1-дәріс. Жазудың пайда болуы мен дамуы. Жазудың маңызы мен қызметі



Pdf көрінісі
бет15/26
Дата19.03.2023
өлшемі1,13 Mb.
#75463
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26
Байланысты:
1-д?ріс. Жазуды? пайда болуы мен дамуы. Жазуды? ма?ызы мен ?ызме

 
8-дәріс. Араб жазуының шығу тарихы. Араб жазулы ескі қыпшақ ескерткіштері 
 
Арабтар бүкіл парсы жерін күшпен ислам дініне бағындырды да, түркілерді 
бағындыра алмады. Енді арабтар миссионерлік әдіспен ислам дінін уағыздауға кірісті. 
Қарахан дәуірінің ханы Қара бура хан (10-ғасыр) ақыры ислам дінін өз еркімен 
қабылдады. Сөйтіп түркілер өз еркімен ислам дініне көшті.
Ислам дінінің енуіне байланысты ІХ-Х ғасырлардан бастап түркі халықтары 
арасында тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне 
сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де 
қолданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл 
деп есептеледі. Сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың құқы 
болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс 
жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі 
халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп 
келді. 


Дінмен бірге Құран-кәрім кітабы, араб әліпбиі келді. Зейінді түркілер тілімізге жат 
бұл әліпбиді де меңгеріп алды. «Құтадғу білік», «Диуани лұғат ит-түрк» т.б. жәдігерлер 
жазылды. 
Араб жазуы оңнан солға қарай көлденең жазылды. Консонантты дыбыстарға 
негізделген. Жазғанда тек дауыссыз дыбыстар ған жазылады да, дауыстылар әртүрлі 
қарекелер (аст-үстіне қоятын қосымша таңбалар) арқылы оқылады. Араб жазуының алғаш 
келген жазуы қадым жазуы деп аталды. Ол тым қиын болғандықтан оңайландырылған 
түрі жадит қолданылды. 
Арабтар дүние жүзіне тек дінді ғана таратып қоймай, сонымен қатар, тілі мен 
алфавитін де таратты. Мұсылман діні дүниенің қайсыбір бөлігіне келетін болса, сол жерге 
араб тілі мен жазуы да еніп отырған. Сол себептен, араб тілі Солтүстік Африка мен Таяу 
Шығыс елдері үшін мемлекеттік және ана тілі болып қалыптасып кеткен. Ислам дінін 
қабылдаған елдерде араб тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болмаса да, ол діни тіл 
ретінде қолданыста болды. Құран, араб тілінде жазылғандықтан, діннің шарттарын 
орындау және күніне бес уақыт намаз оқу тек араб тілінде жүргізілуі керек болатын. Осы 
себептен араб тілін қазіргі таңда Атлантика жағалауындағы Мавританиядан, Солтүстік 
Африкадан, көптеген Азия елдері мен Қиыр Шығыстағы Индонезия мен Филиппиннен 
естуімізге болады. Қытайдың өзінде (мұсылман тұрғындар саны 40 миллион адамды 
құрайды) және Орталық Азиядағы бірқатар ТМД елдерінде араб тілін Шахаданы, 
сүрелерді және қасиетті Құран Кәрімді декламациялаған (лат. declamation – мәнерлеп оқу 
өнері ) кезде естуімізге болады. Ал енді біз сөз етпек болып отырған араб жазуы, осы 
дыбыстық жазу түріне жатады. Тілдердің генеалогиялық классификациясы жағынан 
топтастырылуына қарасақ, араб тілі семит- хамит тілдер тобына жатады. Бұл топқа араб 
тілімен бірге тигре, тигран тілдері және өлі тілдерден аккад, еремей, финикия т.б. тілдері 
жатады. Араб жазуына жатпайтын көптеген тілдер жазуының негізінде араб алфавиті 
жатыр. Нақты айтатын болсақ, араб графикасын Иран тілдері қолданып келеді – парсы, 
пушту және афган; түркі тілдері – Түркі Оттоман империясы және басқа да 
Әзірбайжандағы, Кавказдағы, Түркістандағы және Қытайдағы түрік диалектілері. Үнді 
және Малай түбектеріндегі тілдер – Үнді елінің урду мен ежелгі малай тілдері; Коморо 
мен Мадагаскар аралдарының тілдері; Солтүстік Африкадағы тілдер – бербер тілі; орта 
ғасырларда жазылған Испан әдебиеті; Славяндық Европада – мысалы, хорват тілі; Африка 
материгінің қара нәсілді адамдарының тілдері – банту тобы. Олар Чад өзенінің 
жағалауында таралған суахили, судандық хауса, пель тілдері. Ал араб жазуы, ежелгі 
Вавилонда б.з.б. 2000 жыл аккад, шумер тайпаларының жазба әріптері негізінде пайда 
болған. Осы жазу негізінде одан кейін б.з.б. 4000 жылдықтың орта шенінде Египетте 
ежелгі египет жазуы пайда болды. Одан кейін, б.з. II ғасыр шамасында Арабияда, арамей 
жазуы негізінде жасалды. Ал осы арамей жазуының өзі б.з.б. 1000 жылдық басында 
финикия жазуы негізінде пайда болды. Көне жазудың бір түрі ол бірыңғай дауыссыз 
дыбыстардан тұрады. Әр дауыссыздардан кейін дауысты дыбыс қосылып оқылады және 
оңнан солға қарай жазылады. Осы жазу негізінде араб, еврей, моңғол жазулары дамыған. 
Исламға дейінгі кезеңде араб жазуының мынадай даму кезеңдері болған: 1. Белгілі бір 
заттың бейнесіне негізделген идеографиялық кезең. 2. Жазудың негізі көркемдік таңбаға 
негізделетін таңбалық (период символики) кезең. 3. Адамзаттың алғаш рет алфавитке 
деген жасаған қадамы. Көркемдік буындар сөздерді құрап отырған. 4. Белгілердің 
суреттері алфавит үшін суреттердің атауларынан алынған дыбыстық кезең. 5. Ежелгі 
Шумерде алғашқы алфавиттың негізін салған белгілерді ойлап тапқан – алфавиттік кезең. 
Қазіргі таңда араб алфавиті 28 әріптен(қосымша әріптер араб жазуын қолданып жүрген 
Иран және Пакистан тілдерінде кездеседі) тұрады. Ол әріптердің әрқайсысы бір-бірінен 
формалары өзгеше 4 формаға дейін ие болады. Мысалы, «айн» (“ع (“әрпін алатын болсақ, 
онда оның жазылуының төрт түрі болады. Жекеше (“ع ,(“сөз басында (“ع ,(“ ортасында (“ع 
(“және соңында (“ع (“ формалары. Ағылшын және басқа да Европа елдерінде қолданып 
жүрен алфавиттен бірден-бір ерекшелігі – жазу жолы оңнан солға жазылады. Тағы бір 


ерекшелік, ол араб жазуы сәндік және көркем шығармашылық стильде қолданып келеді. 
Латын немесе қытай және жапон жазуларының мұндай қасиетке ие болмайды деп кесіп 
айтуға, әрине, болмайды. Соның өзінде де, жазудың баспа түрі пайда болғанынан кейін, 
каллиграфия (тура мағынасы «керемет және шебер жазу өнері») ағылшын және басқа да 
Европа тілдерінде тек арнайы құжаттар мен ерекше бір кездерде ғана қолдана бастады. 
Соның әсерінен оның мәртебесі ақырындап екінші орынға ығыстырылды. Араб алфавитін 
қолданып жүрген елдерде, каллиграфия тек арнайы құжаттарда емес, сонымен қатар басқа 
да көптеген көркемдік мақсаттарда қолданып келеді. Осыған себеп болған, нәрсе көптеген 
еңбектердің араб жазуымен жазылуы. Қолмен жазудан баспа жазуына көшу араб 
елдерінде бірнеше жүзжылдықтарға созылып келді. Араб әлемі кітаптар (әсіресе Құран) 
мен құқықтық және басқа да құжаттарды тек қолмен жазуға машықтанып алған. Араб 
жазуының дамуында басты бағыт, каллиграфия мен көркем қолжазба формаларына 
негізделген, ал Батыс елдерінде баспасөз бірінші орында тұр /1, 59-60/. Көркем 
каллиграфия дамуының ең басты себептерінің бірі – діни негіздерге сүйенуінде. Ислам 
дінінде біз білетіндей тірі жандарды бейнелеуге болмайды, себебі адам баласы «әл-Халик» 
(الحالق» (әл- Бәри» (Жаратушы) және «әл-Мусаууир» (Кейіп беруші) Алла тағаламен тең 
келе алмайды. Тағы бір айта кететін жайт, алғашқы мұсылман қауымдастығы тек қана 
сурет салу өнеріне қарсылық көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар кей жағдайларда бүкіл 
өнер атаулының барлығынан да бас тартып отырды. Олардың пайымдауынша, өнер – 
қауымды Құдайға бас июінен алшақтатады және Мұхаммад (с.а.с) пайғамбар уағыздаған 
Ислам дініне қарсы қояды. Ислам құқықтық мектептерінің барлығы да: «Қандай да бір 
суретші белгілі бір мүсінді қағаз бетіне түсіретін болса, онда ол ахирет күнінде жазаға 
тартылатын болады» деп жария еткен. Сонымен қатар Ирандағы шейіттер Суннаның 
хадистерін мойындамайтындықтан, оларда миниатюралар салына берген. Тірі жанның 
бейнесін салуға тыйым салынады деген хадис Құран Кәрімнің 22 сүре, 73 аятына сілтеме 
жасау арқылы пайда болған. Онда былай делінеді: «Әй адам баласы! Бір мысал келтірілді. 
Енді соған құлақ салындар: Сендердің Алладан өзге табынғандарың, барлығы жиылса да 
әсте бір шыбын жарата алмайды. Сондай-ақ егер шыбын олардың бір нәрсесін алып 
қашса, одан оны құтқара алмайды. Өйткені, іздеуші де ізделген де нашар» /2, 341/ 
Осылайша, сол күндерден бастап, енді сәндік және ою-өрнек өнері қарқынды түрде дами 
түсті. Адамдар мен жануарлар бейнесін салуға тыйым салынғаннан бастап, көп жағдайда 
суретшілер енді сол кезден бері танымал болған арабескалар (негізінде қатаң 
геометриялық формалар немесе жапырақтардың не гүлдердің суреттері болатын 
композициялар) салу немесе каллиграфия өнеріне бет бұрды. Араб каллиграфиясының 
мақсаты енді біраз өзгере бастады. Дәстүр бойынша, араб жазуы тек Құран Кәрімнің (араб 
жазуының алғашқы және бірнеше жүзжылдықтарға созылған мақсаты) нұсқаларын 
көбейту емес, алуан түрлі көркемдік мақсаттарда қолданылды. Мысал келтірсек, 
фарфорда және металдан жасалған бұйымдарда, кілемдерде және басқа да тоқыма 
бұйымдарда, тиындарда және сәулет ою-өрнектерінде ең бастысы, мешіттерде және 
қабірлерде, бірақ бертін келе кез келген басқа да ғимараттар мен құрылыстарда қолданған. 
Араб каллиграфиясының гүлденген кезеңі Дамаскідегі Омейад халифаты кезеңіне сай 
келеді. Сол кезеңде хаттаттар бұрынғы салмақты және қалың куфи жазуын жаңартумен 
айналысты. Сонымен қатар, курсивті насх жазуынан шығатын басқа жа стильдерді ойлап 
шығарған. Енді Аббасидтер тұсында, алғаш рет мұсылман каллиграфиясын арнайы 
жүйеге келтіру туралы ой туады. Х ғасырдың бірінші жартысында Аббасидтердің уәзірі 
Ибн Муқла куфи жазуының формалары мен пропорцияларын, жазылу техникасын 
біржолата аяқтаумен қоса, араб каллиграфиясының стильдерін негізгі классикалық алты 
түрге бөліп кеткен. Оны «араб каллиграфиясының алтылығы» деп атаймыз. Оған мыналар 
жатады: насх (осы жазудан көптеген басқа курсивті жазулар тараған), сульс (насхтың 
едәуір курсивті түрі), райхани (сульстің оюменен мол безендірілген түрі), мухаққақ (қою 
және кең диагональ сызықтары бар жазу түрі), тауки (құрамында сульстің элементтері 
кездесіп, әріптерінің барлығы бір-бірімен байланысып жатады), руқға немесе риқға 


(қазіргі кезде көптеген араб елдерінде қарапайым күнделікті өмірде қолданылып жүрген 
жазудың түрі). Осы классикалық алты жазу түріне арқа сүйеп, Иран, Түркия және араб 
елдерінде оларға ұқсас жаңа жазу түрлерін ойлап шығарған. Мысал үшін, Иранда көрнекті 
және салмақты тағлиқ атты жазуды ойлап тапқан. Оның ерекшелігі, көлденең сызықтары 
созылыңқы, ал парақтағы жазылуы белгілі бір бұрышқа байланысты. Осы жазудың 
арқасында оқуға жеңіл келетін насх және тағлиқ жазуларының элементтеріне сүйеніп, 
настағлиқ стилі қалыптасты. Оттомандық каллиграфия ең үздік көрсеткіштерге ие болды. 
Оттомандық каллиграфтардың соншалықты әйгілі болғандығы, олар туралы мынай сөздер 
айтылған: «Құран Кәрім Меккеде ашылған, Египетте оқылған, Стамбулда жазылған». 
Түрік каллиграфтары арабтардан қалған мұра ретіндегі жазу стильдерін дамытып, оларға 
жаңалық қосқандарымен қатар, өздерінің шығармашылықтарынан тың жазу стильдерін 
ойлап шығарған. Оттомандық түріктердің тағыда бір еңбегі – ол туғра (الطغراء (мағынасы 
монограмма немесе вензель (wezel /поляк/– түйін). Бір-бірімен ою түрінде байланысқан 
адамның атының не фамилиясының бас әріптері. Бұл жағдайда сұлтандардың есімдерін 
Оттомандық императордың жарлықтарын растау үшін жазып отырған. Сәл кешірек, 
туғраны тек Түркия билеушілері ғана емес, сонымен қатар араб билеушілері де өз аттарын 
европалық патшалар секілді тиындардың және мөрлердің артқы бетіне салып отырған, 
бірақ европалық патшалар көп жағдайда мемлекетінің елтаңбасын салып отырған. 
Сонымен қатар ислам дәуірі басталғанда, яғни VII ғасырда ең алғашқы шрифттің төрт 
бұрышты формадағы түзу геометриялық шрифттер ол куфилық (ирактағы Куфа 
қаласының атауымен) аталады. Ол жазу құранның қолымен жазылған алғашқы 
көшірмелерінде және ислам империясының алғашқы жылдарында сәулеттік 
құрылымдарды безендіру үшін пайдаланылған. Бұл жазуды енгізген Хазрет Али болатын. 
Бұл куфи жазуын Мұхаммад Пайғамбарымыз (с.а.с) «дүниедегі білімнің жартысы» деп 
атаған. Ең алғашқы жазуды шығарған Хазрет Али болғандықтан, кейінгі басқа араб 
жазуын ойлап шығарған шеберлердің түсіне Али кіріп аян берген делінеді. Мәселен, XIV 
ғ. аяғында атақты Хусни хатшы Мира Әли Тебризи «насх» пен «таликтің» қосылған түрі 
«насталик» жазуын жасайды. Аңыз бойынша Мир Әли Тебризидің түсіне Али кіріп аян 
берген екен «Ей, Алланың құлы! Үйректің пішініне назар сал да, жаңа бір жазудың түрін 
жаса», деген екен. Мир Әли: «О, Алланың сұлтаны! Кәдімгі үйректің сыртқы түріне қалай 
жазу ойлап шығаруға болады?», деп сұрағанда, Әзрет Әли: «Үйректің көзіне, тұмсығына, 
мойнына қара, олардың қалай иіліп дөңгелегеніне назар сал, жазуды сондай қыл!» дейді. 
Көркемдік араб жазуында о бастан ақ бар болған ерекшелік. Егер Еуропа алфавиттерінің 
әріптері негізінен көлемі жағынан бір келкі болып, бір жол бойына жазылса, ал араб 
әліпбиінің әріптері көлемі жағынан әртүрлі. Олардың ені, биіктігі, ұзындығы әркелкі 
болып келеді. Сонымен қатар, куфи жазуы X ғасырға дейін қолданыста болып келді. Осы 
кезде бұл жазу дәрежесін өте жоғары бағалады. Сонымен, X ғасыр келгенде араб 
жазуының дөңгеленген формалардан құралған нұсқалары пайда болды. «Насх», «сульс», 
«мухаккак» деп аталатын түрлері, бұл ағайынды каллиграфтар Әли мен Абдулла ибн 
Муқлалар X ғасырға дейін ойлап шығарған. Мұсылман каллиграфиясы – бұл әрі сәндік, 
әрі көркемдік өнердің түрі. Кейбір жағдайларда, мұсылман каллиграфиясы өзінің 
бастапқыда білдіретін мағынасын жоғалтып, ою-өрнекке айналып кеткен. Араб жазуының 
эволюциясының арқасында әріптердің формалары үлкен өзгеріске ұшырады. Ол 
көркемдік тенденциялары мен араб-мұсылман қауымдастығындағы эстетикалық 
ықпалмен анықталған. Жазудың эволюциялануының бірден-бір болған факторы – ол 
графикалық жазудың көркемдік формаларға ассимиляциялануы. Белгілі бір жазу түрін 
белгілі бір кезеңде қолдану – нақты бір ортаның талап етуімен белгіленіп отырған. 
Осындай алуан түрлі талаптардың әсері нәтижесінде жаңа каллиграфиялық стильдер 
пайда болды. Араб жазуымен қандай да бір нәрсе байланысты болатын болса, онда ол 
өзінің діни шарттылығымен мұсылман әлемінде ерекше статусқа ие болып отырған. 
Материализация және Пайғамбардың Жолдауының құралы болып, жазу, Құран мәтіндерін 
толыққанды зерттеп, терең және нақты түсінуін талап еткен. Осы жағдайдың барлығы 


Құран мәтіндерін зерттеуге және жаттауға жол ашқан. Араб-мұсылман империясының 
сакральді және мәдени тілі ретінде, араб тілі қарқынды түрде Араб түбегі 
территориясынан тыс басқа елдерге тарала бастады. Жаулап алынған жерлерде араб тілі 
және жазуы өзіне дейінгі жергілікті жазу-сызу жүйелерін шетке ығыстырып, ауыстырды. 
Жазудың таралуы сонымен қатар, араб графикасын шет елдің тіліне енгізу болды. Сайып 
келгенде, каллиграфиялық стильдердің дамуы жергілікті мәдени, ұлттық ерекшеліктердің 
және араб тілінің экспансивті дамуының нәтижесінде жүзеге асты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет