Минералдық тұздардың өндірісі 2 негізгі үрдістен тұрады: 1) Табиғи тұздарды тауып, оларды өндіру(галургия). Табиғи ерігіш тұздарды қазып шығару жəне өңдеу
əдістерін қарастыратын химиялық технология саласын галургия деп атайды. Табиғи жəне жасанды
дайындалған табиғи тұздардың сулы ерітінділерін жылытып өңдеу негізгі галургиялық əдіс болып табылады.
Галургиялық өндірістің негізгі өнімдері: натрий хлориді жəне сульфаты; калий, магний, бор тұздары; бром,
йод жəне олардың тұздары; табиғи сода жəне басқалар. Галлургия бірнеше үрдістерге негізделген: шаю,
буландыру, кристалдау жəне табиғи тұз ерітініділерін өңдегенде сусыздандыру. Осы əдістерді қолдану
арқылы тұздар жүйесін жеке дара тұздарға бөлуге мүмкіндік туады.
2) Табиғи шикізаттан шикізаттың басқа түрінен минералдық тұздарды алу. Тұздарды синтетикалық
əдіспен алуда бастапқы материал ретінде негізгі химиялық өндірісінің жартылай өнімдері немесе əртүрлі
өндірістердің қалдықтары пайдаланылады. Тұздардың синтезі бейтараптау реакцияларына негізделген.
Жоғары жəне тұрақты өнім алу үшін топыраққа қосатын, құрамында өсімдіктердің қоректенуі үшін қажетті
элементтері бар тұздарды тыңайтқыштар деп атайды. Өсімдіктердің құрамына 60-тай химиялық
элементтер кіреді. Өсімдіктер өсіп өну үшін біріншіден көміртек, оттек, сутек керек. Бұлар өсімдіктің негізін
кұрайды. Одан кейін N2, Р, К, Mg, S, Са, Ғе.
Тыңайтқыштар пайда болу тегіне байланысты жіктеледі:
Минералдық- Табиғи жəне өндірісте өндірілетін минералды тұздар жатады.
Органикалық- Көң, Қи, Тезек
Органо-минералдық-органикалық жəне минералдық тыңайтқыштардың қоспасы. шымтезек.
Бактериалдық-топыраққа сіңімді қоректік элементтердің түрін түзетін бактериялар. 1. Калий тыңайтқыш. Кез келген өсімдікке калий өте қажет. Калий жетіспесе, фотосинтез қарқыны
төмендейді. Калий жеткілікті болса, өсімдікте крахмал, қантты зат, май түзілуі жоғарылайды жəне картоп,
күнбағыс, жоңышқа, қызылша сияқты есімдіктердің өнімділігі едəуір артады. Топырақта болатын калий,
көбінесе органикалық тыңайтқыштар — қи, өсімдік күлі арқылы топыраққа түседі. Калий
тыңайтқышының негізгі шикізаты шөптесін жəне ағаш типтес өсімдіктердің күліндегі карбонат К2С03
түрінде болады. Калий тыңайтқышының көндеріне силъвинит жəне карналит жатады. Силъвинит
дегеніміз — калий хлориді мен натрий хлоридінің біріккен тұзы NaCl-KCl, сол сиякты карналит те қос тұз
KCl-MgCl,. Сильвиниттен калий хлоридін екі əдіспен алады: галургия немесе бөлек кристаллизациялау
əдісі. Бұл əдіс КCl -мен NaCl- дың температураға байланысты əр түрлі ерігіштігіне негізделген. Калий
тыңайтқышына калий хлориді KC1 жəне калий нитраты KN03 жатады. Олар ақ түсті кристалл заттар.