[Введите текст]
140
Монографиялық еңбекте көбіне қазақ әдебиетіндегі
жанрлық жүйе мен жанрлық түрлердің көркемдік
ерекшеліктері мен стильдік ізденістері жөнінде теориялық
мәселелер қозғалды. Кейінгі жылдары қазақтың сөз
өнерінде кеңінен орын алған әлеуметтік – тұрмыстық,
эпистолярлық,
фантастикалық,
философиялық,
психологиялық, тарихи т.б. секілді жанрлық түрлерде,
атап
айтқанда
Ж.Аймауытұлының
“Ақбілегі”,
“Күнікейдің жазығы”, М. Әуезовтің “Абай жолы”,
І.Есенберлиннің
“Көшпенділері”,
Ғ.Мүсіреповтің
“Ұлпаны”, Д. Исабековтің “Қарғыны”, Ә. Таразидің
“Жаза” т.б романдары эстетикалық - көркемдік
құндылығы мен кәсіби шеберлігі жоғары шығармалар
ретінде арнайы қарастырылды.
Осы еңбекті жоспарлап, өзі басында жетекшілік
еткен академик З.Ахметов “Пушкин және Абай. Жанрдың
мәдени - эстетикалық арнасы”
атты зерттеуінде көркем
аударма жанрының мәдени – эстетикалық арнасы туралы
теориялық тұжырымдар жасап, оның поэтикалық
мәселелерін жан-жақты әңгіме етеді.
“Сөз өнеріндегі тек пен түр” деген зерттеуінде
көрнекті ғалым, академик З.Қабдолов қазақтың сөз
өнеріндегі терминдік атауларды дұрыс қолдану мен оның
теориялық тұжырымдарына талдау жасай отырып, өзінің
замандас қаламдастарының туындыларын әлем әдебиеті
контексінде
салыстыра қарастырып, жанр табиғатын
талдайды.
Осы монографиялық еңбектің жауапты редакторы,
ф.ғ.д. А. Ісімақованың “Концепция А.Байтұрсынова о
романе и эволюция этой жанровой формы в мировой
литературе”
(“А.Байтұрсынұлының
роман
туралы
тұжырымы мен осы жанрдың әлемдік әдебиеттегі
эволюциясы”)
атты
зерттеуінде
М.М.
Бахтиннің
“Романизация стиля” деген тұжырымы мен А.
Байтұрсынұлының ғылыми қағидаларының үндестігі
тұңғыш рет ғылыми тұрғыдан дәлелденеді. Осы орайда,
ұлттық роман дәстүрінің ерекшелігі анықталып, жалпы
роман жанрының теориялық
негіздері мен жанрлық,
стильдік, көркемдік, эстетикалық құндылықтары әлемдік
әдебиеттану контексінде қарастырылған.
Ф.ғ.д. Ш.Р. Елеукеновтің “Пушкин және Абайдың
эпистолярлық романы” атты еңбегінде осы романның
жанрлық ерекшеліктері мен көркемдік–эстетикалық
құндылықтары теориялық тұрғыдан талданса, осы
бөлімнің аға ғылыми қызметкері, ф.ғ.к., Г.Пірәлиеваның
“Батырлық
эпос
жанрындағы
психологизмнің
бастаулары” және “Роман жанрындағы әдеби түс көрудің
көркемдік табиғаты” деген ғылыми зерттеулерінде
фольклорлық мұраларымыздағы
көркемдік-эстетикалық
құндылықтар, ондағы көркем суреттеулер, көркемдік
ойлау жүйесі, психологиялық талдаудың алғашқы
нышандары мен психологиялық романның жанрлық
ерекшеліктері сөз болады.
[Введите текст]
141
Ф.ғ.к. Г. Елеукенованың орыс тілінде жазылған
“Принципы исследования художественного рассказа
1950–1980-х годов” атты зерттеуінде қазақ әңгіме
жанрының
даму жолы, оның көркемдік ерекшеліктері
әңгімеленсе, кіші ғылыми қызметкер А.Ойсылбайдың
“ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеттануындағы жанрлық
жүйе” деген ғылыми мақаласында А. Байтұрсынұлының
“Әдебиет танытқышындағы” әдеби ағымдар мен әдеби
сын секілді жанрлық түрлер жайлы әңгіме болады.
Жинақтай келе айтарымыз, бұл қазақ әдебиеттану
ғылымында жанр мен поэтика мәселесіне арналған
арнайы жазылған еңбек екендігімен құнды.
Осы институттың әдебиет теориясы және әдебиеттану
методологиясы бөлімінің ғылыми қызметкері,филология
ғылымдарының кандидаты
Ұлан Еркінбаевтың жауапты
шығарушылығымен “Қажым Жұмалиев және қазіргі
әдебиеттану ғылымының мәселелері” атты академик
Қ.Жұмалиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған
республикалық
ғылыми-тәжірибелік
конференция
материалдарының жинағы (Алматы .2008 жылы 230 беттік
көлемде жарық көрді.Конференция материалдарында
әдебиет тарихы,сыны,теориясы саласындағы ізденістер
кеңінен қамтылған.
Академик С. Қирабаевтың зерттеу нысанасының
негізгі
саласының
бірі-
Достарыңызбен бөлісу: