82
А. 2,4-динитрофенол- тотығудан фосфорланудың классикалық ажыра-тушысы. Ол бір
кезде семіздікке қарсы қолданылды,кейіннен улылы-ғына байланысты қолданылмайтын
болды.
Б. Дикумарол- ажыратушы зат, клиникалық тәжірибелерде антикоагу-лянт ретінде
қолданылады. Бұған құрылысы жағынан жақын уорфа-рин егеуқұйрықтарға қарсы у ретінде
қолданылады.
В. Митохондрияларға кальций иондарын тасымалдау электрондарды тасымалдау мен
тотығудан фосфорланудың арасын бұзады. Жануарлар митохондрияларына кальцийді
тасымалдау концентрация градиентіне қарсы жүреді. Бұл үрдіс энергетикалық электрондарды
тасымалдау-мен бірге ілесе жүреді. Митохондриялардың кальцийді ұстауы оған сәйкес
мөлшердегі фосфор қышқылын да ұстауға мәжбүр етеді. Электрон тасымалдану тізбегіндегі
НАДН-тан оттекке келетін әрбір жұп электронға митохондрияға енетін 6 атом кальций пара-
пар керек екен. Егер ПФ-дегидрогеназалар 3 молекула АТФ-ты түзсе, бір молеку-ла АТФ-ке
митохондрияға енетін 2 атом кальций қажет екендігін есеп-теп шығаруға болады. Кальцийдің
митохондрияға енуі үшін энергия қажет, сондықтан АТФ-тың түзілуі тежеледі. Егер кальцийді
митохон-дрия , субстрат, Н3РО4, Мg бар суспензияға қосса тынысалудың ТФ-ны ажыратуға
дейінгі жылдамдығы артады. Бұл уақытта АДФ-ті қосу оттекті пайдалану жылдамдығының
өзгерісін тудырмайды. Жүйеде Н3РО4 болмаған жағдайда кальцийді қосу оттекті пайдалану
жылдам-дығын үдетпейді. Митохондрияға кальций мен фосфатты бірге тасы-малдау қажет
жағдай, себебі кальций митохондрияларда сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: