Биохимия кафедрасы


билогиялық ролі, авитаминозы, табиғатта таралуы



Pdf көрінісі
бет72/76
Дата02.03.2023
өлшемі1,47 Mb.
#71048
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
билогиялық ролі, авитаминозы, табиғатта таралуы.
Химиялық табиғаты. К витаминінің бірнеше формалары белгілі, химиялық табиғаты 
бойынша бұлар бүйір изопреноид тізбектері бар хинондар. Өсімдіктерде филлохинон (К
1
), 
ішек микрофлорасының жасушаларында менахинон (К
2
). 
Биологиялық ролі. К витамині қан ұю үрдісіне қатысады. Ол қан ұю факторларының: 
протромбиннің (ІІ фактор), проконвертиннің (VІІ фактор), Кристмас факторының (ІХ фактор) 
және Стюарт факторының (Х фактор) активтенуіне қатысады. Аталған белоктық факторлар 


101 
активсіз алғы заттар түрінде синтезделеді. К витамині γ-глутамилкарбоксилазаның коферменті 
болып табылады. Бұл фермент глутамин қышқылын карбоксилдеп, кальций байланыстырушы 
белоктардың қызмет атқаруына керек кальций байланыстырушы амин қышқылына жататын γ-
карбоксиглутамин қышқылын түзеді
Авитаминозы. К витаминінің авитаминозының негізгі белгісі – қан кету, бұл организмнің 
өлуіне әкеп соғады. К витаминінің остеосинтезге қатысуына байланысты оның жетіспеушілігі 
остеопороздың дамуына әкеледі. 
Табиғатта таралуы. К витамині ішек микрофлорасында синтезделеді. К витмаинінің көзі 
өсімдіктер (орамжапырақ, көк томаттар, шпинат, тамыржемістілер, рябина жидектері, 
жемістер). 
20. Витаминтәрізді заттар, жіктелуі, өкілдері. 
Витаминтәрізді заттар – жануарлар мен адамның тіндерінде синтезделетін, олардың 
жетіспеушілігі кезінде авитаминоз белгілері байқалмайтын қосылыстар. Дегенмен, бұл 
қосылыстардың жеткіліксіз түзілуі адам мен жануарлар организміндегі заттар алмасуының 
бұзылуына әкеледі. Олар екі топқа жіктеледі:  
суда еритін (холин, инозит, липой қышқылы, карнитин, орот қышқылы, пангам 
қышқылы, Ѕ-метилметионин, парааминобензой қышқылы); 
майларда еритін (F тобының витаминдері, КоQ). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет