Шеберлік негіздері


Мінез-құлықтық қатынастар



Pdf көрінісі
бет43/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   141
Мінез-құлықтық қатынастар – адамдардың мінез-құлық-
тық қызметі нәтижесінде пайда болатын байланыстар мен 
байланыстылықтар жиынтығынан мінез-құлықтық таңдаудың 
негізінде жасалған әлеуметтік қатынастардың т‰рі. 
Моральды деп саналатын қоғамдық көріністер мына 
элементтерден тұрады: мінез-құлықтық нормалар, қасиеттер, 
принциптер, тұлғалық идеалар мен ‰лгілер. 
Моральдық нормалар – бір типті іс-қимылдарда адам 
мінезін реттейтін жалпылама ережелер мен тыйымдардың, 
мінез-құлықтық талаптардың формасы. 
Моральдық нормалар моральдық қатынастардың да эле-
менті және моральдық сана формасы т‰рінде көрініс береді. 
Моральдық сананың ең маңызды функциялық көрінісі 
ретінде құндылық бағдары айқындалды, өйткені ол адамның 
психикасының барлық деңгейін қамтиды. 
Құндылықтар – бұл адам ‰шін мағыналы, маңызды мате-
риалдық немесе идеалдық объектілер. 
Құндылықтар практикалық-рухани, жоғары, өзгермейтін 
болып бөлінеді (А.А. Гусейнов, Л.Г. Апресян). 
Сонымен, мінез-құлық, мораль, өнегелік дегеніміз – база-
лаушы құндылықтар категориясында шындықты байқатудың 
ерекше формасы. 


80
Педагогикалық этиканың маңыздылық сипаттамасы 
Кез келген кәсіп нақты әлеуметтік функцияны алдын ала 
болжайды, соныменен оның басқа кәсіптер топтары арасындағы 
қарым-қатынастар ж‰йесін анықтап, оларда өзі туралы белгілі ой 
қалыптастырады. Сондықтан педагогикалық кәсіби қызмет туралы 
айтқанда педагогикалық этика ұғымы қолданылады. Ол 
педагогикалық процестегі моральдық функциялардың ерекшелігін 
көрсетеді [10]. 
Моральдың функциясы. Педагогикалық мораль мораль-
дың жалпы функцияларын іске асырады. Олар реттеуші, шағы-
лыстырушы немесе теоретика-танымдылық, тәрбиелік немесе 
гуманистикалық болып ж‰ктеледі. 
Оқытушының өнегелік сапасының мазмұнына көңіл ау-
дарған жөн, оның негізін оқытушының өнегелік ой-пікірі және 
оқытушының сенімі құрайды. 
Оқытушы өнегелік қарым-қатынас, педагогикалық этика 
категорияларын іске асыру негізінде құрады, олар жалпы моральдық 
категориялардан тұрады: ізгілік, борыш, қарыз, ар-ұждан, абырой, 
ар-намыс, әділдік, адалдық. 
Педагогикалық этиканың барлық категорияларын педагог 
өзінің педагогикалық өнегелік қызметінде іске асырады, оның негізі 
‰ш аксиомадан тұрады: 
1. Педагогтың студенттерге сый-құрмет, қошеметпен қарауы; 
2. Педагог студенттерді жақсы көруге міндетті; 
3. Студент білмеуге құқығы бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет