66
жазылады. Ферменттің субстратқа қосылуы коферментті активтендіреді. Сірке қышқылының
активті формасы ацетил- KoA деп аталады.
14. Фосфотрансферазалар, құрылысы, химиялық табиғаты, каталити-калық әсері.
Фосфотрансферазалар (киназалар) фосфорлану реакцияларын тездетеді, олар фосфор
қышқылының қалдығын тасымалдайды. Олар
бір компонентті жай ферменттер, көбі
төртіншілік құрылымға ие, аллостерикалық орталықтары болады. Фосфор қышқылының көзі
ретінде АТФ-ті пайдаланады. Егер ол макроэргиялық байланысы сақтала тасымалданса, онда
реакция қайтымды болады, ал ондай байланыс сақталмаса реакция қайтымсыз болады:
ÑOOÍ
ÀÒÔ ÀÄÔ
C NH
N ÑÍ
3
NÍ
2
ÑÍ
2
ÑOOÍ
C NH
N ÑÍ
3
HN
ÑÍ
2
OÍ
Ð
OÍ
O
Êðåàòèí
Êðåàòèí ô î ñô àò
ÀÒÔ ÀÄÔ
АТФ + глюкоза → АДФ + глюкоза -6- фосфат
Студенттің өзін-өзі тексеруіне арналған жаттығулар мен жағдайлық есептер
1.Төмендегі реакцияны қандай фермент тездетеді? Қай класқа жатады?
АТФ + глюкоза → АДФ + глюкозомонофосфат
2.СН
3
СНNH
2
-COOH + ? → COOH-(CH
2
)
2
CHNH
2
COOH + CН
3
CO-COOH
Реакция түрін атаңыз, қандай ферментпен тездетіледі, реакцияға қандай зат қатысады?
3. Креатин + АТФ → АДФ + креатинфосфат. Реакцияны қандай фермент жылдамдатады?
Ол қандай класқа жатады?
4. COOH14(CH2)rCHNH2COOH → COOH-(CH2)r-CH2NH2 + CO2
Реакция түрін атаңыз. Қандай ферментпен тездетіледі? Ферменттің құрылысы қандай?
5. ПЖҚ-ның тотығудан декарбоксилдену реакциясын жазыңыз.
Реакцияны тездететін
негізгі ферменттерді атаңыз.
6. В6 витамині қандай ферменттің құрамына кіреді? Осы фермент тездететін реакцияны
жазыңыз.
7. Пируватдегидрогеназа деген не? Қандай реакцияны тездетеді?
8. – аланин мен – кетоглутар қышқылының қоспасына қосылды: біріншісіне- бауыр
гомогенаты, екіншісіне – алдын-ала қайнатылған бауыр гомогенаты. Пробиркаларды
67
оптималды температурада 30ми-нутқа қойды. Қандай реакция жүрді? Қай пробиркада?
Қандай өнім түзілді? Реакция теңдеуін жазыңыз. Бір пробиркада реакция жүрме-ді, неге?
Түсіндіріңіз.
9. Пирожүзім қышқылын декарбоксилдегенде
бір жағдайда сірке альде-гиді, ал екінші
жағдайда ацетил- КоА түзіледі. Айырмашылықтары неде?
10.
Амилаза ерітіндісін 3 пробиркаға құйды. Бірінші пробиркадағы ері-тіндінің рН-
1,5, екіншісінікі- 6,8, үшіншісінікі- 8,0.Одан кейін барлық пробиркаларға крахмал ерітіндісін
құйды да бөлме температурасын-да біраз уақытқа қалдырды. Пробиркаларға Люголь
реактивін қос-қанда бірінші пробирканың түсі қоңыр-көк, екіншісінікі- қызыл- қоңыр түске
боялды. Бұл нені көрсетеді?
11.
Белок → полипептид →
амин қышқылдары
Сахароза → глюкоза + фруктоза
Мальтоза → 2 глюкоза
Лактоза → глюкоза +
галактоза
Қандай ферменттер реакцияларды катализдейді? Олар қандай класқа жатады?
Достарыңызбен бөлісу: