науалар жатады. Жердің қарқынды қозғалмалы бөлігі – геосинклиналь Геосинклинальды аймақтағы баяу тербелу 10-12 км созылады, нәтижесінде жиырылу,
жарықтардың пайда болуы, магманың көтерілуі жер бетіне шығуы байқалады.
Екі ірі геосинклинальды аймақ – Алпі-Гималай (Альпі, Карпат, Балкан түбегі, Кіші Азия
түбегі, Кырым, Кавказ, Копетдаг, Памир, Тянь-Шань, Жетісу Алатауы, Алтай, Гималай,
Байкал көлі маңы) және Тынық мұхиты (Батыс және Шығыс Тынық мұхит жағалауы)
Жер қыртысындағы қозғалыс түрлері: Жоғары көтерілген бөлігі – антиклиналь Жердің төмен түскен бөлігі – синклиналь Жердің тұрақты бөлігі – моноклиналь Шығу тегі, пішіні, жасы бойынша айырмашылық жасайтын тегіс емес Жер бетінің
жиынтығы – жер бедері Жер бетінің аз тілімденген, тегіс немесе белесті болып келген кең алқабы – жазық Жазықтардың биіктігіне қарай бөлінуі: 1) 0 – 200 м биіктік – ойпат 2) 200 м – 500 м биіктік – қырат 3) 500 м асса – таулы үстірт Жер бедерінің оқшау көтеріліп тұрған бөлігі – тау Тау құрылымының элементтері – етегі, беткейі, шыңы Таудың оқшауланған төбесі – шыңы Жалғаса тізіліп жатқан таулар – тау жотасы Тау жоталары шоғырланып таулы өлке құрайды. Бірнеше тау жоталары түйісетін жерді – тау торабы Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі: 1) Биіктігі 500 м-1000 м аралығындағы тау – аласа тау 2) Биіктігі 1000 м – 2000 м аралығындағы тау – орташа таулар 3) Биіктігі 2000 м жоғары тау – биік таулар Қатпарлы таулар – Альпі, Кавказ, Кордильеры
Қатпарлы-жақпарлы таулар – Алтай, Тянь-Шань Тау жас ерекшелігіне қарай бөлінеді – ескі және жас Ескі таулар – Орал, Сарыарқа, Аппалач Жас таулар – Кавказ, Памир, Гималай, Кордильеры Мұхит асты жазықтары бөлінеді – 4 (қазаншұңқыр, материктік қайраң, материктік