Биохимия кафедрасы


Электрондарды тасымалдайтын тізбекті реттеу. Тынысалуды бақылау



Pdf көрінісі
бет56/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76
2. Электрондарды тасымалдайтын тізбекті реттеу. Тынысалуды бақылау. 
ТФ-ның өнімділігін этерификацияланған фосфаттың жұтылған оттекке қатынасына қарай 
таразылайды. Р/О коэффициенті- АТФ түзуге кеткен бейорганикалық фосфаттың моль 
санының соған сәйкес сіңірілген оттек атом санына қатынасы. 
Қалыпты жағдайда жұмсалатын бейорганикалық фосфаттың бір атом оттекке 
қатынасы(3/1) тең болады,егер субстрат ПФ дегидролазалармен тотықса, ал егер субстрат ФП 
дегидролазалармен тотықса онда коэф-фициент (2/1) болады. Сондықтан қалыпты жағдайда 
тотығудан фос-форлану коэффициенті 3 ке немесе 2ге тең болады, Р/О- ТФ-ның қуат-тылығын 
көрсететін көрсеткіш. 
БТ мен ТФ өте тығыз байланысты. ТФ БТ-ның жылдамдығын бақылап отырады, яғни 
тынысалуды бақылайды. Тотығатын субстраттардың, БТ тізбегіндегі барлық ферменттердің, 
оттектің және фосфор қышқы-лының бар болғанымен, егер АДФ жетіспесе БТ жылдамдығы 
күрт төмендейді, ал АДФ-ті қосса қалыпты жағдайға келеді. 
АДФ + Н
3
РО
4
+ энергия 
АТФ + Н
2
О 
Тынысалуды бақылау митохондриялардың бұзылмаған қасиеттерін тексеруге жатады. 
3. Тіндердің тыныс алуы мен тотығудан фосфорланудың бір-бірінен ажырауы. 
ТФ-ны ажыратушы заттар митохондриялардың оттекті фофорлануға керек АДФ ке 
тәуелсіз пайдалануын тудырады. 
Тотығудан фосфорланудың түрлері. 


82 
А. 2,4-динитрофенол- тотығудан фосфорланудың классикалық ажыра-тушысы. Ол бір 
кезде семіздікке қарсы қолданылды,кейіннен улылы-ғына байланысты қолданылмайтын 
болды. 
Б. Дикумарол- ажыратушы зат, клиникалық тәжірибелерде антикоагу-лянт ретінде 
қолданылады. Бұған құрылысы жағынан жақын уорфа-рин егеуқұйрықтарға қарсы у ретінде 
қолданылады. 
В. Митохондрияларға кальций иондарын тасымалдау электрондарды тасымалдау мен 
тотығудан фосфорланудың арасын бұзады. Жануарлар митохондрияларына кальцийді 
тасымалдау концентрация градиентіне қарсы жүреді. Бұл үрдіс энергетикалық электрондарды 
тасымалдау-мен бірге ілесе жүреді. Митохондриялардың кальцийді ұстауы оған сәйкес 
мөлшердегі фосфор қышқылын да ұстауға мәжбүр етеді. Электрон тасымалдану тізбегіндегі 
НАДН-тан оттекке келетін әрбір жұп электронға митохондрияға енетін 6 атом кальций пара-
пар керек екен. Егер ПФ-дегидрогеназалар 3 молекула АТФ-ты түзсе, бір молеку-ла АТФ-ке 
митохондрияға енетін 2 атом кальций қажет екендігін есеп-теп шығаруға болады. Кальцийдің 
митохондрияға енуі үшін энергия қажет, сондықтан АТФ-тың түзілуі тежеледі. Егер кальцийді 
митохон-дрия , субстрат, Н3РО4, Мg бар суспензияға қосса тынысалудың ТФ-ны ажыратуға 
дейінгі жылдамдығы артады. Бұл уақытта АДФ-ті қосу оттекті пайдалану жылдамдығының 
өзгерісін тудырмайды. Жүйеде Н3РО4 болмаған жағдайда кальцийді қосу оттекті пайдалану 
жылдам-дығын үдетпейді. Митохондрияға кальций мен фосфатты бірге тасы-малдау қажет 
жағдай, себебі кальций митохондрияларда сақталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет