Биохимия кафедрасы


Ферменттің белсенділігіне әсер ететін факторлар



Pdf көрінісі
бет41/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76
14. Ферменттің белсенділігіне әсер ететін факторлар. 
Ферменттің белсенділігіне: температура, ортаның рН-ы, ферменттің және субстраттың 
концентрациялары, эффекторлар әсер етеді. 
15. Ферменттің белсенділігіне температураның әсері. 
Ферменттердің әсер ету оптималды температурасы 37- 45 С. 70С-дан жоғарылағанда 
ферменттің табиғаты белоктық зат болғандықтан қайтымсыз денатурацияға ұшырайды да, 
реакцияның жүруі тоқталады. Температура 37 С-тан төмендегенде молекулаға активтену 
энергиясы жетіспегендіктен ферменттің белсенділігі төмендейді, бірақ бұл қайтымды үрдіске 
жатады. 
16. 
Ферментативтік реакцияның жылдамдығына орта рН-ның әсері. 
Көптеген ферменттер үшін ортаның оптималды рН= 4-7 аралығында болады. Бұл 
аралықта ферменттің субстратқа ынтықтығы жоғары болады және субстраттың өнім мен 


61 
ферментке диссоцияциялануы да максималды болады. Ферменттер ИЭН-де максималды 
белсенділік көрсетеді. 
17. 
Ферментативтік катализдің жылдамдығына субстрат пен фермент-тің 
концентрацияларының әсері. 
Субстраттың концентрациясының жоғарылауынан реакция жылдамдығы алғашқыда 
артады, себебі ферменттің активті орталықтары субстратпен толтырылады, ал субстрат 
концентрация жоғарылағанда, ферменттің активті орталығы толық қаныққандықтан, реакция 
жыл-дамдығы өзгермейді. Реакция жылдамдығының фермент концентра-циясына тәуелділігі 
тура пропорционал артады. Себебі ферменттің концентрациясы артқан сайын оның активті 
орталықтары да көбейеді. 
18. 
Ферменттің әсерін реттеу. Фермент әсерінің активаторлары мен 
ингибиторлары. Арнайылықты және арнайылығы жоқ эффектор-лар. 
Активаторлар ферменттердің белсенділіктерін арттырады, ал ингибиторлар тежейді. 
Екеуі де: арнайылықты және арнайылығы жоқ болып бөлінеді. Біріншілері тек бірінші 
ферменттің әсер ету жылдамды-ғына, ал екіншілері- бір топ ферментке әсер етеді. 
Ингибирленуді қайтымды және қайтымсыз деп бөледі. Қайтымды инги-бирленуде 
ингибитор мен субстраттың құрылыстары ұқсас болады да екеуі де субстрат-фермент және 
субстрат- ингибитор комплексін түзетін-діктен реакция жүрмейді. Бірақ субстраттың 
концентрациясы жоғары-лағанда ол ингибиторды ығыстырып шығарады, реакция 
жылдамдығы артады. Қайтымсыз ингибирленуде субстрат пен ингибитордың ұқсастықтары 
жоқ, ингибитор субстрат-фермент комплексіне қосылып катализдік реакцияны жүргізбей 
тежейді. Мұндай ингибиторларды парализаторлар деп те атайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет