Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері
жатады.
Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық
қатынастарға қатысушылардың, оларды
іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке
мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси
партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес
ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық
саясаттардың негізгі, түпкі
бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар
сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: