101
активсіз алғы заттар түрінде синтезделеді. К витамині γ-глутамилкарбоксилазаның коферменті
болып табылады. Бұл фермент глутамин қышқылын карбоксилдеп, кальций байланыстырушы
белоктардың қызмет атқаруына керек кальций байланыстырушы амин қышқылына жататын γ-
карбоксиглутамин қышқылын түзеді
Авитаминозы. К витаминінің авитаминозының негізгі белгісі – қан кету, бұл организмнің
өлуіне әкеп соғады. К витаминінің остеосинтезге қатысуына байланысты оның жетіспеушілігі
остеопороздың дамуына әкеледі.
Табиғатта таралуы. К витамині ішек микрофлорасында синтезделеді. К витмаинінің көзі
өсімдіктер (орамжапырақ,
көк томаттар, шпинат, тамыржемістілер, рябина жидектері,
жемістер).
20.
Витаминтәрізді заттар, жіктелуі, өкілдері.
Витаминтәрізді заттар – жануарлар мен адамның
тіндерінде синтезделетін, олардың
жетіспеушілігі кезінде авитаминоз белгілері байқалмайтын қосылыстар.
Дегенмен, бұл
қосылыстардың жеткіліксіз түзілуі адам мен жануарлар организміндегі заттар алмасуының
бұзылуына әкеледі. Олар екі топқа жіктеледі:
•
суда еритін (холин, инозит,
липой қышқылы, карнитин,
орот қышқылы, пангам
қышқылы, Ѕ-метилметионин, парааминобензой қышқылы);
•
майларда еритін (F тобының витаминдері, КоQ).
Достарыңызбен бөлісу: