынасының жаңа қыры ортаға шығары сөзсіз.
ИИР-да мемлекеттік басқару құрылымында діни адамдардың «уалият фақиһ»
құрылымының ықпалы басым. Елдегі жоғарғы кеңестер мен ел Көшбасшысы да осы
корпустың мүшесі. Елде сайланбалы президенттен гөрі діни корпустың өкілі – Көшбасшы
әлдеқайда құзыреттірек. Ал, түрік елінде керісінше Дианет өз қызметін президент әкімшілігі