ФИЛОЛОГИЧЕСКАЯ 133 осы әрекеті табиғи, яғни ғылыми заңдылық, себебі жалпылама білімсіз
объективтік табиғи болмыс толық және әділ зерттелуі мүмкін емес.
А. Байтұрсынов ғылымның болмысты игеретін негізгі тәсіл екендігін,
жалпылама ұғымды, білімді анықтаған соң, оларды өзіне негіз тұтатындығын
өте жақсы түсінген, сөйтіп өз зерттеулерінде ғылымның тәсілділігін, ұғымның,
білімнің жалпыламалығын жоғары деңгейде пайдаланған. А. Байтұрсынов
қазақтың барлық сөзінің түбірі өзгермейтінін нақты мысалдармен дәлелдейді
де, «ғылыми ақиқат», «жалпылама ұғым» деген сияқты өткір терминдер
ұсынған. Бұлардан шығатын қорытынды – стилистика мәселесін ұлы ғалым
ақиқаттан гөрі ұғым деген өлшемге лайық деп тапқан. Ахаң тіл үш негізгі
қызмет атқарады: қарым-қатынас қызметі, хабарландыру қызметі,
әрекеттендіру қызметі,- деп жазады [1, 189 б.]. Осы үш қызметтің екеуі
(хабарландыру, әрекеттендіру) – ғылыми стильдің негізі болады. Яғни барлық
ғылыми стиль мәтіндерінде жаңа ғылыми дерек, заңдылық жайында хабар
болады. Және сол ғылыми дерек ереже, шарт, анықтама ретінде қолданылып,
олар ойға тілдің әсер ету (әрекеттендіру) функциясы арқылы жеткізіледі.
Ғылыми стильді лингвистикалық және экстралингвистикалық факторлар
қалыптастырады. Экстралингвистикалық фактор – ғылыми мәтіндердің
тілдік ұғымдардан тыс ұғымдарды, шарттарды сақтайтындығы, яғни
нақтылық, біройлылық, көркемсөздік, бейэмоциялық, жалпыламалық,
күшейтпеушілік, жекелендірмеушілік, объективтілік, әділдік, шындық сияқты
қалыптардан ауытқымауында жатыр. Барлық стильдің тілдік стандарттары
мен сыртқы құрылымдық стандарттары да болады. А. Байтұрсынов мәтіндерді
абзацқа бөлу, тиісті тіл материалдарын қатар-қатар орналастыру, іштей ұсақ
тараушаларға бөліп алу, ойдың желісін сақтау сияқты мәселелер жалпы
мәтіннің сыртқы құрылымдық стандартын қалыптастырады деп дұрыс
тұжырымдама ұсынған. Белгілі бір қаламгердің шығармасындағы тілдік
құбылыстарды қарастырудың негізгі бір саласы оның стильдік ерекшеліктерін
тану мәселесімен байланысты. Стиль категориясы тіл білімінің барлық
саласын қамтиды. Ол тілге де, әдебиетке де тән құбылыс болғандықтан,
жалпыфилологиялық ұғым. Әсіресе, әдеби стильді сөз еткенде, әрбір
жазушыға тән стильдің өзіндік ауқымы, дүниеге көзқарасы зерттеуге
тұрарлық нысан болып табылады. Жеке стильде тек тілдік жүйе ғана емес,
идеялық мазмұн да көрініс табады. Осыдан келіп әдеби стильдің
лингвистикалық стильден ажырайтын бір ерекшелігі шығады. Әдеби стильдің
көрсеткіші таңба, сөз, сөз тіркесі, сөйлем, жалпы мәтін бола тұрғанмен, олар
жаңа эстетикалық типтегі белгілі бір идеялық мағынаның көрсеткіштері.
Әдебиеттегі стиль мәселесі шығарманың идеялық мазмұнымен,
жанрлық-құрылымдық, поэтикалық тілімен байланысты болады.
Лингвистикалық тұрғыдағы стиль мәселесі де осылай саралауды, өзіндік
компоненттерді ажыратуды талап етеді. Алайда әдебиеттану жағынан да,