Дәріс № Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде. – 1 сағат Жоспар



Pdf көрінісі
бет75/76
Дата05.03.2023
өлшемі1,06 Mb.
#71761
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76
Байланысты:
Саясаттану (15 дәріс) (2)

Сыртқы саясат деп мемлекеттердің халықаралық аренада басқа да субъектілермен 
қатынасын реттеуді айтамыз. Ол субъектілерге мемлекеттер, шетелдік партиялар мен 
қоғамдық ұйымдар, дүние жүзілік және аймақтық халықаралық ұйымдар жатады. Сыртқы 
саясат мемлекеттің экономикалық, демографиялық, әскери, ғылыми-техникалық және мәдени 
потенциалына сүйенеді. Ал соңғылары ғылыми-техникалық және мәдени жағдайлар 
мемлекеттің сыртқы саясатындағы мүмкіншіліктерін айқындайды.
Сыртқы саясат бағыты әртүрлі жағдайларға байланысты қалыптасады. Ұзақ мерзімді 
процесстер елдің стратегиялық жағдайына байланысты ең алдымен ол географиялық факторға 
тікелей қатысты. Бұл жайлы Наполеон «кез-келген мемлекет саясатын өз географиялық 
жағдайына сай жүргізеді» – дейді.
Мемлекеттің сыртқы саясатын қалыптастыруда идеология маңызды рөл атқарады. Сыртқы 
саясат адамзат өмірінің басқа салалары секілді қоғамның ішіндегі қалыптасқан саяси ахуалды, 
адамдардың өзара қарым-қатынасын, әлеуметтік дамудың заңдылықтарының негізінде 
жасалып, соны айқындайды. Міне осы себепті сыртқы саясатты ішкі саясаттан бөліп қарауға 
болмайды. Ол көбінесе мемлекеттің ішкі ресурстарына сүйенеді. Сонымен қатар сыртқы 
саясаттың өзіне тән бірнеше ерекшеліктері де болады. Әлемде сыртқы саясатта мүдделері 
келісе бермейтін әртүрлі мемлекеттер өмір сүреді. Бүгінде әлемде 200-ден астам мемлекеттер 
бар. Мұндай әркелкілік сыртқы саясатта субъектілер қолданып жүрген халықаралық құқық 
негізіне сай мәмілеге келу қажеттілігін тудырады. Ал сыртқы саясатты іс жүзіне асырудың 
формасы басқа елдермен мемлекеттік дәрежеде арнайы жүргізілетін қарым-қатынас құралы 
дипломатия болып табылады. Сондай-ақ, сыртқы саясатта болатын мақсаттар арнайы 
дәрежедегі сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық, қаржы-несие және мәдени 
байланыстар арқылы да жүргізіледі. Қазірде мемлекеттік құрылымдарда сыртқы саясатты іс-
жүзіне асырып, оған бақылау жасап отыратын арнаулы органдар бар. Олар – сыртқы істер 
министрлігі, парламент комитеттері, елшіліктер мен өкілдіктер, шет елдердегі ғылыми және 
мәдени орталықтар. 
Қазақстан өзінің географиялық жағдайын ескере отырып, халықаралық аренада 
көпвекторлық, яғни көп қырлы бағдар ұстануда. Оның мәнісі-таяу және алыс шетелдердің 
бәрімен өзара тиімді ынтымақтастықты ұлғайту болып табылады. Бұл бағытта стратегиялық 
міндет-еліміздің 
тәуелсіздігі, 
оның 
аумақтық 
тұтастығы 
мен 
шекарасының 
бұзылмайтындығы. 
Жалпы алғанда Қазақстан Республикасының өзінің дербес сыртқы саясатын қалыптастыру 
үрдісі, баяу болса да, жүріп жатыр. Оның өзі Қазақстанның демократиясының, 
жалпыазаматтық құндылықтар мен азаматтық қоғам пайдасына принципті таңдау 
жасағанының көрінісі. Қазақстан Республикасының қауіпсіздігін, егемендігі мен аумақтық 
тұтастығын қамтамасыз ету тиімді де серпінді экономиканы, тұрақты демократиялық 
институттарды құру, ешқандай ерекшеліксіз барлық қазақстандықтардың құқықтары мен 
қадір-қасиетін қорғау оның негізі етіліп алынады. Еліміз шалғайындағы шекараларында 
бейбітшілік қалқанын қалыптастырып, сөйтіп өзінше бір «қауіпсіздіктің кемер мен сыртқы 
саясаты оның егемендігі мен территориялық тұтастығын ойдағыдай біріктіре алды, сол 
арқылы әлемдік қауымдастықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға жол ашты. Бұл қадамның 
жас Қазақстан үшін маңызы зор еді. Өйткені Қазақстанға ежелден екі алып ел – Ресей мен 
Қытай мемлекеттерімен мәңгі көршілік жағдайда өмір сүру тағдырына жазылған еді. Сыртқы 
саясатта бірде бұлай, бірде олай ауытқып тұрған бұл елдердің қас-қабағына қарап, олармен 


қарым-қатынасты өзінің ұлттық мүддесіне сай жүргізу оңай соқпай отыр. Қазақстанның 
ұлттық мүддесін қорғау оның геосаясатымен тікелей байланысты. Бұл орайда Қазақстанның 
шекаралас мемлекеттермен өзара тату, достық жағдайында өмір сүруі қажеттілікке айналып 
отыр. Бұл бағытта бірнеше келісім-шарттар жасалды. Соның бірі 1997 жылғы 24 сәуірдегі 
Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай мемлекеттері арасындағы шекарадағы 
әскер санын қысқарту жөніндегі өзара келісім-шарттарының жасалуы. Ал бүгінде Қазақстанға 
тез арада халықаралық рынокқа шығу ниеті, мемлекеттің бүгінгі геосаясатының басты бағыты 
болып отыр. Ол үшін Қазақстанға Иран арқылы Парсы шығанағына, Түркияға одан Жерорта 
теңізіне шығу көзделуде. Қазақстан әлемдегі елдер қатарына тәуелсіз ел ретінде қосылды. Енді 
сол әлемдік деңгей дүниежүзілік талап тұрғысынан қарағанда біздің елдің де алатын лайықты 
орны бар. 
Қазақстанның халықаралық қатынастардағы алатын орны мен рөлін анықтау үшін еліміздің 
географиялық, геосаяси және геоэкономикалық жағдайы мен мүмкіндігі ерекше маңызды. Ең 
бастысы – Қазақстанның Еуропа мен Азияның түйіскен аймағындағы жолдардың торабында 
орналасқан географиялық жағдайынан туындайды. Таяу көршілер Ресей, Қытай және Ислам 
мен Орталық Азия мемлекеттері, Таяу және Орта Шығыс елдері маңызды әлемдік орталықтар 
болып табылады. 
Қазақстан Республикасы – Ресеймен (6457 шақырым), Қытай Республикасымен (1460 
шақырым), Өзбекстанмен (2300 шақырым), Қырғызстанмен (980 шақырым), Түркменстанмен 
(380 шақырым) шекаралас жатқан мемлекет.
Қазіргі жер бетіндегі 170-тен астам тәуелсіз мемлекеттердің ішінде Қазақстан өзінің жер 
көлемі жағынан 9-орын, халқының саны жөнінен 51-орын алады. Қазақстан өзінің қазба 
байлықтарының қоры жағынан әлемдік деңгеймен өлшегенде де алдыңғы қатарда екен. Дүние 
жүзінде мұнай қоры жағынан 12-орын, көмір қорынан 9-орын, темір рудасы жөнінен 8-орын, 
қорғасын мен молибденнен 4-орын, марганецтен 3-орын, вольфрамнан 1-орын алады екен. 
Қорыта айтқанда, халықаралық қатынастағы Қазақстанның қазіргі кездегі алып отырған 
орны мен рөлін дүниежүзіндегі көптеген мемлекеттер мойындап, күрделі саяси мәселелерді 
шешуде еліміздің қатысуын қажет етуде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет