2. Ақпаратты сақтап отыру қажеттілігі туындады. Қасыңда жоқ адамдарға белгілі бір
хабарды, ақпаратты жеткізіп отыру қажет болды, мәселен,
мен аңға
кеттім немесе
орманға кеттім деген сияқты.
3. Адам
эволюциясымен
байланысты.
Ақыл-ойы
мен
санасының
өсуі
шығармашылықтың пайда болуына әкеп соқты. Алғашқы жазудың түрі —
пиктограмма әрі жазу, әрі сурет өнері ретінде синкретикалық байланыста болды.
Бір-бірінен жазудың келесі түрлері пайда болғанда ажыратыла бастады.
Адамзат баласы тарихында бізге белгілі жазудың 4 түрі бар: пиктографиялық жазу,
идеографиялық жазу, буын жазуы және әріп жазуы. Енді осыларға жеке-жеке тоқталайық.
Негізгі бөлім
1. Пиктографиялық жазу. Мұны кейде сурет жазуы деп те атайды. Латын тілінде «pictus»
— боялған, сурет, grapho — жазамын» деген мағынаны білдіреді. Адамзат баласының
тарихындағы ең алғашқы жазудың түрі. Шамамен пайда болу уақыты — неолит дәуірі. Ең
алғаш полисинкретикалық тілдер (Америка үндістері, прокездер, ацтектер т.б.) қолданған.
Бұл жазудың негізгі таңбалары пиктограммалар деп аталды. Пиктограмма — ол көбінесе
нысанның, заттың немесе құбылыстың аса танымал белгілерін сызба түрінде көрсететін
белгі. Мысалы:
Ерлер мен əйелдер бейнесінің сызбасы (Испания жəне Оңтүстік Франция үңгірлерінен
табылған)
Пиктографиялық жазу әуел баста сурет өнері ретінде пайда болып, қосымша
коммуникацияның құралы ретінде де жұмсалды, яғни уақыт өте келе сурет өнерінен
шартты түрде жиі қолданылуымен, белгілі бір мағынаға ие болуымен ажыратылды.
Адамдар садақтың суретін салу ретінде әрі садақты, әрі аңға шығу деген ойды білдірген.
Пиктографиялық жазудың артықшылығы: қазіргі жазудың негізгі қайнар көзі болды;
әртүрлі тілде сөйлейтін адамдар қабылдай алды.
Кемшілігі: 1) жазудың ең алғашқы әрі жабайы түрі болғандықтан алғашқы ойды барлық
адам бірдей түсіне алмады (ағаштың суреті ағаш па, жоқ әлде мен орманға кеттім бе т.с.с.
түсініксіз болды); 2) ойды бөлшектеп бере алмады (жанды дегенді адамның не
жануардың, затты садақтың немесе қайықтың суретімен беру); 3) дыбысқа негізделмеді
(сурет болғаннан кейін); 4) сурет өнерінен ажыратылмады (әуел баста әрі сурет, әрі жазу
қызметін атқарды).
Достарыңызбен бөлісу: