100
молекуласындағы қос байланысты тотығудан қорғайды. Е витамині (аскорбатпен бірге) селенді
глутатионпероксидазаның активті орталығының құрамына енгізіп, ферменттік антиоксиданттық
қорғаныш жүйесін активтендіреді (глутатионпероксидаза липидтердің гидропероксидтерін
залалсыздандырады).
✓ Токоферол митохондрия мембранасын тұрақтандырып, жасушаның оттегіні жұмсауын
үнемдейді. Е витаминінің мембрананы тұрақтандырушы әсерінен митохондрияда биологиялық
тотығу мен тотығудан фосфорланудың қабысуы артады, АТФ пен креатинфосфаттың түзілуі
күшейеді. Е витамині тыныс алу жүйесінің және митохондрияның басты антиоксиданты –
убихинонның биосинтезін қадағалайды.
✓ Токоферол нуклеин қышқылдарының (транскрипция деңгейінде), гемнің, микросомалық
цитохромдардың және басқа да гемі бар белоктардың синтезін бақылайды.
✓ Е витамині мембрана фосфолипидтерін бұзатын лизосомалардағы фосфолипаза А
2
активтілігін төмендету қабілетіне ие.
✓ Е витамині организмнің иммундық қорғаныстық күшін нығайтуға қабілетті тиімді
иммуномодулятор болып табылады.
Авитаминозы. Е витамині жетіспегенде эритроциттердің гемолизі байқалады, оларда
антиоксиданттық қорғаныс функцияларының активтілігі төмендейді. Токоферолдың
жеткіліксіздігінің симптомдары: бұлшық ет дистрофиясы, бедеулік, бауыр некрозы, ми
бөлімдерінің, әсіресе мишықтың жұмсаруы барлық жасушалар мен субжасушалық
құрылымдардың мембраналарының өткізгіштігінің артуымен, оларда липидтердің пероксидті
тотығуының өнімдерінің жиналуымен түсіндіріледі. Е витамині гиповитаминозының алғашқы
сатыларында
зақымданған
тіндерден
ферменттердің
(креатинфосфокиназа,
аланинаминотрансфераза) қан сары суына шығуы және қан сары суында липидтердің
пероксидті тотығуының өнімдерінің мөлшерінің көбеюі байқалады.
Табиғатта таралуы. Токоферолдың негізгі көзі – өсімдік майы, салат, орамжапырақ,
астық өнімдерінің ұрықтары, сары май, жұмыртқа сарысы.
19.
К витамині (нафтохинондар, антигеморрагиялық витамин), химиялық табиғаты,
Достарыңызбен бөлісу: