Тәуелсіз әдебиеттану ғылымындағы соны бағыттың
басты мұраты - ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихын,
әдебиет теориясының негіздерін, ұлттық әдеби ұғымдарды
өзіміздің көне рухани мұраларымыздан, ежелгі әдеби
жәдігерлеріміздің
көркем
мәтіндерінен
іздеу
жұмыстарының жүргізіле бастауы дер едік. Оның бірден-
бір дәлелі –М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының әдебиет теориясы және әдебиеттану
методологиясы бөлімінің ғылыми қызметкерлер ұжымы
(ғылыми жоба жетекшісі А. Ісімақова) «Қазақ әдебиеттану
ғылымы: тарихы, теориясы, сыны» деген тақырыпта үлкен
ғылыми жоба бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізген
болатын.Осы үш жылдық ғылыми жоба негізінде
жазылып, 2008 жылы А»ҚазАқпарат» баспасынан екі
томдық кітаптың 1-томы 646 беттік көлемде жарық
көрген “Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы”атты
ғылыми-зерттеу жұмысында бұрындары кеңестік
кезеңнен бастау алған деп келген қазақ әдебиеттану
ғылымының көне бастаулары, қалыптасу мен даму
жолдары т.б тұңғыш рет ғылыми тұрғыда жүйеленді.
Әдебиеттану ғылымының үш ірі саласы-әдебиет тарихы,
сыны, теориясы саласындағы ізденістер кеңінен
қамтылып, кезеңдік тұрғыдан жүйеленіп, бір ізге
түсірілген.монографиялық зерттеуде тұңғыш рет ұлттық
[Введите текст]
133
әдебиеттану ғылымының тарихы көне түркі әдебиетінен
басталып,күні
бүгінге
дейінгі
әдебиеттанушы
ғалымдардың сөз өнеріне қатысты әдеби-теориялық
ойлары,стиль
және
жеке
жанрлық
түрлер
мен
категорияларды талдаған еңбектері “пән сөздері” аясында
арнайы
зерделенді.
Жалпы,
ғылыми
жобаның
мақсат,міндеті “Кіріспеде”жан-жақты жүйеленіп айтылды.
Кеңестік дәуірдің уақыт талабына сай қазақ әдебиеттану
ғылымының туу дәуірін Қазан төңкерісінен кейін бастау
керек деген ұсыныстардың болғандығын, алайда түбі бір
түркі тектес халықтарға ортақ әдеби жәдігерлердің,
мәдени мұралардың қолда бар мәтіндері біздің сөз өнері
тарихының тамыры әріде, тым тереңде жатқандығын
дәлелдейтін бұлтартпайтын нақты ғылыми деректер
екендігін,
алайда
олардан
саналы
түрде
сырт
айналуымызға тура келгендігі бүгінде мойындалған
тарихи факт. Сондықтан да бұл еңбекте ұлттық
әдебиеттану ғылымының тарихы қазақ жеріндегі
Отырарда туған, әлемге “екінші ұстаз” атанған
энциклопедист ғалым Әбунасыр әл-Фарабидің әдеби-
ғылыми мұраларына басталады. әл-Фарабидің сөз өнеріне
тікелей қатысты бірнеше еңбектері талданып,түркі
әлеміндегі әдеби-эстетикалық көзқарастың, әдебиеттану
ғылымының
жанрлық,категориялық
терминдерінің
кеңестік
дәуірге
дейін
қалыптасқандығын
нақты
талдаулар арқылы ғылыми айналымға енгізеді. Осы
мақсатта жазылған әдебиеттанушы ғалым Жандос
Смағұлдың “Ежелгі дәуірдегі әдеби таным арналары (ҮІ-
ХІҮ)” атты тарауында ежелгі дәуір әдебиетінің басы
саналатын әдеби нұсқа бар екендігін дәлелдеген Йолығ
тегіннің “Күлтегін” тарихи-әдеби жазба ескерткіші және
ұлттық эстетикалық танымның тамыры болған “Қорқыт
ата кітабындағы”Қорқыттың өнерпаздық тұлғасы,сондай-
ақ Орхон-Енисей, ”Тоныкөк”,”Могилян хан”, ”Оғызнаме”
т.б көптеген жазба ескерткіштері, олардың ұлттық
әдебиеттану ғылымының қалыптасуындағы қомақты үлесі
жайлы жан-жақты сөз болады. Бұл еңбектің құндылығы
бұрындары қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби және
ғылыми айналымға енбеген тың туындылардың талдануы.
Жоба жетекшісі Айгүл Ісімакованың “Қазақ әдебиеті
туралы ғылымның бастауы (Шоқан Уәлиханов, Ыбырай
Алтынсарин,Абай Құнанбаев)” атты тарауда Шоқан,
Абай мен Ыбырайдың әдебиеттің өнер екендігін, олардың
шығармаларында
әдеби-теориялық
білім
жүйесі
жасалғандығын нақты мәтіндерді талдау арқылы
айқындайды.
“Кәсіби қазақ әдебиеттануының қалыптасуы (1900-
1932)” (авторлары Г.Пірәлиева, А.Ісімақова) атты үшінші
тарауда кеңес дәуіріне дейінгі әдеби-эстетикалық
көзқарастар
Алаш
зиялыларының
еңбектерінде
қалыптасқандығы,
алайда
олардың
тек
еліміздің
тәуелсіздік алған соңғы жылдары ғана ғылыми айналымға
ене бастағандығы және ХХ ғасыр басындағы мерзімді
баспасөздерде болған әдеби айтыстар,барлық салада
[Введите текст]
134
жарияланып жатқан оқулықтардың құндылықтары, ел
арасындағы әдеби мұраларды жинау барысындағы
атқарылған
игілікті
шаралардың
сол
кезеңдегі
әдебиеттану ғылымының үш саласының да (әдебиет
тарихы, сыны, теориясы) жан-жақты дамып,кәсіби
деңгейде дамуына дәнекер болғандығы т.б жөнінде
кеңінен әңгіме болады.
“Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеттануының дамуы
(1932-1956)” (авторлары Г.Елеукенова, А.Ойсылбай) атты
төртінші тарауда қазақ кеңес әдебиеттануының дамыған
кезеңі, таптық көзқарастағы тақырыптық, идеологиялық
мәселелердің
алға
шығуы,
жағымды,
жағымсыз
кейіпкерлердің туу себептері, т.б кезеңдік мәселелер сөз
болады. Және осы кезеңде әдебиеттану ғылымында
белсенді еңбек етіп, ұлттық сөз өнерінің кәсіби тұрғыдан
дамып,өрістеуіне үлес қосқан көрнекті әдебиеттанушы
ғалымдардың өмірі мен шығармашылықтарына да арнайы
зерттеу жұмыстары жүргізілген.
“1957-1991 жылдардағы қазақ әдебиеттануы”
(авторлары Г.Елеукенова, Г.Пірәлиева) атты тарауда
жетпіс жылдық тарихы бар қазақ әдебиеттану ғылымының
жылымық кезеңі, сол кезеңде әдебиетке келген кәсіби
дайындығы бар жастардың (Ә.Кекілбаев, А.Сүлейменов,
З.Серікқалиев, Қ.Ысқақ, Ш.Мұртаза, Т.Тоқбергенов т.б)
көркемдік, ғылыми деңгейді дамытудағы қолтаңбалары,
1988 жылы Алаш ардагерлерінің ақталып, ғылыми
айналымға ене бастауы арқылы жаңа ғылыми көркемдік
жүйенің қалыптасуы,әдеби сынның шарықтап өрістеуі,
әдебиеттану ғылымында тек сөз өнерінің мәселесіне
арналған арнайы ғылыми монографиялық зерттеулердің,
ғылыми
дәреже
үшін
жазылған
диссертациялық
еңбектердің дамуы т.б осы кезең аралықтағы рухани
құндылықтарымызға
қосылған
жақсы
жаңалықтар
зерттеушілердің назарынан тыс қалмаған.
Және бір ерекше тоқталар жәйт-көне дәуірден күні
кешеге дейінгі кезең аралықтағы ұлттық әдебиеттану
ғылымын
қалыптастыруға
өзіндік
үлес
қосқан
қаламгерлер мен зерттеушілер, әдебиеттану ғалымдардың
өмірі мен шығармашылықтары жөнінде арнайы тараулар
мен қоса шолу мақалалар да берілді.
“Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы” атты екі
томдық еңбектің алғашқы томының ерекше атап өтер
жаңалығы – ұлттық әдебиеттану ғылымының тарихи
негіздері,бастау көздері, кәсіби қалыптасу кезеңдері мен
даму жолдары, оның әдебиет тарихы, сыны, теориясы
атты үш үлкен саласындағы теориялық ізденістер тұңғыш
рет жүйеленіп, бір арнаға түсуінде десек болады.
«Қазақ әдебиеттану ғылымының тарихы» аты екі
томдық зерттеудің екінші томында ұлттық әдебиеттану
ғылымының
тәуелсіздік
кезеңіндегі
жетістіктері
теориялық тұрғыдан талданып,көркем сөз үлгілерін
жүйелеу,дәуірлеуге дейінгі аралық арнайы зерделенген.
Жинақта қазақ әдебиеттану ғылымындағы тәуелсіздік
кезеңінде жарияланған зерттеу еңбектердің жүйесі мен
[Введите текст]
135
әлем әдебиеттануының классикалық филология мен соңғы
жылдары кеңінен бүкіл өнер өлкесінде өріс алып отырған
постмодернистік (постструктуралистік) зерттеулер әдісін
талдау да нысанаға алынған.Зерттеу көркем сөзді танудың
тарихына,теориясы мен сынына қатысты үш бөлімнен
тұрады.
Алғашқы тарау «Тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиетті
танудың теориялық мәселелері» деп аталады. Ол бірнеше
тараушалардан тұрады.Атап айтар болсақ, «Ежелгі
әдебиет үлгілерінің зерттелуі», «Тәуелсіздік кезеңіндегі
абайтану», «Қазіргі кезеңдегі әдебиет тарихы мен
әдебиеттанудың
теориялық
мәселелері»,
«Бүгінгі
постмодернистік зерттеулер», «Қазіргі әдебиеттану
ғылымындағы герменевтикалық, структуралистік және
семиотикалық
зерттеу
тәсілдері»
деген
бірнеше
тараушалардан тұрса, «Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ
әдебиеті тарихын жаңаша жазу» атты екінші тарауда
еліміздің егеменді алған кезеңінен бастап қайта қаралып,
жаңаша пайымдалған тәуелсіз ұлттық қазақ әдебиеті
тарихы және әдебиеттану ғылымының көкейкесті
мәселелері сөз болады. «Тәуелсіздік кезеңіндегі әдеби
сын» атты тарауда соңғы жылдары өткен халықаралық
ғылыми - теориялық конференцияларындағы қазіргі
әдебиеттану ғылымының мәселелері зерделенген.
Сондай-ақ, тәуелсіздік кезеңіндегі әдебиеттің жаңаша
пайымдалуы барысындағы осындай игілікті істің тағы бір
бастамасы әдебиеттанушы ғалым Жандос Смағұловтың
зерттеулері арқылы байқалады. Қазақ әдебиеті туралы
ғылым қашан пайда болды, оның алдында қандай
бастаулары болды деген сауалға жауапты ол 1990
жылдары қайта көтерді.
1999 жылы жарық көрген Ж. Смағұловтың «Қазақ
әдебиеттану ғылымының қалыптасу тарихы» атты
зерттеуінде ұлттық әдебиеттану ғылымының тууы мен
қалыптасу кезеңдері, кеңестік идеология мен маркстік-
лениндік әдіснаманың тозғаны, әдеби мұраны игеру мен
осы бағыттағы нақты ұсыныстарды бүгінгі уақыттың жаңа
талаптары тұрғысынан қарастырылады.
Ал, С.Б.Жұмағұловтың “ХХ ғасырдың екінші
жартысындағы қазақ әдебиеттану ғылымы (1956-1991)”
деген 2008 жылы Қарағанды қаласынан ЖШС “Гласир”
атты баспасынан 552 беттік көлемде жарық көрген
монографиясында өткен ғасырдың екінші жартысындағы
қазақ әдебиеттану ғылымының өзекті мәселелері
жылымық жылдарынан бастап тәуелсіздік кезеңіне дейінгі
қоғамдық
өмірдің
саяси-әлеуметтік
ағысындағы
қайшылықтармен тығыз байланыста қарастырылған.
Монография ірі үш тараудан тұрады.”Жылымық”
жылдарындағы ұлттық әдебиеттану” атты алғашқы
тарауында “Қазақ әдебиетінің ғылыми тарихын жасау
жолдары”,”Әдеби сын
және эстетикалық таным-
білік”,”Әдебиет теориясының мәселелері” қарастырылған.
Ал,
”1968-1984
жылдар
аралығындағы
ұлттық
әдебиеттану” деген екінші тарауында қазақ әдебиеті
[Введите текст]
136
тарихының зерттелу үрдісі, байырғы әдебиет бастаулары,
фольклористика және түркітану, шығыс руханиятымен
дәстүрлі әдеби байланыс, ХҮ-ХҮШ ғасырлардағы
жыраулар поэзиясы, ХІХ-ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиеті,кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті,көркемдік үрдіс
және әдеби сын,әдебиет теориясының даму өрісі, өлең
сөздің теориясы, драматургия арналары т.б мәселелер жан
- жақты қарастырылған.
2007 жылы әдебиет теориясы және әдебиеттану
методологиясы бөлімінің ғылыми ұжымы үш томдық
“Мировое литературоведение” атты хрестоматиялық оқу
құралының
алғашқы
екі
томын
жарыққа
шығарды.М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер
институтының Ғылыми кеңесі ұсынған, тәуелсіздік алған
тарихи жылдар көлемінде тұңғыш рет әлем әдебиеттануы
мен ұлттық әдебиеттану ғылымындағы сөз өнері туралы
ең таңдаулы деген теориялық еңбектерді құрастырған бұл
еңбектің 272 беттен тұратын алғашқы томындағы
“Специфика искусства и принципы его изучения”,
“Литература как вид искусства и ее роды”,”Литературное
произведение” деген тарауларда әлемдік әдебиеттану
ғылымындағы теориялық ойлар мен оған қатысты басты
категориялардың,атап айтқанда автор мен кейіпкер,сюжет
пен композиция,көркем образ бен сөз,жанр мен стиль т.б
сияқты мәселелердің генезисінен бастап даму жолдары
жайында жазылған зерттеуші мамандардың еңбектерінен
ең қажетті деген тұстары ықшамдалынып алынған
мақалалардың топтамалары берілген. 2008 жылы 316
беттік
көлемде
жарияланған
екінші
томында
“Литературное
произведение”,
«Стилистика»,
”Стиховедение”,
”Литературные
жанры”
”Функционирование литературных произведений” деген
тарауларында әдебиеттану ғылымының философия,
мәдениеттану т.б ғылымдарындағы теориялық ойлар
жинақталған.
Ұлттық әдебиеттану ғылымында тұңғыш рет
жарияланып отырған хрестоматиялық оқу құралы
студенттерге, филолог мамандарға, әдебиетшілерге аса
зәру еңбек екендігі сөзсіз.
Ендігі кезекте тәуелсіздік алғаннан кейінгі жылдары
жазылып, жарық көрген жеке және ұжымдық ғылыми
зерттеулер мен монографиялық еңбектерге шолу жасай
кетуді де мақсат тұттық.
Айталық,
“Қазіргі
әдебиеттану
мен
фольклористиканың теориялық және методологиялық
мәселелері” атты ұжымдық жинақты Әл-Фараби атындағы
Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті
әдебиет теориясы және фольклористика кафедрасының
ғылыми қызметкерлері осы университеттің 70 жылдығына
арналған
Халықаралық
ғылыми-теориялық
конференцияда (24–26 мамыр, 2004 жылы) жасалған
баяндамалар негізінде дайындаған. Көлемі – 384 бет. Бұл
баяндамаларда әлем әдебиеті мен ұлттық әдебиеттер және
халық ауыз әдебиеті мұраларына қатысты типологиялық,
[Введите текст]
137
эстетикалық және поэтикалық заңдылықтар, мазмұн мен
құрылым,
стиль,
жанр
мәселелері
сөз болады.
Салыстырмалы әдебиеттану мен әдеби байланыстар,
шығарманың мәтіндік жүйелері, жекелеген көркемдік
әдіс–амалдардың, қара сөз бен өлең сөздің ерекшеліктері
қарастырылады. Жинақ екі бөлімнен тұрады. 1-бөлім
әдебиет теориясы мәселелеріне арналған, 2-бөлімде
фольклористика және текстология мәселелеріне арналған
ғылыми мақалалар жинақталған.
Сәті келгенде айта кетер бір жәйт - осы
университеттің ғылыми ұжымы әркезде әдеби процесті
уақтылы саралап отыруды назардан тыс қалдырмайды.
Өйткені, күнделікті оқу процесі, студент жастарды уақыт
талабына сай күнделікті өмірмен, әдеби ағыммен
таныстырып отыру үшін оқу құралдарын жаңа
есімдермен,
жаңа
әдеби
дәстүр,
ізденістермен
толықтырып отыру-бүгінгі күн талабы. Соның бірден–бір
дәлелі – ф.ғ.д, профессор Ж.Дәдебаевтың “Қазіргі қазақ
Достарыңызбен бөлісу: |