Байланысты: Особенности отношений государства и религии принципы и тенденции развития
ЯСАУИ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ХАБАРШЫСЫ , №4 (118), 2020 ISSN-p 2306-7365 ISSN-e 2664-0686 33
Кіріспе Ислам дініне басымдылық беретін елдердің арасында Иран мен Түркияның дін мен
мемлекет қатынасының араб елдеріне қарағанда бірқатар өзгешеліктері бар. Аталмыш екі
елдің жаһандық аренадағы орны мен ішкі конфессия және ұлттық құрамы мен геосаяси
орналасу аумақтары әр түрлі. Сәйкесінше бұл елдердің конфессиялық саясаты және дін мен
мемлекет қатынастарын реттеу саясатында да, оны түзетін заңнамалық құжаттарында да
бірқатар айырмашылықтар бар. Сондықтан, мемлекет пен дін қатынасының әлемдік бет-
бейнесі мен толық тәжірибелерін кешенді зерттеуде Иран мен түрік елінің моделдеріне
тоқталу маңызды. Әсіресе, бұл екі елдің тарихи және мәдени басымдылығы бар діндерге
ерекше мәртебе берудегі тәжірибелерін зерттеу посткеңестік кеңістіктегі ішкі және сыртқы
саяси бағдарын дамытушы елдер үшін өзекті тақырып болып саналады.
Әрине, бұл тұста түрік елін ислам мемлекеті ретінде санау оғаш көрінері сөзсіз.
Дегенмен, соңғы кездері Түркияның ислам дініне бірқатар басымдылықтар беруі, өзін
мұсылман елдері арасындағы көшбасшы ел ретінде қалыптастыруға ұмтылуы аталмыш елдің
зайырлылық ұстанымдарына қарамастан өздерін ислам елі ретінде танытқысы келетіндігін
ашық көрсетуде. Ал, Иран Ислам Республикасы (ИИР) атына сәйкес өзінің исламдық
бағыттағы ел екендігін ашық мәлімдейді.
Зерттеу нысаны ретінде алынған екі елдің ішіндегі ИИР-дің мемлекет пен дін қатынасы
елдің мың жылдықтар тарихымен тікелей қатысты. Оның ішінде халықтың рухани тарихы
мен мемлекеттік басқару тәжірибесіне аса мән берілген. Ел конституциясының
преамбуласында «Иран Ислам Республикасы Конституциясы ислам негіздерін орнықтыра отырып, иран қоғамының мәдени, әлеуметтік, саяси және экономикалық институттарында көрініс беріп, ислам ұлтын (үмбет) қалыптсатыру үшін шынайы түрде күш салады» делінсе, 1-бабында «Иранда басқару жүйе – Иран халқының ескі сеніміне негізделіп, Құран бойынша әділдікпен басқарылатын, Аятолла имам Хомейни жетекшілік еткен ислам революциясының жеңісінен кейінгі Исламдық Республика...» делінген
жазбаларда елдегі билік жүйесіндегі исламның басымдылығы анық көрсетілген [1].
Мемлекеттік басқаруда Хомейнидің дін мен зайырлы биліктің бірлігін насихаттайтын ілімі
жатыр [2, 73–86-бб.].
ИИР-да мұсылман дінбасылардың белсенділігі мемлекеттің саяси, қоғамдық істерінде
байқалады. Оның елдегі заңдылық құқығы діни доктрина арқылы қуатталады. Ислам дінінің
алғашқы ғасырларында саяси билік пен діни көсемдік бір адамның құзіретінде болды. Оған
ислам дінінің ең алғашқы уағыздаушысы Мұхаммед пайғамбардың ислам халифатын құрып,
саяси және діни істерге қатар басшылық етуі жарқын мысал бола алады. Джафариттік ілімге
сәйкес жас кезінде ғайып болған пайғамбардың ізін жалғаушы он екінші имам кейін жерге
маһди болып қайта оралады. Яғни, саяси билікті де, діни басқаруды да өз қолына алады
деген сенім. Ал, ол қайта оралғанша дін ғұламалары саяси істерге араласуы тиіс деген
доктринаны жандандырып, іс жүзінде қазіргі Иран мемлекетінің халқының арасында кеңінен
танытқан Аятолла Хомейни болып табылады. Мұны Хомейнидің «...империялық державалар дінді саясаттан және саясатты діннен қуана-қуана бөлді. Әу бастан-ақ біздің саясаткерлер бұл идеяны алға тартқан еді, ал біз, дінбасылар, саясатқа мән бермейтінімізге және біз тек дінмен ғана шектелуіміз керек екендігіне сенген едік» дей
келе, «біздің міндет исламдық басқаруды орнықтыруға жұмыс жасау» дегенүндеулерінен
анық байқауға болады [3, 169–189-бб.].
Конституцияның 2 бабында «Ислам Республикасы – сенімге негізделген жүйелі басқа- ру» деп, ислам мемлекеті деген ұғымға анықтама бере отырып, аталмыш баптың 5 тармағын-
да «имамдардың (имамат) сабақтастығы мен олардың қоғамға деген қамқорлығы және ислам революциясын жалғастырудағы негіз қалаушы рөлі» және 12 бапта «Иранның ресми діні 12 имамды мойындайтын джафариттік бағытындағы ислам» деген жолдарында елдің
исламның шииттік бағытына негізделгендігін ашып көрсетеді. Исламдағы джафариттік