135
болады. Бұның вербальданған бірнеше формасы бар: "Оны істеу
өте қажет", "Сіздің қолыңыздан келеді", "Мұнда қорқатын
ештеңе жоқ".
Енді бір кезең - табысты нәтижені аванстау. Мұндағы
вербальды формула: "… дәл сен бұл тапсырманы басқадан гөрі
жақсы орындайсың", "Бұл сен ‰шін т‰кте емес, бірақ болмай
қалса …", "Біз бәрімізде байқап көреміз, іздестіреміз …".
Нұсқау беру кезеңі – қи
мылды орындауға жасырын нұсқау
беру. Мұндағы вербальды формалар варианттары: "М‰мкін
мынадан бастаған дұрыс болар …?", "М‰мкін, алдымен, байқап
көрсек …", "Мына вариант табысты болар ма еді?…".
Мотивті енгізу кезеңі - студент жұмыс не ‰шін, кім ‰шін
орындалып отырғынын жақсы білуі қажет. Мұның вербальды
формулаларының варианттары: "Біз сенің табысқа жететініңе
өте сенеміз…", "Сен ғана біздің курстың намысын лайықты
қорғай аласың …".
Қорытынды баға кезеңі. Мұнда маңыздысы студенттің
жұмысынан жеке бір сәтін бағалау. Мұндағы вербальдаған
формула варианттары былайша болуы м‰мкін: "Атап айтқым
келеді …", "Бөліп қарастырған жөн …", "Маған ең көп ұнағаны
…", "Ең көп мақтауға тұратын …".
Табыс жағдайы жиі-жиі қуаныш к‰йімен ассоцияланады,
өйткені қызмет нәтижелері к‰ткеніңізбен сәйкес келеді. Кейде
бұл к‰тпеген жерден болады. Бұл жағдайда әлем басқа көзбен
көрінеді, ал қоршаған шындықты қабылдау және бағалау өзгеше
болады. Бақытты адам табиғаттағы және адамдардағы әдемілік
пен мейрімділікті көре білуге қабілетті, ал бұл оның басқа
адамдармен оңай қарым-қатынас құруына және әңгімелесуде
көңілшек қылады.
Достарыңызбен бөлісу: