Шеберлік негіздері



Pdf көрінісі
бет81/141
Дата13.03.2023
өлшемі1,54 Mb.
#73598
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   141
Табыс мән-жайы - қайсібір қызмет алаңында тұлғаның 
қызметінің барысында және нәтижесінде субъективті қабылда-
нылатын, тұлғалық даму контекстінде оған терең қанағат-
танушылық беретін жетістік. 
Психологияда "табысқа жетуді мотивациялау" және "табыс 
жағдайы" ұғымдары бар, ол адамның іс-қимылының нәти-жесінде 
жетістіктеріне қанағаттануы, өз еңбегінің жемісіне мақтаныш сезімі 
сияқты психологиялық жағдай. Табыс жағ-дайының негізін табысқа 
жетуді мотивациялау, яғни адамның өзін-өзі бекітуге ұмтылдыру, өз 
еңбегіне жоғары баға алуы. Табысқа жетудің кепілі жеке бастың 
м‰мкіндігіне сену "Сен істей аласың", - дейді оқытушы студентке; 
"Ол істей алады" - студенттер тобы т‰сінуі керек; "Мен істей 
аламын" - студент өзі-өзіне сенуі керек. 
Табыс жағдайын жасау алгоритмі. Бұл алгоритм бірне-
ше деңгейден тұрады [1]. 
Болашақ қызметке дайындау кезінде оқушының өзіне 
сенімін арттыруда "Қорқынышты алып тастау" сатысы 


135
болады. Бұның вербальданған бірнеше формасы бар: "Оны істеу 
өте қажет", "Сіздің қолыңыздан келеді", "Мұнда қорқатын 
ештеңе жоқ". 
Енді бір кезең - табысты нәтижені аванстау. Мұндағы 
вербальды формула: "… дәл сен бұл тапсырманы басқадан гөрі 
жақсы орындайсың", "Бұл сен ‰шін т‰кте емес, бірақ болмай 
қалса …", "Біз бәрімізде байқап көреміз, іздестіреміз …". 
Нұсқау беру кезеңі – қи
мылды орындауға жасырын нұсқау 
беру. Мұндағы вербальды формалар варианттары: "М‰мкін 
мынадан бастаған дұрыс болар …?", "М‰мкін, алдымен, байқап 
көрсек …", "Мына вариант табысты болар ма еді?…". 
Мотивті енгізу кезеңі - студент жұмыс не ‰шін, кім ‰шін 
орындалып отырғынын жақсы білуі қажет. Мұның вербальды 
формулаларының варианттары: "Біз сенің табысқа жететініңе 
өте сенеміз…", "Сен ғана біздің курстың намысын лайықты 
қорғай аласың …". 
Қорытынды баға кезеңі. Мұнда маңыздысы студенттің 
жұмысынан жеке бір сәтін бағалау. Мұндағы вербальдаған 
формула варианттары былайша болуы м‰мкін: "Атап айтқым 
келеді …", "Бөліп қарастырған жөн …", "Маған ең көп ұнағаны 
…", "Ең көп мақтауға тұратын …". 
Табыс жағдайы жиі-жиі қуаныш к‰йімен ассоцияланады, 
өйткені қызмет нәтижелері к‰ткеніңізбен сәйкес келеді. Кейде 
бұл к‰тпеген жерден болады. Бұл жағдайда әлем басқа көзбен 
көрінеді, ал қоршаған шындықты қабылдау және бағалау өзгеше 
болады. Бақытты адам табиғаттағы және адамдардағы әдемілік 
пен мейрімділікті көре білуге қабілетті, ал бұл оның басқа 
адамдармен оңай қарым-қатынас құруына және әңгімелесуде 
көңілшек қылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   141




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет