98
3. Ойлаудың диалектілігі – творчествалық қызметтің
интегралданған маңызды сипаттамаларының біреуі, ойлаудың
вариативтілігімен байқалады.
4. Ассоциялау жеңілдігі - бір бағытта ойлаудан басқа
бағытта ойлауға жылдам және тәуелсіз өте білу қабілеті. Бұл
қасиеттің қасында ‰немі қиял немесе шығармашылық бейнелеу
ойда белгілі бір бөлшектерден жаңа психологиялық құрылым
т‰зе білу.
5. Ойлаудың иілгіштігі (ойлау процесінің жылжымалы-
лығы) инерттілікке қарама-қарсы. Бір ойлау операциясынан
сапасы жағынан басқасына тәуелсіз өте білумен сипатталады.
6. Ойлаудың антиконформизмі – жалпы қабылданған
ойлауға бағынбаумен сипатталады. Тәуелсіз, жалпылама ойлау-
дан өзгеше ойлай білу, өзінің ойын өзгерте білуі, дәст‰рлі көзқа-
растардан т‰ңілу, айну - табысты қызметтің маңызды шарты,
өйткені ол өткен тәжірибелердегі қалыпты (шаблонды) бұзады.
7. Идеяларды генерациялау жеңілдігі – адам неғұрлым көп
идея ұсынса, олардың ішінде құндыларының болу ықтималдығы
солғұрлым жоғары болады әрі оның ішінде ең болмаса біреуінің
дамығаны маңызды.
8. Ойлаудың сынаулылығы – келетін ақпаратты кең
мағынада бақылау, сынаудан өткізу арқылы қабылдау, яғни
қайсы идеяны дамыту қажет қайсысы қажет емес екенін
анықтау қабілетімен көрінеді.
9. Бағалай білу қимылы. Оның көрсеткіші ретінде
көптеген альтернативалары ішінен тексермей тұрып біреуін
таңдай білу сапалары. Бұл қасиет (сапа) алғашқымен
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: