3-модуль. Акт құралдары 1



Pdf көрінісі
бет11/33
Дата21.03.2023
өлшемі1,62 Mb.
#75640
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Байланысты:
КашыктанИнфОкыту (1)

Қатысушылар саны 
Экранды көрсету 
Құны 
Шектеусіз 
Иә 
Тегін
 
 


#шебердіңқолыалтын 
3-модуль. АКТ құралдары
15 
https://apps.google.com/meet/ 
GOOGLE MEET 
Google Meet (бұрынғы Hangouts Meet) – кез келген көлемдегі 
компанияға 
үйлесетін 
және 
бейнеконференциялар, 
қашықтан 
әңгімелесулер, вебинарлар, виртуалды тренингтер, қашықтан сұхбаттар 
өткізуге мүмкіндік беретін Google Hangouts платформасының бизнеске 
бағытталған нұсқасы. 
Бастапқыда 
бұл 
өнім 
бизнеске 
арналған 
қорғалған 
бейнеконференциялар сервисі ретінде құрылған. Қазір ол мүлдем тегін 
және барлығына қолжетімді. 
Жеке тұлғалар Google Meet-ті қорғалған бейнекездесулерді өткізу 
үшін тегін пайдалана алады. Ұйымдар Meet-тің кеңейтілген 
мүмкіндіктеріне, сондай-ақ Google Дискке, бизнеске арналған 
Құжаттарға, Кестелер мен Таныстырылымдарға қол жеткізу үшін G Suite 
Essentials-ты қолдана алады. 
Шақырылған қатысушылар онлайн-бейнеконференцияларға өз 
компьютерлерінен кез келген заманауи браузердің көмегімен – қосымша 
БҚ (бағдарламалық қамту) қондыру қажеттілігінсіз қосыла алады. Ал 
ұялы құрылғыларда Google Meet қосымшасын пайдалануға болады. 
Google Meet мүмкіндіктері: 
Шектеусіз кездесулер саны 
Барлығымен – әріптестермен, оқушылармен, студенттермен, 
қаншалықты қажет, соншалықты байланыста бола аласыз. 
Кездесуге 100 қатысушыға дейін шақыруға болады. Егер сіз Google 
Meet-тің тегін нұсқасын қолданып жүрсеңіз, қауіпсіздік мақсатында 
өзіңіз шақыратын әрбір адамның кездесуге қосылуы үшін өзінің Google 
аккаунтына кіруі қажет болады. 
Корпоративтік іс-шараларды трансляциялау 
Іс-шараларды, мысалы, оқушылардың, педагогикалық ұжымның 
жалпы жиналысын тікелей трансляциялап өткізуге болады. Оларды 
сіздің доменіңізден бір мезгілде 100 000-ға дейін қолданушы қарай 
алады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет