118
3. Конформды – студенттермен қатынасы ‰стіртін,
педагогикалық және коммуникативті мақсаттары айқын
байқаламайды.
4. Пассивті-индиферентті – оқытушылық жабықтығы, сту-
дентке деген сезімі төмендігімен байқалады.
5. Рефлексивті-манипулятивті – оқытушы тұлғасына эго-
центрлік бағытталады, талаптарында және табысқа жетуде
қатаң, өзі жабық және өзін жоғары бағалаушы.
6. Авторитарлы-монологиялық – педагог рефлексиясының
төменгі сензитивтілігімен, оқушының көзқарасын, пікірін
елемейтін зорлауға бағытталған.
Егер стильдерді екі вариант деп қарастырса: "достық қаты-
нас" немесе "әзілдесу, ойнау, жарамсақтау", онда "педагог-
студент" диадасында тілдесудің төмендегі модельдерін бөліп
қарастыруға болады.
1. Диктаторлық модель "Момблан". Студенттерден бөлі-
ніп, педагогтық функция тек ақпараттық хабарлаушылықта
болады. Бұл модель салдары ретінде психологиялық диском-
форт орын алады немесе қатынастар тұтас ‰зіледі.
2. "Қытай қорғаны" моделі. Студентпен қатынас құрғысы
келмегендігі қатынастың әлсіздігінен байқалады. Қатынас тек
оқытушы статусын бекіту ‰шін ғана орнатылады.
3. Дифференцияланған көңіл бөлу моделі "Локатор". Сту-
денттерге таңдаулы қатынаспен айқындалауы к‰шті, әлсіз
студенттерге бағытталады. Қатынас бұзылған.
4. Монорефлексивті модель "Құр". Педагог өзіне тұйық-
талған, сөйлеуі монотонды, тыңдаушыларға реакциясы жоқ, өзін
ғана естуші.
5. Гиперрефлексивті моделі. Педагог оқушының ақпарат-
ты қабылдауымен қызығады, қатынастарға ‰лкен мән беріледі.
6. Авторитарлық модель "Мен өзім". Оқу процесінің
фокусы оқытушыда болады. Коммуникативті мінездің негізі
басым болады, нәтижеде оқушылардың ынтасыздығы дамиды.
7. Белсенді қарым-қатынас "Одақ". Бұл достық және
мажорлық көңіл к‰й қатынас моделі.
Достарыңызбен бөлісу: