113
басымдылық ишараты болады. Ал педагог аудиторияға ерініп
ауыр адымдармен кірсе, ол ‰й тапсырмасының орындалмаға-
нына ашуланғандығынан және т.с.с.
Оқытушының барлық вербальды емес құралдары поли-
функционалды және студенттік аудиториямен ақпаратты беру
сәтінде қарым-қатынасты өзгертуге бағытталады. Олар әрекетте-
суші субъектілердің өзіндік психикалық к‰йлерінің индикаторы
бола отырып, студент пен оқытушының психологиялық жақын-
дығын оптималды деңгейде ұстап тұруға м‰мкіндік береді және
вербальды ақпаратты т‰сінушілігінде анықтаушы рөл атқарады.
Педагогикалық процесс – оның субъектілерінің қызметін бас-
қару ж‰йесі, ол адам қарым-қатынасындағы белгілі тәжірибені, бі-
лімді, құндылықтарды тасымалдауға м‰мкіндік береді. Бірақ сту-
дентте, оқытушы да реалды педагогикалық жағдайда алынған ақ-
паратты, деректерді тасымалдай алу қабілетіне ие болуы қажет. Сон-
дықтан педагогикалық процестің әрбір субъектісінің
өзін реттеу
техникасын меңгеру қажеттігі туады. Оқытушының оның негіздерін
білуі – оның белсенділігінің "кәсіби к‰йі деп" аша білу м‰мкіндігі,
сонымен бірге тұлғаның б‰тіндей деформациялануын болдыр-
мауының кепілі болады. "Өзін реттеу" ұғымы адамның өзін оқыту,
өзін жетілдіру, өздігінен реттеуші ұғымдарынан пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: