61
ферментке диссоцияциялануы да максималды болады. Ферменттер ИЭН-де максималды
белсенділік көрсетеді.
17.
Ферментативтік катализдің жылдамдығына субстрат пен фермент-тің
концентрацияларының әсері.
Субстраттың концентрациясының жоғарылауынан реакция жылдамдығы алғашқыда
артады, себебі ферменттің активті орталықтары субстратпен толтырылады, ал субстрат
концентрация жоғарылағанда, ферменттің активті орталығы толық қаныққандықтан, реакция
жыл-дамдығы өзгермейді. Реакция жылдамдығының фермент концентра-циясына тәуелділігі
тура пропорционал артады. Себебі ферменттің концентрациясы артқан сайын оның активті
орталықтары да көбейеді.
18.
Ферменттің әсерін реттеу. Фермент әсерінің активаторлары мен
ингибиторлары. Арнайылықты және арнайылығы жоқ эффектор-лар.
Активаторлар ферменттердің белсенділіктерін арттырады, ал ингибиторлар тежейді.
Екеуі де: арнайылықты және арнайылығы жоқ болып бөлінеді. Біріншілері тек бірінші
ферменттің әсер ету жылдамды-ғына, ал екіншілері- бір топ ферментке әсер етеді.
Ингибирленуді қайтымды және қайтымсыз деп бөледі. Қайтымды инги-бирленуде
ингибитор мен субстраттың құрылыстары ұқсас болады да екеуі де субстрат-фермент және
субстрат- ингибитор комплексін түзетін-діктен реакция жүрмейді. Бірақ субстраттың
концентрациясы жоғары-лағанда ол ингибиторды ығыстырып шығарады, реакция
жылдамдығы артады. Қайтымсыз ингибирленуде субстрат пен ингибитордың ұқсастықтары
жоқ, ингибитор субстрат-фермент комплексіне қосылып катализдік реакцияны жүргізбей
тежейді. Мұндай ингибиторларды парализаторлар деп те атайды.
Достарыңызбен бөлісу: