Биохимия кафедрасы


авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы



Pdf көрінісі
бет71/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
авитаминозы, тәуліктік қажеттілігі, табиғатта таралуы. 
Химиялық табиғаты. Е витамині 1936 жылы бидай дәндерінің ұрықтарының майынан 
алынғандықтан токоферол деп аталады (грек тілінде tokos – ұрпақ, fero - әкелу). 1938 жылы 
химиялық жолмен синтезделді. Табиғи және синтетикалық Е витамині бір-бірінен ерекшеленеді. 
Қазіргі кезде табиғи токоферолдардың және токотриенолдардың тұқымдасы белгілі. Олардың 
бәрі бастапқы зат – токолдың метил туындылары, құрылысы ұқсас болып келеді, грек 
алфавитінің әріптерімен (α-, β-, γ- және δ-токотриенолдар) белгіленеді. Бұлар бір-бірінен бүйір 
тізбегіндегі қос байланыстың болуымен ерекшеленетін сәйкес токоферолдардың аналогтары. 
Бұлардың ішінде α-токоферол (5,7,8-триметилтокол) биологиялық активті формасы болып 
табылады. 
Биологиялық ролі. Токоферолдың биохимиялық функциялары алуан түрлі: 
✓ Әсер 
ету 
механизмі 
бойынша 
токоферол 
антиоксидант, 
ол 
мембрана 
фосфолипидтерінің құрамындағы көп қанықпаған май қышқылдарының оттегімен жанасуына 
кедергі келтіретін орында (гидрофобты комплекс түзіп) орналасып, мембрананы пероксидтік 
тотығудан қорғайды. Сонымен қатар токоферолдың антиоксиданттық қасиеттері хроман 
ядросындағы гидроксилдің қозғалғыштық қабілетіне, оның молекуласының оттегінің (О
2
.
, НО
. 
, НО
2
.
), КҚМҚ бос радикалдарымен (RO
.
, RO
2
.
) және май қышқылдарының пероксидтерімен 
тікелей әрекеттесе алу қабілетіне байланысты. Е витамині каротин мен А витаминінің 


100 
молекуласындағы қос байланысты тотығудан қорғайды. Е витамині (аскорбатпен бірге) селенді 
глутатионпероксидазаның активті орталығының құрамына енгізіп, ферменттік антиоксиданттық 
қорғаныш жүйесін активтендіреді (глутатионпероксидаза липидтердің гидропероксидтерін 
залалсыздандырады). 
✓ Токоферол митохондрия мембранасын тұрақтандырып, жасушаның оттегіні жұмсауын 
үнемдейді. Е витаминінің мембрананы тұрақтандырушы әсерінен митохондрияда биологиялық 
тотығу мен тотығудан фосфорланудың қабысуы артады, АТФ пен креатинфосфаттың түзілуі 
күшейеді. Е витамині тыныс алу жүйесінің және митохондрияның басты антиоксиданты – 
убихинонның биосинтезін қадағалайды. 
✓ Токоферол нуклеин қышқылдарының (транскрипция деңгейінде), гемнің, микросомалық 
цитохромдардың және басқа да гемі бар белоктардың синтезін бақылайды. 
✓ Е витамині мембрана фосфолипидтерін бұзатын лизосомалардағы фосфолипаза А
2
активтілігін төмендету қабілетіне ие. 
✓ Е витамині организмнің иммундық қорғаныстық күшін нығайтуға қабілетті тиімді 
иммуномодулятор болып табылады. 
Авитаминозы. Е витамині жетіспегенде эритроциттердің гемолизі байқалады, оларда 
антиоксиданттық қорғаныс функцияларының активтілігі төмендейді. Токоферолдың 
жеткіліксіздігінің симптомдары: бұлшық ет дистрофиясы, бедеулік, бауыр некрозы, ми 
бөлімдерінің, әсіресе мишықтың жұмсаруы барлық жасушалар мен субжасушалық 
құрылымдардың мембраналарының өткізгіштігінің артуымен, оларда липидтердің пероксидті 
тотығуының өнімдерінің жиналуымен түсіндіріледі. Е витамині гиповитаминозының алғашқы 
сатыларында 
зақымданған 
тіндерден 
ферменттердің 
(креатинфосфокиназа, 
аланинаминотрансфераза) қан сары суына шығуы және қан сары суында липидтердің 
пероксидті тотығуының өнімдерінің мөлшерінің көбеюі байқалады.
Табиғатта таралуы. Токоферолдың негізгі көзі – өсімдік майы, салат, орамжапырақ
астық өнімдерінің ұрықтары, сары май, жұмыртқа сарысы.
19. К витамині (нафтохинондар, антигеморрагиялық витамин), химиялық табиғаты, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет