Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар


Егер әлеуметтік қақтығыстар туралы айтар болсақ, онда олар келесідей сипаттарға ие



Pdf көрінісі
бет71/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Егер әлеуметтік қақтығыстар туралы айтар болсақ, онда олар келесідей сипаттарға ие:
а) Қақтығыс - кез келген коғамда міндетті түрде орын алатын құбылыс. Тұрғындардың 
жекелеген топтары мен жіктерінің әртекті және әртүрлі бағыттағы мүдделері бар жерде олардың 
бір-бірімен теке-тіреске тусуінен айналып өту мүлдем мүмкін емес. Азаматтық қоғам балама 
бағдарламаларды ұсынатын көптеген партияларды, ұйымдар мен қозғалыстарды біріктіреді. 
Қоғамның міндеті - қақтығыстардан қашпау, олардан қорықпау, алайда тығырықтан шығудың 
дұрыс жолын табу.


Ең қақтығыссыз қоғам — ол тоталитарлық қоғам. Алайда оған биліктің ерік-қалауына 
қайшы келетін барлық мүдделерді басып-жаншу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекет барлық 
қоғамдық қозғалыстарды бақылауда ұстайды және олардың қажеттіліктерін Тәртіпке келтіріп 
отырады. Бұл қоғамда өкімет жекелеген топтардың талап-тілектері мен мүдделерін жоспарлы 
түрде өзі қалыптастыратындықтан, оның қандай да бір қайшылықтардың туындауына жол 
бермейтіні анық. Тоталитарлык мемлекеттің соңғы мақсаты - оның барлық мақсаты билеушілердің 
ұстанымымен сәйкес келетін 'біртекті және бір сипаттйғы қоғамды құру. 
ә) Қақтығыс қоғамдағы әртүрлі топтардың мүдделерін анықтауға және пысъқтауға 
мумкіндік береді. Қақтығыстардың арқасында әлеумеггік топтардың талап-тілектері күн тәртібіне 
шығып отырады. Адамдар пікірлер мен көзқарастар қақтығысып қалған жағдайда ғана дәл осы 
жағдайда өздеріне не керек екендігін түсінеді. Мұндай жағдайда екінші кезектегі және мардымсыз 
талаптар соңғы. қатарға ығысады, ал ел басшылығы халыққа не керек екендігін анық түсінеді. 
Айталық, 1989 жылғы ереуілдер кезінде КСРО шахтерлері бастапқыда жалақыны көтеру, еңбек 
ету жағдайын өзгерту, қалаларды қаматамасыз ету тәрізді таза экономикалық талаптар қойған 
болатын. Алайда осы мәселелердің артынан тұрғындардың бүкіл қоғамда қалыпастып отырған 
қолайсыз ахуалға көңіл толмаушылықтары, адамдардың жергілікті, басшыларға сенбеушілірі, 
көріне бастады. Бұл, өз кезегінде, ел өкіметіне тек экомикалық ғана емес, сонымен бірге саяси 
жүйені де реформалауды бастау қажеттігін білдірген белгі болды.
б) Қақтығыстар қоғамдағы әртүрлі күштердің ықпал етуінің қайта бөлінісіне алып келеді. 
Қақтығыс әдетте бір тараптың жеңісімен шешімін табады, ол көп жағдайда, құрылымдық 
өзгерістердің нәтижесінде туындаған қоғамдағы жаңа күштер болады. Мәселен, XIX ғасырдағы 
демоқратиялық революциялар қоғамдағы буржуазия мен цролетариат тәрізді топтардың күштері 
мең ықпалын.қөрсетті. XX ғасырдың 40-50 жылдары жұмысшы тап өз құқықтары туралы қеңінен 
жариялады, Еуропа мен азияңың көптеген.елдерінде либералдды сипаттағы еңбек заңнамасы 
қабылданды, ал әлеуметтік-экономикалық құқықтар бірқатар конституциялдрдың мәтіндерінде 
көрініс тапты. Демек, мүдделер қақтығысында жаңа құндылықтардың, көзқарастар мен 
институттардңң орнығуы жүреді, ал өз күнін тауысқан ескі көздарастар мен институттар 
жойылып кетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет