Петров Григорий Финляндия а қ лала гүлдер мекені



Pdf көрінісі
бет13/14
Дата01.03.2023
өлшемі0,75 Mb.
#70834
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
finljandija a lala glder meken

АУЫЛ АДАМЫ, Ж
ҰМЫСШЫ ЖӘНЕ ӨНЕР ИЕСІ
Снелман бала кезден ж
әне университет қабырғасында жүргенде 
ұлтқа қатысты мәселелер мен қоғамда болып жатқан жайттардың 
билік сарайында
ғылардың түсінігіне орайластырып талданатынына 
ж
әне солай қабылданатынына іштей наразы болатын. Себебі, барлық 
о
қуылықтарда патшалар мен олардың жанындағылар, ақсүйек 
отбасыларыны
ң өз араларындағы болған дау – жанжалдар, қала 
берді, барондар мен генералдар жайлы жан – жа
қты мәлімет беріліп, 
кітапты
ң соңғы бірнеше бетінде ғана жазушылар мен өнер иелері 
жайында, оларды
ң өмірі жайлы болмашы мағлұмат берілетін. 
Со
ғыстар, 
сарай 
ішінде 
бол
ған 
құйтырқы 
әрекеттер, 
дипломаттарды
ң қулықтары, қасақана жасалған қастандықтар мен 
қиянаттар, үтір – нүктесіне дейін баяндалатын. Тарих пәнінің 
м
ұғалімдері де тек осы тақырыптармен шектелетін.
Біра
қ, ғасырлар бойы түрлі мемлекеттерде өмір сүрген қарапайым 
халы
қтың қалай күн кешкендігі жайлы, миллиондаған ауыл 
адамдары, мы
ңдаған өнер иелерінің өмірі мен өнегелі істері 
тарихты
ң шеңберінен тыс қалып жататын. 


Халы
қтың сана – сезімінің жоғарылай түсуін қалайтын адамдар 
өте аз болған. Дәлірек айтсақ, ұлт өкілдерінің материалды және 
рухани 
өмірінің жақсаруына және жоғары сатыға көтерілуіне бас 
ауырт
қан адам бола қоймаған. 
Егін мен ба
қшаның күтімін, жануарларды баптап – бағу, кірпіш, 
қағаз және түрлі тауар өндірістерін дамытуда әжептеуір тер 
т
өгілгендігі көрініп тұрады. Бірақ, миллиондаған адамның рухын,
к
өңіл – күйін, денсаулығын, күнделікті қорегі мен тұрмыс -
тіршілігін жа
қсартуға айтарлықтай көңіл бөлінбеген. Бұл
м
әселелердің шешімі қарапайым халықтың өз мойнына жүктелген.
Құтты халықтың тұрмыс – тіршілігіне жауапты ешкім жоқ және
болма
ған тәрізді.
Әрдайым барлық жерлерде қарапайым халық сабыр мен төзімділік 
к
өрсетуге мәжбүр. Қиыншылықтар мен жоқшылыққа төзіп, күн 
кешу 
қарапайым халықтың міндетіне айналған. Қит етсе, халықты 
кін
әлап, оны мейлінше төмендетіп, басып отырған. 
Барлы
қ жерде халық турасында мына сөздер айтылатын болған:
«Халы
қ маскүнем, жалқау, еңбек етуге құлықсыз, қатыгез, ашкөз 
т.с.с..»
Енді бірде 
өз сөздеріне өздері қарсы шығып, былай дейді:
«Халы
қ қиыншылықтарға сабыр мен төзімділік таныта отырып, 
өзінің ұлылығын паш етуде. Аш-жалаңаш, суықта тоңып, жайсыз 
баспаналарда 
өмір сүрсе де, шағымдануды білмейді».
Халы
қтың осындай шыдамдылығы мен төзімділігі туралы бар 
ынталарымен жарыса айтып, оларды
ң бұл қасиеттерін діни сенімнің 
жо
ғары деңгейіне балайды. Онсыз да, осылай айтып-айтып, 
христианды
қты сабыр мен төзімділік көрсететін дінге айналдырған 
жо
қ па?
Снелман сабыр мен т
өзімділікті бар ғибадат деңгейіне көтергендері 
үшін халыққа да, халықты осы халге түсіргендерге де қатты 
ашуланатын.
Е
ң үлкен жоқшылық пен бассыздықтарға халықты сабырға 
ша
қырған зиялы қауым өкілдеріне ашуланатын.
Осындай жайттар
ға үн – түнсіз көнбістік танытып келе жатқан
ту
ған халқына да наразылығын жасырмайтын.


Халы
қтың самарқаулығына, өмірде кездесетін материалды және
рухани келе
ңсіздіктермен бірге өз құқықтарының желінуіне жол
беріп, маск
үнемдікпен күн кешкендеріне ыза болатын.
Снелман кейде 
қатты ашуланып, халқына:
«Миллионда
ған адамдар хайуан тәрізді өмір сүріп жатыр. Кір, лас, 
жиіркенішті. Оларды
ң бар білетіні – ас ішіп, аяқ босату.»
Артынша, сабасына т
үсіп, бұл пікірін былайша айқындай түсетін:
«Біра
қ, бұған тек халық кінәлі ма? Бұл – халықтың басына төнген 
қауіп. Мұның соңы жақсылыққа апармайды.»
Снелман халы
қ пен билікті былай салыстыратын:
«Ба
қша мен орман ... Бақшаның ішіне жолдар салынып, екі шетіне 
топыра
қ төселіп, гүлдер мен жеміс ағаштары отырғызылған ...
Ашы
қ алаңқайда күнделікті суарып, уақытылы қырқылып, әдемі
қалыпқа келтіріліп отыратын жап – жасыл шөп өсіп тұр ...
Шегірг
үлдер гүлдеп, бақшаның ішін одан сайын көріктендіріп,
құлпырта түскен ... Жан – жақта орнатылған субұрқақ та көрген
жанды с
үйсінткендей ... Әр – әр жерге ескерткіштер орнатылған ...
Жолды
ң шетіне адамдар дамылдап, тынығулары үшін, арнайы
ж
ұмсақ дивандар қойылған ... Бұл жердегі гүлдің әр талы мен
т
ұқым түйірінің өніп, көктеуі үшін бірнеше адамның еңбегі сіңгені
к
өзге көрініп тұр.
Енді ойша орманды тамашалап к
өрейік: Бұл жердегі көрініс мүлде 
бас
қаша. Ағаштар мен өсімдіктер күтімсіз, қараусыз қалған, жабайы. 
А
ғаш тұқымдары желмен қай жерге түссе, сол жерде өсіп шыға 
берген. Осыны
ң салдарынан орманның ішінде адам жүретін 
жал
ғызаяқ жол шыға қалса, ол да жай ғана сәйкестік болуы мүмкін. 
М
ұндай жолдарды ашып, адам жүретіндей дәрежеде болуын
қадағалап жатқан жан жоқ.
Халы
қ болса, орманға ұқсайды, егер қадірін білетін адам табылып 
жатса 
ғана, орманды қорғауға атсалысады. Халық та зиялы қауым 
өкілдері сияқты – адам баласы. Олардың да арасында ақылды, 
қабілеттілері бар. Олардың бойларында ең жоғарғы деңгейдегі 
рухани даму
ға деген бейімділікті оятып, дамыту үшін, күнделікті 
ж
әне рухани азықпен қамтамассыз етіп, жағдай жасалу қажет.»
Снелман барлы
қ ауыл адамдарын, жұмысшыларды, өнер 
адамдарын, бір с
өзбен айтқанда, халықты барынша жан-жақты


т
әрбиелей отырып, оларды дұрыс жолға бағыттауды өзінің ең басты
ма
қсаты деп білген. Ол – Финляндияда білім мен тәрбие саласын
дамытуда ерен е
ңбек сіңірген тұңғыш ұлт зиялысы.
Ол бар
ған жерінде мынадай үгіт-насихат айтатын:
«Ту
ған өлкеміздің басым бөлігінің сауатсыздық пен надандықта 
к
үн кешіп жатқанын көре тұрып, үнсіз қалу бізге жараспайды. 
М
әдениеттің нұрына бөленген адамның өз ұлтының болашағына 
бей
қам қарауы – ұлтына жасаған қиянаты болып есептеледі.
Мемлекет дегеніміз жо
ғары қабатының терезелері кең, еңсесі биік,
ауасы тап – таза, іші жап – жары
қ, ал, төменгі қабаты мен шатыры
болса, таст
үнек, қабырғасы дымқылданып, көгере бастаған, тар
ж
әне терезесі жоқ ғимаратқа ұқсамауы тиіс.
Халы
қтың басым бөлігінің төл мәдениетінен мақрұм қалуы
з
ұлымдықпен пара – пар. Бұл мемлекеттің түбінен шіріп, жоғалуына
әкеп соқтырады.
Е
ң жақсы, ең сапалы он миллион ағашы бар орманды 
елестеті
ңіздер. Бұл орманға еш көңіл бөлінбей, дер кезінде тазалық 
ж
ұмыстары жүргізілмей, қараусыз қалатын болса, ондай орманнан не 
пайда? 
Үлкен ағаштардың бұтақтары дауылдарға шыдас бермей 
сынып, а
қырында жаңбыр суымен шірісе, уақыт өте келе орманның 
орнында белшеден балшы
қ пайда болады. Осылайша, саф, таза ауасы 
бар орман ж
үздеген шақырымға дейін созылып жатқан безгек 
ауруыны
ң қоздырғышы мекен ететін балшыққа айналмай ма?».
«Мені д
ұрыс түсініңіздер! Мемлекетіміздің әрбір жұмысшысы – 
бізді
ң баға жетпес байлығымыз. Оның күнделікті ішіп – жемі мен 
бас
қа да шығындарын есептеп, жақсы шарттарда жұмыс істеуіне 
жа
ғдай жасалу керек.
Еліміздегі маск
үнемдер дұрыс тәрбие алғанда, әрқайсысы 
ұлтымыздың болашағы үшін таптырмас жұмыс күші болар еді.
Снелман Еуропа
ға сапары барысында басынан өткен оқиғаны 
баяндады. Ол Берлинге бар
ған кезде, Австралияның атақты 
жазушысымен танысады. Жазушы шы
ққан тегі бойынша таза
словакиялы
қ болғанымен, шығармаларын тек неміс тілінде жазады
екен. Осы
ған дейін газет беттерінде жарық көрген сансыз мақалалары
мен 
кітапшаларында 
австралиялы
қ 
немістерді
ң 
Галицияда,
Моравияда
ғы Чехтар мен Словакиялықтарға, Сербтер мен


Хорваттар
ға үстемдік жүргізуін дұрыс деп есептемейтінін жазған. Ол
өз мақалаларында: «Словакиялықтардың мінезі өте бос, әйелдер
сия
қты. Жаратылыстарынан жалқау. Көп жылдар бойы басқалардың
боданы бол
ғандықтан, өздіктерінен жұмыс жасауға құлықсыз және
өмірлерін енжарлықта өткізгенді ар санамайды. Олар сауда-саттық
жаса
ғанда көп адамдарды алдайды, көбісі қулықпен өмір сүреді.
Же
ңіл табыс көздерін іздеп, тапқан – таянғандарын оңды-солды
шаш
қанды ғана біледі.
Мені
ң ойымша, мұндай халыққа немістердің тәрбиесі қажет.
Словакиялы
қтарға қарасам, жұмсақ, иісі шығып кеткен қойдың
терісі есіме т
үседі. Оларды немістердің тері илеушілерінің қолына
тапсыру керек. Немістер оларды таза, жылы тон
ға айналдырады.
Жан – жа
қты білімді бұл жазушымыздың сөздеріне қарасаңыз, өте 
сапалы білім ал
ғандығы көрініп – ақ тұр. Бірнеше Еуропа тілдерін 
жетік ме
ңгерген. Шығармаларын жеңіл, түсінікті, тартымды тілмен 
баяндайды. Ма
қалаларына әр заманда өмір сүрген атақты 
философтар мен 
қоғам қайраткерлерінің, тарихшылар мен 
әдебиетшілердің сөздерін енгізіп отыратын әдеті бар. Жазған 
е
ңбектері үшін Австрия мемлекетінен қомақты қаламақы алып 
отырады. 
Негізі ол жаратылысында жаман адам емес. Біра
қ, құмарханалар
мен мейрамханаларда с
ұлу әйелдермен көңіл көтеріп, қайғысыз –
қамсыз өмір сүргенді ұнатады. Ал ондай өмір сүру үшін көп ақша
қажет.
Осы себепті, ол 
қажет болса, ақша үшін еш ойланбастан, өзінің ары 
мен намысын да 
құрбан ете алады. Ол өзі аңсаған өмірге ар – 
намысын жо
ғары ұстап жүріп те, жетуге болатынын ойламайды. Оны 
ойлау 
үшін адамның бойында рух тазалығы болу қажет. Өкінішке 
орай, ол бізді
ң жазушымыздың бойында көрініс таппаған. Себебі, ол 
Австрия университетінде білім алып, сол кезді
ң танымал саясаткері 
Меттерничті
ң сұрқия саясатымен уланған.
Меттернич – 
өзінің саясатта сұрқия амалын халықтың бойына 
сі
ңіре отырып, бүкіл Еуропа жұртының тәрбиесін бұзған сарай 
т
үлкісі. Оның ойынша өз мақсатына жетудің бір ғана жолы бар, ол – 
пара беру. Тіпті Меттерничті
ң тұсында қай бастық қанша пара 
алатынын алдын – ала біліп, с
ұрастырып отыратын секретарлар пайда 


бол
ған. Осылайша пара алып-беру күнделікті үйреншікті жайтқа 
айнал
ған. Қоғамда түрлі келеңсіздіктер бой алып, жастарға үлгі 
боларлы
қ тұлғалардың өзі дүниелік пайданың соңына түскен.
Осылайша ерте
ңгі күнге мақсат-мұраты жоқ, рухани ашкөздікке
душар бол
ған жастар көбейе бастады.
Міне, осындай 
қоғамның жазушысы болған біздің кейіпкеріміз де 
Шиллер сынды адами 
қасиеттер мен сұлулықты, турашылдықты ту 
еткендерді м
үлде түсінбейтін. Немістерді жақтап, Словактарды 
жамандау оны
ң бар өмірінің мәніне айналды.
Оны
ң бұл қателіктерін бетіне айтқан адамдарға:
- Мен е
ң мықты жазушымын. Мен шебер жаза алмасам, немістер 
ма
ған мұншалықты көп ақша төлемес еді, - дейтін. Яғни, ол жасап
ж
үрген ісінің дұрыс екендігіне өзін шүбәсіз сендірген.
Снелман Берлинге бар
ған кезде әлгі жазушымен танысады. 
Снелман б
ұрын – соңды оның ешбір шығармасы немесе мақаласын 
о
қымаған, тіпті атын да естімеген.
Берлинде Фин ж
әне Словакиялық бұл екі қонақтың құрметіне, 
немістерді
ң тілімен айтқанда «мәдениеттің жаршыларына» арнайы 
дастархан жайылады.
Бас
қосудың соңына қарай, адам аяғы басылған сәтті пайдаланып, 
Снелман словакиялы
қ «мәдениеттің жаршысын» әңгімеге тартады.
Снелман о
ған ұлт мәдениетінің өркендеуі жолында қызмет ететін
адам барынша шынайы ж
әне рухы таза болу қажеттігін айтады.
Снелман:
«Мысалы, біздер – фин хал
қы мәдениеттің ең дамыған сатысына 
қол жеткізгенімізге кәміл сенеміз. Сол үшін тынбай еңбектеніп 
жатырмыз. Финляндияда болаша
қта білім ошағы салынбаған бірде – 
бір елдімекен 
қалмайды. Қажет болса, балықшының күркесін де білім 
н
ұрымен айдындатамыз. Сөйтіп, бүгінгі бөбектерімізден ертеңгі күні 
білімді, рухты, к
өзі ашық жалындаған жастарымыз өсіп шығатын 
болады. Егер ту
ған халқың надан, мәдениетсіз болса, оны сынап – 
мінеуді
ң орнына, мәдениет пен өркениетке баулып, халқыңа адал 
қызмет қылу керек.» - деді. 
Ал
ғашында Снелманның сөздерін амалсыздан тыңдап отырған 
жазушымыз, бірте – бірте оны
ң айтқандарынан қатты әсерленіп, 


қоштасарда: «Мен сізбен өте кеш танысқаныма өкінемін» - деп, 
қолын қысты.
Снелман Суомиге орал
ған соң, арада жиырма шақты күн өткенде 
хат алады. Хатта:
«Сені
ң сөздерің маған қатты әсер етті. Рухымды тербеді. Осы 
к
үнге дейін жасап келген істерімнің дұрыс болмағанына көзім жетті.
Енді б
ұлай өмір сүре алар емеспін. Өзімнен қатты жиіркенем. Ождан
азабына шыдай алар емеспін. Жанымды 
қоярға жер таппай, өмірмен
қош айтысуға бел будым.» - деп жазылған. Снелман хатты жазған
адамны
ң қолтаңбасын тани алмады, оның үстіне аты-жөнін де
жазбапты.
Арада бір ай 
өткен соң, Снелман Виана газетіндегі хабарды көзіп 
шалып 
қалады. Онда атақты жазушының өмірден озғаны туралы
жазылыпты. осы хабарды о
қыған сәтте ғана Снелман өзіне келген
хатты кімні
ң жазғанын түсінді.
Арада біраз уа
қыт өткен кезде, дәрігерлер, мұғалімдер мен дін 
қызметкерлері халықпен етене араласып, алған әсерлерін, ой-
тол
ғамдарын баспасөздерге жариялай бастады. Кейбірі кішігірім кітап 
қылып басып шығарды. Осындай шығармалардың арасында «ауыл 
д
әрігерінің естеліктері» және «Ауылдағы поптың естеліктері» деген 
кітаптар халы
қтың назарына ілікті. 
Б
ұл екі кітап қоғамда түрлі қарама-қайшы пікірлер туғызып, елді 
еле
ң еткізген ерекше құбылыс болды. Біреулер: «Туған халқы үшін 
ж
үрегі сыздап, оның болашағына үлес қосқысы келген барлық 
адамны
ң жастанып жүріп оқитын кітаптары!» - десе, енді біреулер: 
«Б
ұл кітаптарда жазылғандар қып-қызыл өтірік. Бұл – Фин ұлтына 
жабыл
ған жала!» - деп, кітаптарды да, оның авторларын да жерден 
алып, жерге салды.
Шын м
әнінде, бұл екі кітап та финдерге қалың ұйқының 
құрсауынан шығып, сілкініп, рухани ояну қажеттігін айтып, жар 
салды. Себебі, б
ұл екі кітап та халықтың мүшкіл жағдайын боямасыз 
суреттей отырып, тез арада шара 
қолданбаса, бүкіл бір ұлттың 
жо
ғалып кету қаупі барын ескертеді.
Кітапты о
қығандар:
«Бір миллион бауырымыз мынадай адам т
өзгісіз өмір сүріп
жат
қанда, қол қусырып қалу жарамайды.» - десе, енді бірі:


«
Құдайым – ау, мын кітаптарда жазылғандар рас болса, 
отандастарымыз адам т
өзгісіз өмірге қалай шыдап келген? Екі аяқты 
жануар сия
қты күн кешіп жатқандар бар екен ғой. Олардың өмірі 
Дантені
ң суреттеген тозағынан да бетер ғой. Жарайды, Дантенің 
шы
ғармасындағы адамдар осы өмірде жасаған күнәларының өтеуі 
ретінде тоза
ққа түседі. Біздің отандастарымызды мына жарық 
д
үниеде жүріп, тозаққа түсетіндей не істеп қойды? Олардың күнәсі 
не? Ол аз десе
ңіз, Дантенің шығармасындағы тозақта күн кешетін 
адамдар жай 
ғана автордың ойынан шығарылған кейіпкерлер ғой. 
Ал, бізді
ң отандастарымыз және олармен болып жатқан жайттар – 
ащы да болса шынды
қ!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет