Түркі тілдері лексикасының басты ерекшелігі
1.Түбір сөздің ықшамдылығы
2.Өлі түбірдің пайда болуы – лексика тарихы этимологиямен байланысты
3.Осы күнгі түркі тілдеріндегі түбірлерді тарихи-салыстырма әдісімен қайтадан
анықтау
Түбір, түбір сөз деп тіл білімінде дербес морфемаларға бөлінбейтін, тұтас күйінде
ұғынылатын сөздің мағыналы бөлігі айтылады. Қазіргі қазақ тілінде тың, сауық
(сауық-сайран), қарт, қария, айт, кел, кет тәрізді әр түрлі грамматикалық кластарға
жататын сөздер түбір (жалаң түбір) ретінде танылады да, айтыс, келіс, кетіс,
қарттық, тыныш, сауықшыл тәрізді сөздер түбірлерден әр түрлі аффикстер арқылы
жасалғандар туынды түбірлер немес туынды сөздер деп қаралады. Алайда, қазіргі
тілдегі түбір (жалаң түбір) деп қаралатын, солайша ұғынылатын сөздерді өзара
салыстырғанда, олардың өз арасында да, кейбір алшақтықтар кездесетіндігі байқалады.
Қазақ тілінің, жалпы түркі тілдерінің, түбір морфемасы жайлы сөз қозғағанда, түбірдің
фонетикалық құрылысы мен сипаты, аумақ-көлемі жайлы мәселеге соқпай өту мүмкін
емес. Мәселе мынада: түркі сөздерінің түбір морфемасы бір буынды болып келеді.
Сөйтіп, түбір морфема екінші жағынан буын ретінде де ұғынылады. Сондықтан да
алғашқы түбір, негізгі түбір дейтін ұғымдар сол түбірді құрайтын буынның сипаты
жайлы ұғыммен тығыз байланысты қаралып отырады. Лексиқалық қордың ұйытқысы
бір буынды түбірлер болуы тек қана түркі тілдерінің емес, жалпы алтай тобына
жататын тілдердің ортақ ерекшелігі болып табылады. Бұл ерекшелік, яғни байырғы
түбірдің бір буындылығы, қазіргі түркі тілдерінің бойында да сақталған. Сөз таптары
ыңғайынан қарастырғанда, етістіктер құрамында бір буынды түбірлердің саны екі
буындыларға барлық етістіктердің ұйытқысы болып отырады.
Сонымен, байырғы түбір бір буынды, ал көп буынды түбірлердің қалыптасуы,
орнығуы түркі тілдерінің солардың бірі қазақ тілінің, типологиялық ерекшелігінен
туған құбылыс. Бір буынды түбірлер аффиксацияның нәтижесінде көп буындыға ( екі
бцуынды, кейде үш буынды)
Айналып отырған да, кейін осының өзі тұрақты құбылысқа ауысқан. Қазіргі тілде екі
буынды байырғы түбірлер ретінде қалыптасып кеткен сөздердің кейбірі байырғы түбір
мен қосымшаға ажырайтыны байқалады. Келтіріліген фактілерге қосымша мыналарға
да назар салу мақұл: аршы, ащы, айық, үрік тәрізді етістіктерді арық, ашшы, үркек
есімдеріменн және айыр етістігімен салыстырғанда, ортақ түбірлер ар-, аш-, ай-, үр-
шығады.
Дыбыстардың тарихи ауысулары арқылы өзгерген түбірлер қазіргі тілде дербес
күйінде емес, тарихи негіздердің құрамында ғана сақталғандығы да байқалады. Оның
бірсыпыра іздері қазақ тілінде де бар. Кейбір фактілер келтірейік: жақын, жуық –
соңғы –ық, -ың қосымша екі сөзге де негіз болған түбір жағ.
Қазақ тілінің оңтүстік говорында таға – нағашы аға мәнін береді. Көне түркі
жазбаларында да осы мәнде айтылған. «Тағай - дядя». Радлов сөздігінде бұл сөздің үш
түрлі фөнетикалық варианты берілген: таға, тағай, тай. Осы түбірдің негізінде
қалыптасқан мынадай күрделі сөздер кездеседі: тайеже – нағашы апа, тайеке –
нағашы аға. Соңғы сөздер құрамында таға сөзі фонетикалық өзгерістерге ұшырап, өлі
түбір ретінде қалып қойған. Өйткені қазақ тілінде тай дейтін дербес қолданылатын сөз
жоқ.
Дыбыстық өзгеріске ұшыраған кейбір түбірлер қазіргі тілде сыңар күйінде, яғни тек
қана туынды сөз құрамында кездеседі.Қазақ тілінде кездесетін мына тәрізді сөздерді
ескі мұра фактілерімен салыстыру біраз жайды аңғартады: шикі сын есімі көне түркі
тілінде йіе – сырой, иіг ет – сырое мясо. Қазақ тілінде шикі сын есімі, бұған қарағанда,
әрі туынды сөз (шиі - кі) әрі дыбыстық өзгеріске сөз соңы ғана емес, сөз басы да
ұшыраған: (й>ж>ш). Сонымен қатар, йілгі тұлғасы назар аударады. Арнаулы
қосымша арқылы сын есімге айналуы жаңа құбылыс болмаса керек.
Көне түркі сипатының түгелдей өзгеріп кетуін қазақ тіліндегі уқала етістігінен көруге
болады. Радлов «сөздігінде»: «оғ – ов – тереть, ел оғмақ – руки тереть, оғала -
растереть» деп түсіндіріледі де, тұсына «осман түріктері тілінде» деп белгі соғылған.
Қазақ тілінің қалыптасу заңдылығын ескертсек (оғ>у) уқала етістігі құрамындағы
ежелгі түбірдің ізі деп у (ұу) морфемасын ғана тану керек те, -қа,- ла – қосымшалары
деп қарауға толық мүмкіндік бар. Соңғы қосымша қазіргі тілде де есім түбірден етістік
жасайтын актив қосымша, ал алдыңғы қосымшаны (-қа) қысқа, қолқа тәрізді сөздер
құрамындағы –қа аффиксімен бірдей деп қарауға болады.
Қайғы зат есімі қазіргі қазақ тілінде бөліп жаруға келмейтін түбір ретінде
қолданылады, айтылады. Туынды етістік бұл түбірден –лан (-ла+н) аффиксі арқылы
жасалады. Оның тарихи құрандылығын аңғартатын элемент соңғы - ғы. – ғы көне,
жаңа түркі тілдерінде етістік түбірге қосылып, есім тұлғасын жасайтын аффикстердің
бірі екендігі белгілі. Радлов «сөздігінде»: қай – покрываться облаками. Көне түркі
тілінде: (қадз – буран, вьюга, метель, пурга; қадағу – печаль, горе, скорбь; қадзғұр –
горевать, тоскавать, печалиться).
Туынды түбір құрамында сақталып, жаңа сөз жасау қабілетінен айрылған көне түбірдің
бірі – үміт зат есімінің құрамынан кездеседі. Көне түркі тілінде ум – надеяться,
ожидать, умду – желание, надежда, умақ – возможность, умамақлығ –
невозможный, недоступный, умынч – надежда, умуғ – надежда. Сонымен қазақ
тіліндегі үміт тарихи тұрғыдан үм түбірі мен –т қосымшасына ажырайды. Соңғы
қосымшаны қарт сын есімнің құрамындағы –т мен салыстыруға болар еді. Қазіргі
тілде байырғы түбірлер деп қаралатын біраз сөздердің құрамын салыстыра талдағанда,
олардың қайсысы да ежелгі түбір (қазір өзінің мағыналық, грамматикалық дербестігін
жоғалтқан) мен қосымшаларға ажырайтыны байқалады.
Көне түркі материалдарын, қазіргі кейбір түркі тілдерінің фактілерін барласақ, қазақ
тіліндегі секір етістігі де ежелгі түбір мен –р қосымшасына ажырайтындығын көреміз:
« сек – прыгать, подпрыгивать, быстро идти». Түсініктемеде «Құдатғу білігке»
сілтеме берілген. Сонымен қатар, осы түбірдің туынды тұлғасы – секрт беріліп,
« прыгать, скакать» деп анықталады. Радлов осман түріктері тіліндегі сек етістік
түбірін «1. скакать как птица, 2. скоро ходить» деп түсіндірген (ІҮ т. 1-б.). Қазақ
тіліндегісекең ( секең-секең етті, секеңдеді) осы түбірден жасалған есім тұлғасы екені
анық.
Қазіргі қазақ тілінде –н қосымшасымен қалыптасқан сөздер де үлкен топ. Бұл тұлғалы
сөздерге негіз болған түбірлердің біразы қазіргі тілде өз дербестігін сақтамай, тарихи
туынды түбір құрамында ғана қалуы мүмкін. Б. Юнусалиевтің белгілі зерттеуінде осы
аффикс арқылы қалыптасқан 7-8 түбір сөз келтіріледі. Олар, Б. Юнусалиевтің
көрсетуінше, мыналар: келін, сауын, сан, жалын, құйын, жақын, жуан. Б. Юнусалиев
этимологиясын негізінен қостай отырып, кейбір жерлерде дәлдік қажеттігін айтпасқа
болмайды. Қырғыз тіліндегі жоон, қазақ тіліндегі жуан бір ғана түбірдің екі түрлі
фонетикалық варианты екені айқын. Көне түркі тілінде осы мәндес сөздің үш түрлі
варианты кездеседі: йаған, йоған, йоғун. Сонымен қатар, көне түркі тілінде де етістік
осы есім тұлғаларынан арнаулы аффикс арқылы жасалған: йоғунад (жуанда). Мұның
бәрі жуан есімі қоюлану мәнін беретін йоғ түбірі негінде қалыптасқан дейтін пікірді
дәлелдемейді.
Сонымен, түбірлердің дамуын оның тарихи өзгерістерінен бөліп алып қарауға
болмайды. Түбір сөз құрамындағы фонетикалық өзгерістерді ескермей тұрып, оның
даму ерекшеліктерін білу мүмкін емес. Фонетикалық өзгерістердің нәтижесінде: а)
көне түбір тарихи негіздің құрамында ғана сақталады, ә) көне түбір дербес те, тарихи
негіз құрамында да қолданылуы мүмкін. Соңғы жағдайда бүкіл сөз құрамының
көнеруіне байланысты оның дербес қолданылатын тарихи сыңарымен бірдейлігін
салыстыра талдау арқылы ғана байқауға болады, б) көне түбірдің тарихи өзгерісін
анықтау үшін дыбыс өзгерістерінің түрлерін айқындау керек.
Түбірлердің фонетикалық сипатының өзгеруі тілдің даму барысында олардың
көнеруіне себеп болады. Фонетикалық өзгеріске ұшырап, семантикалық жағынан
көнерген түбірлер көбіне қосымшалармен біріккен түрде орнығып қалады. Мұндай
негіздер екі түрлі. Кейде байырғы түбір де, қосымшасы да өз дербестігін жоғалтқан,
кейде түбір дербестігін жоғалтқанмен, қосымша қазір де актив, немесе керісінше түбір
дербестігін сақтаған, қосымша «өліге» айналып кеткен.
Достарыңызбен бөлісу: |